1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтері



бет35/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

21. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтері
      Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру өндіріске жаңа құрал-жабдық енгізу, ауысымдық және тәулік бойы бос тұруларды қысқарту, ауысымдық коэффициентін жоғарылату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

         Өндіріске жаңа құрал-жабдықтар енгізу жолымен өндіріс көлемін арттыру резерві (Р↑Qқ) өндіріске тартылатын қосымша құралдардың санын (Р↑Ф) олардың жылдық өнімділігіне (qж) көбейту жолымен анықталады:

 Р↑Qқ = Р↑Ф* qж

          Күні бойы бос тұрулар санын қысқарту әр құралдың жұмыс істеген күндерін көбейтеді (Р↑К) . Бұл өсімді (Р↑К) құралдың тәуліктік өнімділігі (qт) мен құралдар санына (Ф) көбейту арқылы бос тұрулар санын кеміту жолымен өндіріс көлемін арттыру резервін (Р↑Qб.т.) анықтауға болады:

 Р↑Qб.т. = Р↑К* qт 

          Өндіріс көлемін ауысымдық коэффициентін жоғарылату жолымен өсіру резервін (Р↑Qа.) анықтау үшін өндірісті ұтымды ұйымдастыру жолымен алынған  ауысымдылық коэффициентін өсіру резервін (Р↑Ак) қолданылуы мүмкін құралдар санына (Ф), мүмкін жұмыс күндері (К) мен құралдардың ауысымдық өнімділігіне (qа) көбейту қажет :

 Р↑Qа. = Р↑Ак*Ф *К* qа

          Өндіріс көлемін жабдықтың сағаттық өнімділігін арттыру жолымен өсіру резервін (Р↑Qс)  анықтау үшін,  құрал-жабдықтарды жаңарту, еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру жолымен қол жеткізілген сағаттық еңбек өнімділігінің өсімін (Р↑qс) құрал-жабдықтардың жұмыс істеу сағатына (∑t) көбейту қажет:

 Р↑Qc. = Р↑qс * ∑t

          Осылайша, барлық бағыттар бойынша өндіріс көлемін арттыру резервтері анықталғаннан кейін,  қор қайтарымын арттыру резерві (Р↑Н) есептеледі:



 Р↑Н =  -  = Нмүмкін  - Ннақты

 Мұндағы: Qн – нақты өндіріс көлемі;  - өндіріс көлемін арттыру резерві; Фн – негізгі қорлардың нақты құны; Фқ - өндіріске қосымша тартылған қорлар құны; Р↓Ф- қорлар көлемін азайту резервтері (қажетсіз қорларды сату, жалға беру, есептен шығару, т.б.);

Қорлардың рентабельділігін арттыру резервін анықтау үшін қор қайтарымын арттыру резервін (Р↑Н) өнімнің нақты рентабельділігіне (RӨ) көбейту керек:

 Р↑Rф= Р↑Н * RӨ

          Талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығы анықталған резервтерді игеру мен олардың жүзеге асырылуын бақылаудың нақты шараларын дайындауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет