12.Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалуын және динамикасын талдау.
Өнімді өндіру мен өткізу көлемдері бір – бірімен тығыз байланысты көрсеткіштер болып табылады. Шектелген өндірістік мүмкіндіктер және шексіз сұраныс жағдайында ең басты назар сату көлемін анықтайтын өнім өндіру көлеміне аударылады. Бірақ нарық толыққан сайын және бәсекелестік күшейген сайын сату көлемін өндіріс анықтамайды, керісінше сатудың мүмкін болатын көлемі өндірістік бағдарлама жасаудың негізі болып табылады. Кәсіпорын тек сата алатын көлеміндегі тауарларды ғана шығаруы тиіс. Өнімді өндіру мен өткізу көлемінің өсу қарқындары оның сапасын арттыру кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділігі , шығындарының деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан аталған көрсеткіштерді талдаудың үлкен маңызы бар.
Талдаудың негізгі міндеттері:
өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалуының деңгейін бағалау;
осы көрсеткіштердің деңгейлерінің өзгеруіне факторлардың әсер етуін анықтау;
өнімді өткізу мен шығарылымның ұлғаюының ішкі шаруашылықтық резервтерін анықтау;
анықталған резервтерді игеру бойынша шаралар кешенін жасау.
Өнімді өндіру мен өткізу көлемі табиғи, табиғи – шартты, еңбек және құндық өлшем бірліктерімен өлшенеді. Кәсіпорынның қызмет көлемінің жалпылама көрсеткіштері құндық бағалар негізінде алынады. Ол үшін салыстырмалы және ағымдағы бағалар қолданылады.
Өнімді өткізу көлемі тұтынушыларға өнімнің тиеліп жіберілуі немесе төлеуі бойынша анықталады және де салыстырмалы, жоспарлы және ағымдағы бағалармен көрсетілуі мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіштің мәні жоғары. Өнімді өндіру көлемі өнімнің қалай сатылатынына және нарықта өнімге деген сұраныс қандай екендігіне байланысты.
Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалауда өнімді өндіру мен өткізу көлемінің табиғи көрсеткіштері де маңызды мәнге ие (бірлік, метр, тонна және т.б.).
Оларды өнімнің жекелеген біртекті топтары бойынша өнімді өндіру мен өткізу көлемін талдауда қолданылады.
Құндық көрсеткіштер секілді табиғи – шартты көрсеткіштер өнімді өндіру көлемін жалпылама сипаттауда қолданылады. Мысалы, консервілік зауыттарда мың шартты банка.
Нормативті еңбек шығындары, сондай – ақ өнімді өндіру көлемін жалпылама бағалауда қолданылады, яғни көп түрлі өнім өндіру жағдайында оның жалпы көлемін табиғи және табиғи – шартты өлшем бірліктерімен өлшеу мүмкін болмаған жағдайда.
Талдау өнімді сату мен шығарылымның динамикасын зерттеуден, базистік және тізбектелген өсім және өсу қарқынын есептеуден басталады.
Кесте 4.1 Өнімді өндіру және сату динамикасы
Жыл
|
Ағымдағы бағамен өнім өндіру көлемі, мың тг
|
Баға индексі
|
Базистік жылдағы баға бойынша өнім өндіру көлемі, мың тг
|
Өсу қарқыны, %
|
Сату көлемі, мың тг
|
Өсу қарқыны, %
|
Базистік
|
Тізбектелген
|
Базистік
|
Тізбектелген
|
ХХХ1
|
18610
|
1,00
|
18610
|
100
|
100
|
18500
|
100
|
100
|
ХХХ2
|
27357
|
1,50
|
18234
|
98,0
|
98,0
|
18144
|
98,0
|
98,0
|
ХХХ3
|
38148
|
1,46
|
17420
|
93,6
|
95,5
|
17390
|
94,0
|
95,8
|
ХХХ4
|
53940
|
1,40
|
17610
|
94,5
|
101,1
|
17715
|
95,7
|
101,8
|
ХХХ5
|
73940
|
1,33
|
18140
|
97,5
|
103,0
|
18145
|
98,1
|
102,4
|
ХХХ6
|
100320
|
1,28
|
19230
|
103,3
|
106,0
|
19018
|
102,8
|
104,8
|
Кестеден көріп отырғандай, бірінші 3 жылда өнім өндірудің көлемі төмен, ал соңғы 3 жылда оның өскені байқалады. Қорытындысында өндіріс көлемі 5 жыл бойынша не бары 3,3 %-ға өсті, ал сату көлемі – 2,8 %-ға. Егер өткен жылдағы өндіріс пен сатудың өсу қарқындары шамамен сәйкес келсе, ал соңғы жылы өндірістің өсу қарқыны өнімді сатудың өсім қарқынынан айтарлықтай жоғары болды. Бұл кәсіпорын қоймаларда сатып алушылармен төленбеген және сатылмаған өнім қалдықтарының бар болуын куәландырады.
Өнімді сату мен шығарылымның орташа жылдық өсу қарқынын (өсім қарқынын) арифметикалық – салмақталған орташа немесе геометриялық – салмақталған орташа әдістерімен есептеуге болады.
Орташа геометриялық бойынша:
Төш = n+1√Т1*Т2*Т3*Т4*Т5*Т6 = 5√1,0*0,98*0,0955*1,011*1,03*1,06 =
= 5√1,033=1,0065 = 100.65%
Төқ = 100,65 ± 100 = 0,65%
Төс = 5√1.028 = 100.55
Төқ = 100,55 - 100 = 0.55%
Мұнда Төш - өнім шығарылымының өсу қарқыны;
Төс - өнімді сатудың өсу қарқыны;
Төқ - өсім қарқыны.
Келтірілген мысалдағы өнім шығарылымының орташа жылдық өсім қарқыны 0,65%, ал өнімді сатудың орташа жылдық өсім қарқыны 0,55% - ды құрайды.
Есепті жылы өнімді өндіру және сату бойынша жоспардың орындалуын бағалау 4.2 кестедегі әдіс бойынша жүргізіледі.
Кесте 4.2 Кәсіпорынның 20__ жылға арналған өнімді өндіру және сату бойынша жоспар орындалуының талдауы.
Бұйым
|
Жоспарлы баға бойынша өнім өндіру көлемі, мың тг
|
Жоспарлы баға бойынша өнімді сату көлемі, мың тг
|
жоспар
|
нақты
|
+,-
|
Жоспарға %-бен
|
жоспар
|
нақты
|
+,-
|
Жоспарға %-бен
|
Таза жүннен жасалған әйелдер пальтосы
|
50000
|
66500
|
+16500
|
+33
|
52275
|
62730
|
+10455
|
+20,0
|
Жартылай жүннен жасалған әйелдер пальтосы
|
30000
|
17100
|
-12900
|
-43
|
30135
|
17712
|
-12423
|
-41,2
|
Барлығы
|
80000
|
83600
|
+3600
|
+4,5
|
82410
|
80442
|
-1968
|
-2,39
|
Кестеден көріп отырғандай, есепті жылы дайын өнімді шығару бойынша жоспар 4,5 % - ға асыра орындалды, ал сату бойынша жоспардың орындалмауы 2,39 %, бұл сатылмаған өнім қалдықтарының өскенін көрсетеді.
Өнімді өндіру мен тиеп жіберудің жедел талдауы бір күндегі ассортимент және көлем бойынша өнімді шығару және тиеп жіберу туралы жоспарлы және нақты мәліметтер бейнеленетін есептеу негізінде жүзеге асырылады. Әр ай басынан бастап қорытынды жинақталады, сондай – ақ жоспардан ауытқу да есептеледі.
Кесте 4.3 Өнімді шығару және тиеп жіберу бойынша жоспар орындалуының жедел талдауы, мың тг.
өнім түрі
|
Жоспар
|
Ай басына бастап жоспар
|
02.01.20__ ж
|
03.01. және т.б.
|
Тәулікке
|
Айға
|
Нақты көлемі
|
Жоспардан ауытқу
|
|
Тәулік ішінде
|
Ай басынан бастап
|
|
А бұйымы
Шығарылым
|
400
|
2500
|
400
|
380
|
380
|
-20
|
|
Тиеп жіберу
|
405
|
2520
|
405
|
410
|
410
|
+5
|
|
Б бұйымы
Шығарылым
|
125
|
1600
|
125
|
130
|
130
|
+5
|
|
Тиеп жіберу
|
135
|
1640
|
135
|
138
|
138
|
+3
|
|
Барлығы
|
Шығарылым
|
525
|
4100
|
525
|
510
|
510
|
-15
|
|
Тиеп жіберу
|
540
|
4160
|
540
|
548
|
548
|
+8
|
|
Өнімді сату бойынша талдау өніммен жабдықтау туралы келісім міндеттемелерінің орындалу талдауымен тығыз байланысты. Кәсіпорын үшін келісім бойынша жоспардың орындалмауы түсімнің, пайданың азаюына, штрафтық санкция төлемдерін төлеуге әкеліп соқтырады. Бұдан басқа бәсеке жағдайында кәсіпорын өндірістің құлдырауына әкеліп соқтыратын өнімді өткізу нарығын жоғалтуы мүмкін. Өнімнің толық жеткізілмеуі берілген кәсіпорын қызметінің қорытындысына ғана емес, сонымен қатар сауда ұйымдарының, транспорттық ұйымдардың және т.б. жұмысына кері әсерін тигізеді.
Өнімді сатуды талдау барысында мемлекеттік тапсырма, коммерциялық жеткізу және өнім экспорты бойынша міндеттемелердің орындалуына көп көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |