27. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
1. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі қолда бар материалдар көлемін олардың жоспарлы қажеттілігімен салыстыру арқылы анықталады. Сонымен бірге, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Талдау барысында қоймадағы шикізат пен материалдар қорының жағдайына ерекше көңіл бөлу керек. Өндіріс үрдісіне қажетті материал мен шикізаттың ағымдық, маусымдық және сақтық қорлары ажыратылады. Материалдардың ағымдық қорының көлемі (Қағ.) материалдарды жеткізу жиілігі (Жкүн) мен материал түрін тәуліктік тұтыну көлеміне (Ттәул.) байланысты :
Қағ. = Жкүн * Ттәул.
Материалдар мен шикізаттардың маңызды түрлерінің ағымдық қорының жағдайына баға беру үшін оның қолда бар көлемі нормативті шамамен салыстырылады (7.1-кесте).
7.1 кесте. Материалдық қорлардың жағдайын бағалау
Материал түрі
|
Орташа тәуліктік қажеттілік,
м
|
Нақты қор
|
Қор нормасы, күн
|
Ауытқу, +-
|
м
|
күн
|
күн
|
м
|
А
|
480
|
1920
|
4
|
6
|
-2
|
-960
|
Б
|
800
|
5600
|
7
|
6
|
-1
|
-800
|
Кесте мәліметтері кәсіпорында запас нормасы сақталмайтындығын көрсетеді, 1-материал түрінің қоры нормативтен 2 күнге, 2-материал түрінің қоры 1 күнге кем.
Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуінен өндіріс көлемі тікелей тәуелді. Бұл байланысты сипаттау үшін натуралды шамадағы өнім өндірісін келесі үлгімен бейнелеуге болады:
Vi =
Мұндағы: Vi - белгілі бір өнім түрінің физикалық көлемі; Мi- өнім өндірісіне жұмсалған материалдық шығындар; Oi - материал қалдығы; Уi - өнім бірлігіне жұмвсалған материал шығыны.
7.2 кесте. Материалды пайдалану деңгейінің өндіріс көлеміне әсері
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Нақты
|
Ауытқу, +-
|
Пайдаланылған материал көлемі, м
|
27580
|
28340
|
+760
|
Материал қалдығы, м
|
380
|
440
|
+60
|
Өнім өндірісіне жұмсалған материал, м
|
27200
|
27900
|
+700
|
Өндіріс көлемі, дана
|
8500
|
9000
|
+500
|
Өнім бірлігіне материал шығыны, м
|
3,2
|
3,1
|
-0,1
|
Өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлардың әсері, дана:
- пайдаланылған материал көлемінің өсуі
- материал қалдығының өсуі
- 1 өнімге материал шығынының кемуі
|
х
х
х
|
х
х
х
|
+238
-19
+281
|
7.2 –кестеде келтірілген есеп нәтижелерін (аталған 3 фактордың өндіріс көлемінің өзгерісіне әсері) абсолютті айырмашылықтар не тізбекті алмастыру әдістерінің бірімен анықтауға болады (7.3-кесте).
7.3-Кесте. Өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлар әсерінің есебі
Фактор
|
Фактор әсерін есептеу алгоритмі
|
Өндіріс көлемінің өзгерісі, дана
∆V
|
абсолютті айырмашылықтар әдісі
|
тізбекті
алмастыру
әдісі
|
Пайдаланылған материал көлемі (М)
|
|
|
+238
|
Материал қалдығы (О)
|
|
|
-19
|
Өнім бірлігіне материал шығыны (У)
|
|
|
+281
|
Барлығы
|
х
|
х
|
+500
|
Кесте мәліметтері бойынша нақты өндіріс көлемі жоспармен салыстырғанда 500 данаға немесе 5,9 % ға артық, оның ішінде: пайдаланылған материал көлемінің 760 м артуынан өндіріс көлемі 238 данаға өсті, материал қалдығының 60 м өсуінен өндіріс көлемі 19 данаға кеміді, ал 1 өнімге жұмсалған материал шығынының 0,1 м кемуінен өндіріс көлемі 281 данаға өсіп отыр.
Осы факторлық үлгі бойынша пайдаланылатын шикізат көлемін көбейту, материал қалдығын кеміту мен өнім бірлігіне жұмсалатын материал шығынын кеміту жолымен болатын өндіріс көлемін өсіру резервтерін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |