3. Кері үлгілер : Ү = а/в
Екі фактордың қатынасы нәтижелік көрсеткішті береді. Мысал ретінде негізгі өндірістік қорлар құнын (Н) жұмыскерлер санына (Т) бөлу арқылы анықталатын қормен қарулану (Ққ) көрсеткішін алуға болады.
Ққ= ;
4. Аралас үлгілер :
Ү = ; Ү = ; Ү = ; Y = (a + b) * c және т.б.
Мысалы, жеке өнім түрін сатудан алынатын пайда сомасы өнім бірлігі бағасынан (р), оның өзіндік құнынан (z) және сату көлемінен (q) тәуелді:
П = (p – z) * q
10. Тізбектелген қойылымдар әдісі.
Нәтижелік көрсеткіштің өсіміне жекелеген факторлардың әсер ету денгейін анықтау шаруашылықтың қызметін талдауда әдістемелік міндеттің бірі болып табылады.
Тізбектеп қою тәсілі нәтижелік көрсеткіштің көлеміндегі әрбір факторлардың көрсеткіштерінің тұрақты шамасын есепті кезеңдегі нақты шамаға біртіндеп ауыстыру арқылы жұзеге асырылады. Осылай нәтижелік көрсеткіштің шамасының өзгеруіне жекелеген факторлардың әсерін анықтауға болады.Осы мақсатпен нәтижелік көрсеткіштің бірқатар шартты түрде алынған шамаларын анықтайды. Ол шамалар алдымен бірінші, содан кейін екінші, үшінші және одан кейінгі факторлардың өзгерістерін, басқалары өзгермейді деп алып ескереді. Нәтижелік көрсеткіштің шамасын қандайда болмасын фактордың деңгейінің өзгеруіне дейін немсе одан кейін салыстыру тек біреуінен басқа факторлардың әсерін тоқтата тұруға және осы бір фактордың нәтижелік көрсеткіштің өсіміне әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің қолданылу ретін мысалда келтірейік:
Жалпы өнім көлемі (ЖӨ) бірінші реттегі екі негізгі факторға байланысты жұмысшылар санына (ЖС) және бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіру (ОЖӨ).Екі факторлы мультипликативті модель түрі мынадай:
ЖӨ=ЖС*ОЖӨ
Осы модель үшін тізбектеп қою тәсілімен есептеу алгоритімі:
ЖӨо=ЖСо*ОЖӨо=100*4=400 млн тг.
ЖӨшартты=ЖС1*ОЖӨ0=120*4=480 млн тг.
ЖӨ1=ЖС1*ОЖӨ1=120*5=600 млн тг
3.2. кесте Жалпы өнім көлемін факторлық талдау үшін қажет мәліметтер.
Көрсеткіштер
|
Шартты белгіленуі
|
Көрсеткіш мәні
|
Өзгерісі
|
T0
|
T1
|
абсолюттік
|
Салыстырмалы,%
|
1.Жалпы өнім,млн тг
|
ЖӨ
|
400
|
600
|
200
|
50
|
3.Бір жұмысшының орташа жылдық өндірген өнімі,млн тг
|
ОЖӨ
|
4
|
5
|
1
|
25
|
4.Бір жылда бір жұмысшының жұмыс істеген күндер саны
|
К
|
200
|
208,3
|
8,3
|
4,17
|
5.Жұмысшының орташа күндік өндіруі,мың тг
|
ОКӨ
|
20
|
24
|
4
|
20
|
6.Жұмыс күнінің ауысымының орташа ұзақтығы,сағат
|
Ұ
|
8
|
7,5
|
-0,5
|
-5
|
7.Бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіру,мың тг
|
ОСӨ
|
2,5
|
3,2
|
0,7
|
28
|
Көріп отырғанымыздай, есептеу барысында ЖӨ-нің екінші көрсеткіші біріншіден жұмысшылар санының базалық кезеңінің орнына ағымдағы кезеңі алғанымен ерекшеленеді. Бір жұмысшыныңы орташа жылдық өнім өндіруі екеуіндеде базалық,яғни жұмысшылар санының өсуі есебінен өнім өндіру 80млн тг артты (480-400). Жалпы өнімнің үшінші көрсеткіші екіншісінен, жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі базалықтың орнына нақты деңгеймен алынғандылығымен ерекшелінеді. Жұмысшылардың саны екі жағдайда да нақты уақытта. Осыдан келіп, еңбек өнімділігінің артуына байланысты жалпы өнім өндіру 120 млн тг артқаның көреміз (600-480). Осылайша жалпы өнім көлемі бойынша жоспарды асыра орындау келесі факторлардың әсер ету нәтежесінде болады:
А) Жұмысшының санының артуы + 80 млн тг
Б) Еңбек өнім деңгейінің жоғарлауы + 120 млн тг
Барлығы + 200 млн тг
Факторлардың әсер етуінің алгебралық қосындысы нәтижелік көрсеткіштің жалпы өсіміне міндетті түрде тең болуы тиіс:
ΔЖӨжс + ΔЖӨожө = ΔЖӨ
Мұндай теңдіктің жалпы сақталмауы есептеулерде жіберілген қателіктер бар екенін білдіреді.
Егер төрт фактордың әсерін анықтау керек болса, онда бір емес үш шартты көрсеткіш есептеледі.Оны сызба тұрде көрсетуге болады.
Нәтижелік көрсеткіштің шамасы
|
Нәтижелік көрсеткішті есептеу жағдайлары
|
І фактор
|
ІІ фактор
|
ІІІ фактор
|
IV фактор
|
Жоспар бойынша
|
t0
|
t0
|
t0
|
t0
|
Бірінші шартты
|
t1
|
t0
|
t0
|
t0
|
Екінші шартты
|
t1
|
t1
|
t0
|
t0
|
Үшінші шартты
|
t1
|
t1
|
t1
|
t0
|
Нақты
|
t1
|
t1
|
t1
|
t1
|
Осыны жалпы өнімнің төрт факторлы моделінде көрсетейік:
ЖӨ=ЖС*К*Ұ*ОСӨ
ЖӨ0=ЖС0*К0*Ұ0*ОСӨ0=100*200*8*2,5=400 млн тг
ЖӨ1 шартты=ЖС1*К0*Ұ0*ОСӨ0=120*200*8*2,5=480 млн тг
ЖӨ2 шартты=ЖС1*К1*Ұ0*ОСӨ0=120*208,3*8*2,5=500 млн тг
ЖӨ3 шартты=ЖС1*К1*Ұ1*ОСӨ0=120*208,3*7,5*2,5=468,75 млн тг
ЖӨнақты=ЖС1*К1*Ұ1*ОСӨ1=120*208,3*7,5*3,2=600 млн тг
Өнімді өндіру бойынша жоспар жалпы 200 млн тг асыра орындалған (600-400), оның ішінде келесілердің өзгеруінен:
А)Жұмысшылардыңі санының
ΔЖСжс=ЖӨ1 шартты-ЖӨ0=480-400=+ 80 млн тг
Б) Бір жылда бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің санының
ΔЖСк=ЖӨ2 шартты-ЖӨ1 шартты=500-480= + 20 млн тг
В)Жұмыс күнінің(ауысымының) орташа ұзақтығының
ΔЖСұ=ЖӨ3 шартты-ЖӨ2 шартты=468,75-500= - 31,25 млн тг
Г)орташа сағаттық өнім өндірудің
ΔЖСосө=ЖӨн-ЖӨ3 шартты=600-468,75= + 131,25 млн тг
Барлығы + 200 млн тг
Достарыңызбен бөлісу: |