Дәріс тақырыбы: Масса және оның өлшемі туралы түсінік қалыптастыру
Дәріс мазмұны:
Балалардың заттың массасын сенсорлық негізінде қабылдау ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері
Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусекғалымдары үлес қосты.
Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .5-6 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане өлшейік!» «Таразыға салайық!»
Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың массасын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты оқытуды кезеңдер бойынша құру керек.
Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.
Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).
Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері:
Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.
Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).
Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.
Орта топ балалары салыстыру үшін үлгіні өлшеуіш ретінде қабылдайды; заттардың арасындағы масса бойынша қатынасты белгілейді: ең ауырын (жеңілін) таңдап, заттарды бірінің астына бірін берілген сапасы бойынша қояды.
Үш затты массасы бойынша салыстыруда, біреуі үлгі қызметін атқарады. Ретімен қою нәтижесі ауырырақ – жеңілірек сөзімен анықталады. Бұл тапсырманы орындаудың тиімді тәсілі үлгімен барлық заттарды салыстырып, осының негізінде олардың қайсысы жеңіл, қайсысы ауыр немесе бірдей екенін анықтау болып табылады.
Бала мұндай жұмыстың арқасында заттың көптеген белгілерінің арасынан массасын анықтап, оны жинақтай бастайды. Заттарды берілген белгілеріне байланысты реттеу және топтастыру үшін жағдай жасалып, осының өзі жұмыстың келесі кезеңі деп аталады.
Заттарды олардың массасына қарай өсу немесе кему ретімен қою, яғни реттеу, сериациялық ретпен орналастыруға байланысты тапсырмаларды орындауды орта мектеп жасына дейінгі кезеңде бастауға болады, бірақ көбінесе олар ересек топтарда орындалады.
№14 дәріс
Дәріс тақырыбы: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмыстарының сабақтастығы
Дәріс мазмұны:
1. Заманауи бастауыш мектептін, балалардың математикалық дамуына қоятын талаптары.
2. Математиканы оқытуда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмысындағы ұйымдастыру формасының сабақтастығы.
Заманауи бастауыш мектептін, балалардың математикалық дамуына қоятын талаптары.
Мектепте оқудың нәтижесі мектепке дейінгі кезенде қалыптасқан білім мен дағдылардың сапасына, баланың танымдық қызығушылығы мен белсенділігіне байланысты болады. Мектеп үнемі баланың интеллектуальдық, соның ішінде математикалық дамуына жоғарғы талап қояды. Ол мынандай обьективті себептермен түсіндіріледі: ғылыми-техникалық прогресс, ақпараттын көбеуіне, біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге, соның ішінде экономикалық өмірдегі, математикалық білімнің мазмұнының және маңызының өзгеруіне, алты жастан мектепте оқуға көшуге байланысты, т.б.
Озат педагогикалық тәжірибенін нәтижелері бойынша, егер мектепке дейінгі ұйымда және мектепте оқу-тәрбие жұмысы біріккен дамыту үрдісі болып келсе осы талаптардың заңды және орындалуы мүмкін екеніне сендіреді. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың біріккен жүйесін құрастыру, мектепке дейінгі ұйым мен мектепте олардың ажырамас байланысын, осы жүйенін барлық звеноларындағы логикалық сабақтастығын қарастырады.
Сабақтастық – бұл өткенге сүйене отырып балаларда бар білімін, дағдылары мен іскерліктерін дамыту. Ол, білімін кеңейтіп, тереңдету, барды жаңа, жоғарғы деңгейде ескереу.
Сабақтастық бір кешенде танымдық, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді шешуге жағдай туғызады. Бұл әрбір төменгі звено келесінін талаптарына бағытталады.
Мектеп жасына дейінгілерді оқыту оқытудың бастапқы звеносы бола отырып балалардың осы жастағы мүмкіндіктеріне сонымен қатар заманауи бастауыш оқытудың талаптарына бағытталады. Осы екі шарт оқытудың мазмұның және құралдарын, ұйымдастыру формаларын анықтайды.
К.Д. Ушинский «дайындық оқыту» және «мектепте әдістемелік оқыту» байланысы жөнінде өз ойын тұжырымдады. Мектепте жүйелі оқытуға мектепке дейінгі жаста дайындық оқыту болу қажет, - деп санады; мектепте әдістемелік оқытудың бастамасын баланың даму деңгейіне қарай, білімді қабылдауға дайындығын жеке анықтауды ұсынды. Оқыту процесінде баланың жеке тәжірибесін, білімін және жалпы дамуын ескеру қажет деді. Әрбір жаңа жаттығу алдыңғысымен байланысты болуы, оған сүйену және алға жүру.
Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Ф.А. Михайлова, Н.Г. Бакст, З.Н. Пигулевск, А.М. Леушинының жұмыстарында сабақтастықты зейнге алмағанның өзінде осы бағытта көптеген құнды және пайдалысы бар.
ХХ ғасырдың 20-40-ші жылдары олардың жасақтап шығарған положения тұтастай жүзеге асыруға мүмкіндік болмады, осыған ынғайлы жағдай, бастысы сабақтастық мәселелері бойынша арнайы зерттеулер жетіспеген соң.
ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары осы тақырыпқа байланысты Н.А. Попованың, Т.В. Тарунтаеваның, П.А. Сагым-Бекованың бірінші эксперименталдық зерттеулер пайда бола басталды. Сабақтастықты бекіту обьективті себептерге байланысты кідірді. Біріншіден балабақшалардың санының жетіспеуінен, мектепке көптеген балалар алдын-ала жүйелі дайындықсыз үйінен келуіне байланысты. Отбасы тәрбиесі қажетті математикалық дайындық деңгейін және жалпы балалардың ақыл-ой дамуын толық қамтамасыз етепеді.
Соңымен қатар ұзақ уақыт балабақшалар мен мектептін оқу-тәрбие міндеттерінін келіспеушілігі байқалды.
Қазіргі уақытта қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің ролі көтерілді. Барлық алты жастағы балаларды мектепте оқуға дайындау мақсатының өзгеруіне байланысты мектептерде мектепалды даярлық сыныптар, мектепке дейінгі ұйымдарда даярлық топтар ұйымдастырылуда.
Бірінші сыныпқа келетін балалардың жоғарғы деңгейде математикалық дамуын қамтамасыз ету, алдын-ала дайындау, мектепте оқу материалын сапалы меңгеруге әсерін тигізеді. Сондықтын, мектепке дейінгі ұйымдарда, соның ішінде ересек мектепке дейінгі жаста оқу-тәрбие жұмысың дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер (Г.Г. Петраченко, Н.Н. Поддьяков, Н.Ф. Виноградова, Н.Ф. Алиева т.б.) мектеп жасына дейінгілерді оқытудың мазмұның, жеке айтқанда математиканы оқытуды жаңғартуға жағдай жасады. Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу вариативтік бағдарламаларын құрастыру, балаларды математикаға оқыту және олардың математикалық дамуының ерекшеліктері бастауыш мектеп талаптарына сай болуын қарастырады.
Бастауыш мектептің алғашқы талаптарының бірі, мектепке дейінігі мекемелер түлектерінде оқу әрекетіне, оқуға қызығушылық, нақты қарапайым математикалық білім мен дағдыларын қалыптастыру.
Осыған байланысты балалар оң көлемінде сандарды білуі, тура және кері бір-бірден және топтап санау, натурал қатардағы санның орнын табу, санды бірнеше бірліктерге азайту немесе көбейту, аралас сандар арасындағы қатынастарды түсіну, санның екі кіші саннан құрылымын білу, қосуға, азайтуға қарапайым жаттығулар мен есептер құрастырып, шешу, +, —, = белгілерін қолдана білуі, заттарды екі тең, төрт бірдей бөліктерге бөліп, қалай аталатынын, нақты материал арқылы бүтінін бөліктен үлкен екенін анықтай білу қарастырылады. Салыстыру арқылы балалар заттардың көлемдерін белгілеуге үйренеді, шарты өлшеуіштердің көмегімен және сызғыш арқылы өлшеп қажетті ұзындықта сызықтар сызады. Олар көпбұрыштармен және олардың элементтерімен: қабырғаларымен, бұрыштарымен, төбелерімен, қағаз бетінде, дәптерде, кітапта, уақытты, қоршаған кеңістікті бағдарлай білу арқылы танысады.
Бірақ заманауи мектептерді осы білім мен дағдыларды меңгеруі қанағаттандырмайды. Болашақта мектепте оқу, меңгерген білімінін сапасынан, оларды өз санасынан өткізуінен, нақтылығына байланысты. Сондықтан осы сапаларды көтеру үшін заманауи мектепке дейінгі дидактика оқытуды оптимизацииялау жолдарын жүйелеуге бағытталған. Мектепке дейінгі мекемелер түлектері алған білімдері мен дағдыларың карапайым жағдайда ғана емес, соңымен қатар өзгерістерге шұрайты, жаңа, жағдайлардада (ойын, еңбек) пайдалана білу керек.
Математикалық дайындықтың бастауыш оқытуының басты талаптарының бірі алғашқы уақытта мектепке дейінгілердің ойлау қабілетін дамыту.
Математика – бұл терең логикалық ғылым. Баланы бастапқыш қарапайым математикаға кірістіру қажетті деңгейде логикалық ойының дамуысыз болмайды.
Н.Н. Подьякова, Н.И. Непомнящяның психологиялық зерттеулері балалардың аналитикалық-синтетитикалық әрекетінін, барлық ойлау формаларынын белсенді дамуы жөнінде дәлелдейді. Мұны ғылыми дәлелденген оқытудың коррекцияланған мазмұны мен әдісі негізінде қол жеткізуге болады.
Заманауи бастауыш мектеп мектепке дейінгі мекемелер түлектерінен оқуға деген тұтастай кешенді дайындығын талап етеді. Балаларды мазмұны мен бағыты бойынша мектепке дайындау жалпы және арнайы дайындыққа бөлінеді. Жалпы балаларды қарапайым нормалармен және тәртіп, тәрбие этикасымен, танымдық қызығушылықтарымен, жауапкершілікпен, настойчивости таныстыруды қарастырады. Арнайы дайындық мектепке дейінгілерді бастауыш мектептің жекеленген пәндерге, соның ішінде математика кіретін біліммен және дағдылармен қаруландыру. Осымен қатар мамандар мектепке дейінгілердің арнайы сапаларын қалыптастыруды көрсетеді.
В.К. Котырло, С.П. Тищенко тағы басқалары осындай сапалармен қатар басқа да сапалардың соның ішінде белсенділікті, құштарлықты, өз бетімен жұмыстануды, өзін-өзі қадағалау және саморегуляциялау қабілетіліктерін, оқу әрекетінін негіздерін меңгеру, сенсомоторлық аппараттың дайындығы, негізгі маңызыды дағдылар мен әдеттердін қалыптасуын көрсетеді.
Заманауи мектептер бірінші сыныпқа келген баладан жоғарғы деңгейде жұмыстана білуді, ақыл-ойдың күрделі формаларын, мектепке дейінгі шақта морально-волевых сапаларын қалыптасуын талап етеді. Осы барлық талаптарды орындау баланың мектепте оқуға дайындық деңгейінің көтерілуіне көмектеседі. Баланың жалпы дайындығынан математикалық дайындығы мектепте математиканы меңгеруін, болашақта математикалық әрекеттерге қызығушылығын дамыту қамтамасыз етеді.
Мектепте баланың алдында абстракциялық түсініктерді зерттеу ете алатындай дайындықты талап ететін терең ғылыми білімдер ашылады. Маңыздысы жеке функциялардың (қабылдау, зейін, ойлау, т.б) дамуы емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың алмасуы.
Л.С. Выготский көрсеткендей сананың әрбір функцияның дамуындағы жекеленген өзгерістер топтары емес, жаңа сатыда өзінің ішкі құрылысын және бөліктерінін байланысын ауыстыра отырып, бүтіндей болып дамуы.
Әрбір функциональдық бөліктердің сананың дамуындағы орыны, бүтінін өзгеруіне байланысты. Функциональдық құрылыстын осындай өзгеруі жеке тұлғаның дамуының басты және нақтысы болып келеді.
Баланың мектепте оқуға дайындығының жоғарғы деңгейіне жетуі басты метепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұның, формасын және әдістерін күрделендіруді қарастырады
№15 дәріс
Дәріс тақырыбы: Мектепалды даярлық топтарында және сыныптарында «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» оқу-əдістемелік кешені
Дәріс мазмұны:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мақсаты: қарапайым логикалық-математикалық ұғымдарды қалыптастыру жəне зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-ақиқатты танудың математикалық тəсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;
-тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген тапқырлығын, зеректігін, ұғымталдығын, ұмтылысын дамыту;
-ойлау əрекетінің тəсілдерімен таныстыру.
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» ҰОҚ-нің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нəтижелер: дағды, білім немесе ұғым түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогтерге жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1. Кеңістікте бағдарлау
|
1.1.Заттардың кеңістікте орналасуы
|
2. Сан жəне санау
|
2.1. Заттарды санау
2.2. Жиын жəне логика элементтері
2.3. Тізбектер
2.4. Шамалар
|
3. Геометриялық фигуралар
|
3.1. Фигуралар мен денелер
3.2. Фигуралардың өзара орналасуы
|
4. Математикалық модельдеу
|
4.1. Математикалық тіл жəне математикалық модель
|
Мектепке келетін сəтте балалар жиын жəне сандар, пішін жəне шама туралы өзара байланысты білімнің салыстырмалы түрде кең аясын меңгеруі, кеңістікті жəне уақытты бағдарлап үйренуі керек. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, дайындық тобының тəрбиеленушілерінің қиыншылығы əдетте абстрактілі білімді меңгеру, нақты заттармен, олардың бейнесімен жасалатын əрекеттерден сандармен жəне басқа да абстракт ұғымдармен жасалатын əрекеттерге өту қажеттілігімен байланысты. Мұндай деңгейге өту балада дамыған ақыл-ой өрісінің болуын талап етеді. Сондықтан мектепалды сыныпта балардың «тең», «көбірек», «азырақ», «бүтін жəне бөлік» сияқты кейбір маңызды математикалық байланыстарды, қатынастарды, тəуелділікті, шамалардың арасындағы тəуелділікті, өлшеу нəтижелерінің жəне т.б өлшем шамаларына тəуелділігін бағдарлай білу іскерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Балалар түрлі математикалық байланыстар, қатынастар орнату тəсілдерін, мысалы, жиын элементтерінің арасында сəйкестік орнату, жиын элементтерін іс жүзінде бір-біріне келтіріп салыстыру, шамалардың қатынастарын анықтау үшін беттестіру, тұстастыру амалдарын пайдалану тəсілін игереді. Олар сандық қатынастарды анықтаудың ең дұрыс тəсілдері – заттарды санау жəне шамаларды өлшеу екенін түсіне бастайды. Оларда санау жəне өлшеу дағдылары берік əрі саналы түрде қалыптаса бастайды. Маңызды математикалық байланыстар мен тəуелділіктерде бағдарлай білу жəне тиісті əрекеттерді меңгеру мектепке дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлау қабілетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді жəне олардың тұтастай ақыл-ой əрекетінің дамуына жағдай жасайды. Балалар ішінен санауға үйренеді, оларда көзбен өлшеу, пішінге, түске, мөлшерге, санға əрекет етудің шапшаңдығы дамиды.
Осы жаста ақыл-ой қабілетін, ойлау дербестігін, талдау, біріктіру, салыстыру сияқты ойлау операцияларын, ойын бөлу жəне жалпылау қабілетін, кеңістіктік қиялын дамытудың да маңызы аз емес.
Балалардың математикалық білімге тұрақты қызығушылығын, оны пайдалана білу жəне оны өз бетінше өмірде қолдана білуіне тəрбиелеу керек.
ОƏК кешеніне:
№1, №2 əліппе-дəптер;
үлестірмелі материалдар;
интерактивті қосымша;
əдістемелік нұсқау кіреді.
Жоспарлау ерекшеліктері Ұзақмерзімді жоспарлау жаңартылған бағдарламаға сəйкес жасалған. Бөлімдер мен тақырыптардың бірізділігі сақталған. Əрбір ҰОҚ-де оқытудың бір-екі мақсаты таңдалған. Бұл педагогтің баланың жетістіктерін нормативтік бағалау үрдісін жеңілдетеді. Сондай-ақ жыл бойы өткен материалды үнемі қайталап отыру ұстанымы сақталған. Бұл мектепке дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды берік меңгеруіне қажетті шарт болып табылады. Кейбір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бір ҰОҚ-ті емес, ҰОҚ сериясы бөлінген. Материал жеңілден неғұрлым күрделіге көшу арқылы ашылады. Бағдарламаның соңғы бөлімін оқыған кезде «0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу» мақсаты тұтастай ҰОҚ сериясына қойылған. Бұл «4.1. Математикалық тіл жəне математикалық модель» бөлімінің нақты жағдайларды модельдеуге жəне оларды математикалық тілге аударуға арналған неғұрлым жоғарғы тəртіптегі тапсырмаларда алдыңғы бөлімдердің материалын жалпылауға мүмкіндік беруіне байланысты.
Ұзақмерзімді жоспарлауда өтпелі тақырыптар сақталған. Ұсынылған бірізділік бағдарламасында 8 лексикалық тақырып бар. Əр ҰОҚ-не 8 тақырыптың бірінің аясында тақырыпша берілген, ол математикалық тақырыпшамен бірге ҰОҚ-нің атауына шығарылған. Бұл педагогке балаларды тиісті лексиканы пайдалануға бағыттауға көмектеседі. Өтпелі тақырыптар біркелкі бөлінген, сондықтан математикалық жəне лексикалық бөлімдер синхронды түрде аяқталмайды. Бұл кейбір математикалық тақырыптарға неғұрлым көп уақыт бөлу керектігіне байланысты.
Мектепалды бағдарламасының 8 өтпелі тақырыбы:
1. Мен кіммін жəне қандаймын?
2. Мектеп не үшін керек?
3. Менің айналамда кімдер бар?
4. Менің айналамды не қоршап тұр?
5. Жолдар бізді қайда бастайды?
6. Салт-дəстүрді білу не үшін керек?
7. Мен үшін не дəмді жəне пайдалы?
8. Денсаулықты қалай күту керек?
Достарыңызбен бөлісу: |