Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Арнайы коррекциялық ритмиканың принциптері қандай?
2. Коррекциялық жұмысты нәтижелі жүргізу үшін қандай мсәліметтер қажет?
3. Коррекциялық ритмика әдістерінің түрлері қандай?
4. Арттерапия дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері (оқу құралы) – Алматы 2014.
2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - Москва. Генезис, 2000.
3. Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001.
3-дәріс. Тақырыптың аталуы: Жалпы дидактикалық принциптер
Дәріс жоспар:
1. Жалпы дидактикалық принциптер
2. Спецификалық принциптер
Жалпы дидактикалық принциптер.
Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Жалпы дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды. Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принціптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал – тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтіжелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принйіптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтіжелі болары сөзсіз.
Жалпы дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларды оқытудың мақсаты сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен – бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған жалпы дидактикалық принциптер жүйесі:
ғылымилық;
саналық пен белсенділік;
көрнекілік;
жүйелік пен бірізділік;
беріктілік;
тиімділік;
теория мен тәжірібесін байланыстылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |