1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет27/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

15. Өнім сапасын талдау

Өнеркәсіптік кәсіпорынның маңызды қызметтік көрсеткіші өнімнің сапасы болып табылады. Оның жоғарлауы бәсекелестік күрестің формаларының бірі, нарықтағы өз орнын жаулап алу және ұстап тұру. Өнім сапасының жоғарғы болуы өнімге деген сұраныстың өсуіне және сатудан түскен пайда құнының сату көлемінен ғана емес, сондай- ақ бағаның жоғарылауынан да артуына әкеледі. Жалпылама көрсеткіштер барлық өндірілген өнімнің сапасын оның түрі мен тағайындалуына байланыссыз сипаттайды:

А) жаңа өнімнің жалпы шығарылымдағы үлес салмағы.

Б) сапасы жоғары категориялы өнімнің үлес салмағы.

В) өнімнің орташа салмақталған баллы

Г) сорттылықтың орташа коэффиценті. (өндірілген өнім құнының бірінші сорттың бағалары бойынша құнына қатынасы)

Д) аттестацияланған және аттестацияланбаған өнімнің үлес салмағы

Е) сертификатталған өнімнің үлес салмағы

Ж) дүниежүзілік стандартқа сәйкес өнімнің үлес салмағы

З) Экспортталатын өнімнің, соның ішінде өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге үлес салмағы.

Өнім сапасының жекелеген көрсеткіштері оның бір қасиетін сипаттайды:

А) пайдалылығы (сүттің майлылығы, тағам өнімдеріндегі ақуыздың мөлшері, рудадағы темірдің мөлшері)

Б) сенімділігі ( өміршеңдік, жұмысқа деген жауаптылық)

В) технологиялық, соның ішінде конструкторлық және технологиялық шешімдердегі тиімділігі (еңбек сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы)

Г) өнімдердің эстетикасы

Жанама көрсеткіштер-сапасы төмен өнімдерге деген айыппұл, жарамсыз өнімнің көлемі және үлес салмағы, өнімге деген тұтынушылардан түскен шағымдар және жарамсыз тауарлардан келген зияндардың үлес салмағы және т.б.

Сараптаманың бірінші міндеті – аталған көрсеткіштердің динамикасын, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын зерттеу, олардың өзгерістерінің себептерін және өнім сапасының қол жеткізген деңгейі бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру.

Кесте 4.6 Өнім сапасының жалпылама көрсеткіштерін талдау



Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Жоспар

Нақты

Өнім сапасының орташа салмақталған баллы

0,70

0,75

0,74

Үлес салмағы, %:

жоғары сапалы категориялы өнімнің


75,0

76,0

78,0


экспортталатын өнімнің

29,0

35,0

36,5

жарамсыз өнімнің

0,55

0,40

0,50

4.6 кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпорында өнім сапасын жақсарту және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша жұмыстар орындалғанын сапасы жоғары категориялы және экспортталатын өнімнің үлес салмағының ұлғаюы куәландырады.

Талдаудың 2 – ші міндеті – кәсіпорын қызметінің мынадай құндық көрсеткіштеріне өнім сапасының әсерін анықтау: тауарлық өнім шығарылымына (∆ӨШ), өнімді сатудан түскен түсімге (∆Т) және пайдаға (П). Ол келесідей есептеледі:

ӨШ = (Б1 – Б0) * VӨШ1;

Т = (Б1 – Б0) * VӨӨ1;

П =[ (Б1 – Б0) * VӨӨ1] - [ (Өзқ1 – Өзқ0) * VӨӨ1],

Мұнда, Б0 және Б1 - сәйкесінше сапасының өзгерісіне дейінгі және кейінгі бұйымның бағасы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет