1 дәрістің тақырыбы



бет3/4
Дата21.11.2019
өлшемі94,86 Kb.
#52237
1   2   3   4
Байланысты:
1 дәрістің тақырыбы


Дәріс тақырыбы: Заттың көлемі туралы және шамаларды өлшеу туралы түсініктерді қалыптастыру

Дәріс мазмұны:

  1. Екінші сәбилер фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

  2. Ортаңғы тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

  3. Ересектер тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру


Екінші сәбилер фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

Бұл топта дидактикалық материал ретінде бағдарламалық жаттығуларды жүзеге асыру үшін геометриялық фигураларды қарапайым жазық (шеңбер, шаршы) түрлі түсті және пішінді үлгілер қолданылады. Бұл кезеңде балалардың қабылдауын дамыту маңызды, оларда түрлі геометриялық фигуралар туралы түсінігін жинақтау, оларға дұрыс атау беру.

Шеңбер мен шаршы геометриялық фигураларын жаттығуларда балаларға және дұрыс айтуға үйретеді. Әр фигураны басқа фигурамен салыстыруда түсінеді. Бірінші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды фигураларды көріп сипап сезу арқылы және олардың аттарын меңгеруге үйрету.

Тәрбиеші фигураны көрсетеді атайды, балаларды дәл осындай фигураны алуды өтінеді. Сосын педагог берілген фигуралармен балалардың іс-әрекетін жүзеге асырады: шеңберді айналдырады, қойып қояды, шаршыны қойып, айналады ма екен қарайды. Балалар ұқсас іс-әрекеттерді басқа түстегі және көлемдегі заттармен орындайды.

Қорытынды ретінде фигураларды танып, атауға екі-үш жаттығулар беріледі («Мен оң қолымда не ұстап тұрмын,ал сол қолымда?»; «Қонжыққа шеңбер, сайқымазаққа шаршы бер»; «үстіңгі жолаққа бір шаршы, ал астыңғысына көп шеңбер қой» және т.б.).

Келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде балаларда геометриялық фигураларды ажырату білігін және дұрыс атау біліктерін бекіту мақсатында жаттығулар жүйесі ұйымдастырылады:

а) үлгі бойынша жаттығу таңдау: «Тура осындайын бер (алып кел, көрсет, қой)». Үлгіні қолдау вариативті бола алады: фигураның пішіне ғана екпін қойылады, оның түсі мен көлеміне мән берілмейді; белгілі бір түстегі, пішіндегі фигуралар және белгілі бір түс пен көлемдегі фигуралар қарастырылады.

б) Сөз бойынша жаттығу: « Шеңберді бер (бер, жина, қой)» және т.б; жаттығу нұсқаларында фигуралардың түсі мен көлеміне байланысты таңдауға бағыт көрсетілген;

в) дидактикалық және қозғалмалы ойын түріндегі жаттығулар: «Бұл не?», «Керемет қап», «Не жоқ?», «Өз үйіңді тап» және т.б.

Ортаңғы тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

Бес жасқа келген балаларда бәрінен бұрын дөңгелек пен шаршыны ажырату және дұрыс атау білігін бекіту, содан кейін үшбұрыш. Бұл мақсатпен ойын жаттығулар өткізіледі, онда балалар фигураларды түсі мен көлеміне қарай топтастырады. Көлемі мен түсі өзгереді, ал пішінінің белгілері өзгеріссіз қалады. Бұл фигуралар туралы қорытындылау білігін қалыптастыруға көмектеседі. Балалардағы геометриялық фигуралардың әр түрлі көлемде болатынын анықтау, оларға белгілі геометриялық фигураларды көрсету( кестеде, фланеграфта немесе жинақ кенеп). Олардың әрқайсысынан балалар үлкен және кіші ұқсас фигураларды таңдайды. Фигуралардың көлемін салыстыру арқылы (визуалды немесе бірінің үстіне бірін қою), балалар фигураларды пішіні бойынша бірдей, ал көлемі бойынша әртүрлі екенін анықтайды. Келесі жаттығулада балалар үш фигурадан әр түрлі көлем бойынша өсу және кему ретімен жинақтайды.

Жеке конверттарда жатқан фигураларды балаларға қарауға ұсыну, не үшін қажет, бірдей пішіндегі және кімде қанша екенін атып беруді ұсыну.

Келесі жаттығуларда балалар әртүрлі фигураларды алады. Олар фигуралардың жиынын сараптап, кімде қанша және қандай фигуралар екенін анықтау. Сонымен бірге балаларды мақсатты түрде жаттықтыру, фигуралардың санын салыстыру;

«Сенде қандай фигуралар көп, ал қандай аз? Үшбұрыштар мен төртбұрыштар тең бе?» және т.б. Геометриялық фигуралардың жеке конверттарда жүйеленгеніне қарай олардың сандарының арасында теңдік пен теңсіздігі бекітіледі. Балалар бұл жаттығуды орындау барысында фигуралар санын салыстыруда, олардың арасындағы өзара мағыналас сәйкестілік орнатылады. Онымен бірге амалдар әр түрлі болуы мүмкін: фигуралар әрқайсысы бірінің астына бірі қатар бойынша әр қатарда орналасады немесе жұптастырылады немесе бірінің үстіне бірін қояды. Осылай екі топтағы фигуралардың элементтерінің арасында қатынас орнатылады және осының негізінде оның теңсіздігі мен теңдігі анықталады.

Балаларды жаңа геометриялық фигуралармен таныс фигураларды салыстыру арқылы таныстырады:үшбұрыш пен төртбұрыш, шеңбер мен дөңгелек, кейін текшемен, шаршымен текше, сосын шармен, үшбұрышпен және шеңбермен цилиндрді, кейін шар мен текше. Фигураларды қарау және салыстыру белгілі кезекте жүргізіледі:

а) фигураларды бірінің үстіне бірін және бірінің астына бірін қою; бұл амал фигуралардың ерекшеліктерін анық қабылдауға мүмкіндік береді, ұқсастығы мен айырмашылығы, олардың элементтерін анықтау.

б) фигураларды сипап сезу арқылы зерттеуді ұйымдастыру және фигураның кейбір элементтері мен белгілерін бөліп көрсету; фигураларды зерттеу нәтижесі тәрбиешінің балалар зейінін өз сөзімен бағыттауына айтарлықтай тәуелді, ол неге қарау керек, нені білу керектігін бағыттауда ма (сызықтар бағыты олардың байланысуы, бөлек бөліктердің үйлесімділігі, бұрыштардың болуы, түсі, бір пішіндегі фигураның көлемі және т.б.); балалар бір немесе басқа фигуралардың сипаттамасын сөзбен беріп үйрену керек;

в) фигуралармен әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру(дөңгелету, қою, әртүрлі жағдайда қою) үлгілермен жұмыс, орнықты немесе орнықсыздығын анықтау, өзіндік сипаты. Мысалы, балалар шар мен цилиндрді әр түрлі жағдайда қойып, цилиндрдің тұратынын, жататынын, дөңгелейтінін біледі. Ал шар тек қана айналады. Осылайша геометриялық денелер мен фигуралардың құрылымдық сипатын аңғарады.

г) фигуралар қатарын көлемінің өсіп, азаюы бойынша жаттығуларды ұйымдастыру. («Пішініне қарай жікте», «Түсі бойынша жікте», «Беті бойынша жікте» және т.б.).

д) балалардағы фигураларды ажырату және атау білігін бекіту үшін ойын жаттығулар мен дидактикалық ойындар ұйымдастыру.

Ересектер тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

5-6 жастағы балаларды оқытудың негізгі мақсаты геометриялық фигуралар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жүйенің алғашқы дәнегі геометриялық фигуралардың кейбір белгілері туралы ұғым оларды ортақ белгілеріне қарай жинақтау білігі болып табылады.

Балаларға өздеріне белгілі фигуралар беріп, шеңбер мен шаршының, үшбұрыш пен сопақша жақтарын қолмен зерттеу, олардың бір бірінен айырмашылығын және ұқсастығын ойлану ұсынылады. Ол шаршы мен үшбұрышта «бұрыштары» бар екенін, ал шеңбер мен сопақшада жоқ екеннін аңғарады. Тәрбиеші фигураны саусақпен жүргізіп, квадрат пен үшбұрыштың бұрыштары , төбесі, қырлары барын түсіндіріп көрсетеді. Төбесі – бұл фигураның қырларын қосатын нүктесі. Қырлары мен төбесі фигураның сызықтарын құрайды, ал сызықтары оның ішкі жағымен бірге фигураның өзін құрайды.

Балалар әртүрлі фигуралардан оның ішкі ауданын және шекарасын- қырларын, төбесін, бұрыштарын фигураның ішкі ауданының бөлігі ретінде көрсетеді.

Балаларға фигураның ішкі жағын қызыл қарындашпен, ал шекарасын, қырларын көк қарындашпен сызып шығуды ұсынады. Балалар фигураның тек жеке элементтерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге әртүрлі фигуралардың төбесін, қырларын, бұрышын санайды. Шаршы мен дөңгелекті салыстыру кезінде дөңгелекте төбе мен бұрыш жоғын, тек дөңгелек шекарасы шеңбер ғана барын біледі.

Кейін балалар кез келген фигураның ішкі ауданын және шекараларын ажыратуды, бұрыштары, төбесі, қырларының санын санауды үйреніп алады. Үшбұрышты зерттеп олар оның үш төбесі, үш бұрышы, үш қыры бар деген қорытындыға келеді. Көбінесе балалар неге бұл фигура төртбұрыш және шаршыдан қарағанда үшбұрыш деп аталатынын біледі.

Балаларды олар анықтаған белгілер қорытындысын фигураның құрылымдық сипаты болып табылатынын жеткізу үшін тәрбиеші дәл сол фигураларды, бірақ үлкен көлемдегісін ұсынады. Оларды зерттеп балалар шаршы, төртбұрыш, трапеция, ромбтардың қырларын, бұрыштарын, төбесін санап, олардың көмегіне қарамастан, 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қыры бар, ал барлық үшбұрыштарда 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қыры бар деген қорытындыға келеді.

Мұндай сабақтарда балаларға дайын білімді айтып қана қоймай, оларды ізденіске түсіру керек. Балаларды жауаптарды өздері анықтап, қорытындылап, жинақтауға үйрету қажет.

Балаларға дайын тапсырмаларды беруге асқпау керек: бірінші оларға деген қызығушылықты оятып, іс-әрекет жасауды қамту қажет. Тәрбиеші міндеті – жауапты табу амалдарын және жолдарын педагогикалық дұрыс көрсету қажет.

Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы ересек м.ж.д. Балаларды төртбұрыштармен таныстыруды қарастырады. Бұл үшін балаларға төрт бұрышы бар фигуралар жиынын көрсету, оларға өздері атау ойлап табу ұсынылады. Балалардың «төртбұрыш», «төртқырлылар» деген жауаптарын қабылдап, анықтап, олардың төртбұрыштылар деп аталатынын айту.

Таныстырудың бұл жолы балаларда жинақтау қабілетінің қалыптасуына көмектеседі.
11 дәріс

Дәріс тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларда уақытты бағдарлау туралы түсініктерді қалыптастыру

Дәріс мазмұны:

Тәулік бөліктерін ажыратуға және атауға үйрету әдістемесі



Тәуліктердің кезектесуі туралы түсінігін қалыптастыру (кеше,бүгін,ертең)
Тәулік бөліктері төртке бөлінеді. Олар: таң, түс,кеш, түн.Тәуліктің бөлінуі бір жағынан қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен байланысты мысалы, күннің, айдың,жұлдыздардың пайда болып жоғалуы,екінші жағынан адамдардың тәулік бөліктеріне байланысты еңбек етіп және демалуының алмасуы.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында екінші сәбилер тобымен таныстыру ерекшеліктері көрсетіледі.Бұл кезеңде бала төрт тәулік бөлігін сөзбен айтуды және ажырата білуді үйренеді.Балаларға қарапайым іс-әрекеттер арқылы түсіндіруге болады.Ол үшін балаларға қарапйым сұрақтар қойып әңгімеге тарту.Мысалы, балалар сендерді аналарын оятқанда балам тұр таң атты дейді.немесе балабақшада түскі асіштіңдерме?деп айтуға болады.Балаларға картина және сөздік ойындарды қолдануға болады. « Бос орындағы сөзді тап.», Біз таңғы асты таңда ішеміз ал түскі асты ... ішеміз».

«Тәулік» ұғымын меңгеру үшін ойындарды қолдану керек.Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Балалардың тәуліктің бөліктерінің кезектесуі білімін бекітуге арналған ойындар.Балаларды тәуліктің бөліктерімен таныстыру «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасына сәйкес екінші кіші топтан бастап таныстырылады. Бұл жаста балаларға тәуліктің төрт бөліктерін ажыратып және белгілерін анықтау үйретіледі. Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.

Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.



Кеше,бүгін,ертең - үш тәуліктің кезектесуі туралы түсінігін қалыптастыру.

Кеше,бүгін, ертең атты тәулік бөліктерінің кезектесуі жайында балаларға қарапайым және күнделікті жүзеге асырылатын іс-әрекеттерінің нәтижесінде балада белгілі дағды мен білік қалыптастыру мақсатын көздейді.Қарапайым сұрақтар қою «Кеше балабақшада не істедің?» «Бүгін балабақшаға барасың ба?» «Ертең балабақшада қандай ойын ойнасыңдар?» арқылы бала санасында кеше,бүгін,ертең түсініктерін атауға және ажырата білуге үйрету.Тәулік бөліктерін ортаңғы топта кезектесуі және алмасуы нәтижесінде болатынын айта кету. Ал мектепке даярлық топтарында күнтізбенің көмегімен түсіндіруге болады.



Кеше,бүгін, ертең сөздердің мағынасын түсіндіруге арналған ойындар. Орта топтарда балаларға кеше, бүгін, ертең сөздерін дұрыс қолдану түсіндіріледі. Ол үшін балаларға эмоциялық қызығушылықтарын танытатын осы күндерді есіне түсіретіндей етіп күндерді тізбектеп белгілеп алу қажет: ертең біздің топта спорттық мереке ұйымдастырылады, ... Бізде бүгін спорттық мейрам болды,... Қашан бізде спорттық мейрам болды? Осы сөздерді қолдана отырып осындай жаттығуларды бірнеше рет өткізу керек. Балалардың осы сөздерді дұрыс қолдануын үнемі қанағалап отыру қажет.
12 дәріс

Дәріс тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлау екешіліктері

Дәріс мазмұны:

  1. Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік

  2. Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын,қатынасын, бағытын анықтаудағы сөздер

  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік бағдарлауды дамытуда суреттерді қолдану.


Өзінің дене мүшелері арқылы кеңістікті бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктердің ішінен кеңістікті өзінің дене мүшелерінің жүйесі негізінде бағдарлау өте маңызды болып табылады. Кіші топ балалары кеңістікті дене мүшелерімен бағыттарды қарапайым түрде бағдарлап үйренеді. Ал мектеп жасына дейінгі бала сөздік жүйесімен негізгі кеңістік бағыттарын атап айтуды меңгереді Мысалы, алға-артқа, төмен-жоғары,оңға-солға. Сонымен қатар,шығыс,батыс,солтүстік,оңтүстік бағыттарын ажыратады. Кеңістікті бағдарлау барысында бала өзінің дене мүшелерінің бөліктерімен байланыстырады: Жоғары-басы, төмен-аяғы,алға-беті,арты-арқасы,оңға-оң қолы,солға –сол қолымен бағыттарды көрсетеді. Жалпы кеңістікті бағдарлауда көру және есту анализаторының орны ерекше.



Сыртқы объектілер бойынша кеңістікті бағдарлауды дамыту

Кеңістікті сыртқы объектілер бойынша бағдарлау өте маңызды. Сыртқы обьектілердің дұрыс орналасу бағыттарын меңгеруді талап етеді.»Өзінен қарай», « басқа тұлға атынан», басқа заттың атынан» түсініктері қалыптасады. Мұндағы негізгі ұғымдар алдында,артында,үстінде,астында,жанында. Мысалы,Мен Айнұрдың алдында тұрамын.... немесе артында ,оң жағында сол жағында деген сияқты түсіктерді қалыптастырып, ажырата білуді үйренеді.



Жазықтықтағы бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде жазықтықта дұрыс бағдарлауды үйрету қиынға соғады. Оны негізгі мектепке даярлық топтарынан бастау қажет.Жазықтықты бағдарлауды мысалы қарапайым тапсырмалар орындату арқылы меңгерту. Қағаз бетіне екі клетка төмен,алты клетка оң жаққа,төрт клетка жоғары деп қарапайым түсініктерді қалыптастыру негізінде жазықтықта дұрыс бағдарлауын жүйелі дамыту. Жазықтықты бағдарлауда жанында,ортасында үстіңгі жағында және т.б. ұғымдарды қалыпастыруда маңызы зор.

Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтаудағы сөздер

Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтауға және «қай жерде?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Олар: іс-әрекет орнын көрсетіп «қай жерде?»деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер бірінші тобы (осында, онда, мұнда ,оң жақта, сол жақта, ішінде,сыртта,артта,алдында,жғарыда,төменде,барлық жерде,тысқарыда).

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Кеңістіктегі қозғалыс бағытынының кері сипатын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер екінші тобы (ана жақтан,оң жақтан,сол жақтан,алдынан,жоғарыдан,артынан,төменнен,ішінен,сырттын,алыстан) екінші топ үстеу сөздері деп аталады.

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді.

Кеңістікте іс-әрекет бағытын көрсететін «Қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер үшінші тобы ( мұнда,бері қарай, онда, әрі қарай, сол жақта,оң жақта,алдында, артында,жоғарыда, төменде,ішінде.сыртында)



Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты көрсететін көмекші сөздер.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді. Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты,адам мен зат арасын анықтайтын көмекеші сөздер тобы болады.Олар: артта, алдыда, қарама-қарсы.



Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы астында,үстінде,сыртында,алдында. Мысалы, Сен қасықты үстелдің астына түсіріп алдың.



Кеңістіктегі қозғалыстың негізгі бағыттарын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістікте қозғалыс бағыттарын қозғалыс бағыттарын көрсететін көмекші сөздер тобына: ішкі бағытты анықтайтын көмекші сөздер қарай. Мысалы,Айнұр мамасына қарай барды. Сонымен қатар,жоғары бағытты көрсететін көмекші сөздерге: бойымен,арқылы,бойлай көлденең Мысалы, Біз тегіс жолдар бойымен жүріп өттік.Үйге орман арқылы оралдық.Біз өзенді бойлай келдік.



Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік бағдарлауды дамытуда суреттерді қолдану.

Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

«Кеңістік» Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. «Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. «Оң және сол» Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. «Суреттерді орналастыр» Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауғадағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.

«Танып ал да, атын ата» Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. «Тәулік бөліктері » Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. «Сипаттамасы бойынша тап» Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?» «Доппен ойнау» Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: доп. Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әркомандадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. «Ойыншықты тап» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Көрнекілік: Топтағы ойыншық. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа» Мақсаты: жоғары-өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.

13 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет