1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет37/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

24. Еңбек өнімділігін талдау.
Еңбек өнімділігі – бұл жұмыс күшінің уақыт бірлігінде пайдалы өнім көлемін өндіру қабілеті. Персоналды қолдану интенсивтілігінің деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жалпылама, жеке және қосалқы көрсеткіштері жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштер - бір жұмысшының орташажылдық, орташакүндік және орташасағаттық өндірген өнімі және де құндық өлшеммен бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі.

Жеке көрсеткіштер – өнімнің белгілі бір түрінің бір данасын өндіруге жұмсалған уақыт шығыны немесе табиғи өлшеммен бір адам-күн немесе адам-сағатта өнімнің белгілі бір түрін өндіру.

Қосалқы көрсеткіштер – жұмыстың белгілі бір түрінің бірлігіне жұмсалған уақыт шығыны немесе уақыт бірлігінде жасалған жұмыс көлемі.

Еңбек өнімділігінің неғұрлым жалпылама көрсеткіші – бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі. Оның көлемі жұмысшылардың өндіруіне ғана емес, сондай-ақ персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағына және олардың жұмыс жасаған күндері мен жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді.(6.1 сурет)

Бір жұмысшының өндірген орташажылдық өнімін келесі факторлардың көбейтіндісі ретінде көрсетуге болады:

Бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі (ОЖӨөөп)






Персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы (Үс )




Біржұмысшының орташажылдық өндірген өнімі (ОЖӨ)



Бір жылда бір жұмысшының жұмыс жасаған күндерінің саны (К)





Бір жұмысшының(ОКӨ) орташакүндік өндірген өнімі




Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат (Ұ)




Бір жұмысшының(ОСӨ) орташасағаттық өндірген өнімі


Техника, технология және өндірісті ұйымдастыру






Өндірісті автоматтандыру мен механизациялау деңгейі





Жұмысшылардың квалификация деңгейі





Жұмысшылардың еңбек өтілі мен жасы





Еңбекті


ынта

лан


дыру

және т.б.


6.1 сурет. Еңбек өнімділігінің факторлық жүйесінің құрылымдық-логикалық моделі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет