1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Еңбекақы қорының қолданылуын талдау



бет39/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

26. Еңбекақы қорының қолданылуын талдау.

 

         Еңбек ресурстарын пайдалану мен еңбек өнімділігін талдауды жалақымен тығыз байланыста жүргізу керек. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбекке ақы төлеуді жоғарылатудың алғы шарттарын жасайды. Бірақ кәсіпорын деңгейінде жалақы қорын пайдалануға жүйелі түрде талдау жасап, оны еңбек өнімділігін арттыру есебінен үнемдеудің жолдарын қарастыру керек.



         Жалақы қорын пайдалануды талдау жалақы қорының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтаудан басталады.

         Жалақы қорының абсолютті ауытқуы (∆ЖҚабс.) нақты төленген жалақы қорын (ЖҚ1) өткен жылғы, базисті не жоспарлы жалақы қорымен (ЖҚ0) салыстыру негізінде анықталады:

∆ЖҚабc. = ЖҚ1 - ЖҚ0

         Бірақ, жалақы қорының абсолютті ауытқуы өндіріс көлемінің өсу қарқынымен байланыста жүргізілмеуіне байланысты, оның деңгейіне қарап жалақы қорын пайдалануға баға беруге болмайды. Ол үшін жалақы қорының салыстырмалы ауытқуы есептеледі.

         Жалақы қорының салыстырмалы ауытқуы (∆ЖҚсал..нақты жалақы қоры (ЖҚ1) мен өндіріс көлемінің өсу қарқынына (Кж.ө.) түзетілген жалақы қоры (ЖҚтүз.) арасындағы айырма ретінде анықталады. Бұл жерде жалақы қорының тек айнымалы бөлігі (ЖҚайн.) ғана қайта есептелінетінін ескеру қажет, өйткені оның шамасы өндіріс көлеміне пропорционалды өзгереді (кесімді жалақы, өндірістік жетістіктер үшін үстеме), ал жалақы қорының тұрақты бөлігі  (ЖҚтұр.) өзгермейді.

∆ЖҚсал. = ЖҚ1 – ЖҚтүз.= ЖҚ1 – (ЖҚайн. * Кж.ө. + ЖҚтұр.)

 

6.9 Кесте. Жалақы қорын талдау үшін мәліметтер



 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Өсу қарқыны

Жалпы өнім құны, мың тг

198135

193190

0,975

Жалақы қоры, мың тг

- айнымалы бөлігі

- тұрақты бөлігі


79254

51641


27613

81612

48357


33255

1,030

0,936


1,204

 

6.9 кесте мәліметтері бойынша жалақы қорының абсолютті ауытқуы 2358 мың теңгені құрайды, яғни өндіріс көлемінің кемуіне қарамастан жалақы қоры 2358 мың теңгеге өскен: 

 ∆ЖҚабc. = 81612 – 79254= +2358 мың тг.

Жалақы қорының салыстырмалы ауытқуы 3649 мың теңге:

 ∆ЖҚсал. = 81612 – (51641 * 0,975 + 27613) = 81612-77963 =  +3649 мың тг.

Кәсіпорында жалақы қоры өндіріс көлеміне пропорционалды өзгергерсе,  есепті жылы төленген нақты жалақы қоры 81612 мың теңге емес, 77963 мың теңгені құрайтын еді. Бірақ  жалақы қоры төленуі тиісті сомадан 3649 мың теңгеге артық жұмсалып отыр (салыстырмалы ауытқу).

Сонымен бірге, талдау барысында орташа жылдық жалақы мен жылдық еңбек өнімділігінің қатынасына да баға беру керек. Үдемелі ұдайы өндірісті жалғастыру, қажетті рентабельділік деңгейін қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігінің арту қарқыны жалақының арту қарқынынан алда болуы керек.  Егер бұл принцип сақталмаса, онда жалақы қоры үнемсіз пайдаланылып, өнімнің өзіндік құны жоғарылайды.

Біздің мысалымызда жылдық еңбек өнімділігінің индексі (IE):

 

I=  



 

Орташа жылдық жалақының индексі (Iж)



Iж =  

Есептеулер нәтижесі орташа  жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан алда екендігін көрсетеді,  жылдық еңбек өнімділігі 3,6 %ға жоғарылағанда, орташа жалақы 9,4% ға жоғарылаған. Демек, кәсіпорында жалақы қоры тиімсіз пайдаланылып отыр.



Еңбек өнімділігі мен жалақының арасалмағы әсерінен жалақы қорының үнем (-Э) не артықшылық (+Э) сомасы келесідей есептеледі:

 Э = ЖҚ1 * мың теңге

Яғни, жалақының арту арту қарқыны  еңбек өнімділігінің арту қарқынынан алда болуы себепті, 4327 мың теңге көлеміндегі қаражат үнемсіз пайдаланылған.

Жалақы қорын пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштерді де пайдалануға болады:

-  жалақының 1 теңгесіне келетін жалпы  өнім көлемі;

- жалақының 1 теңгесіне келетін түсім;

- жалақының 1 теңгесіне жалпы табыс;

- жалақының 1 теңгесіне келетін таза табыс;

- өнімнің  1 теңгесіне келетін жалақы, т.б.


6.10 Кесте. Жалақы қорын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

  

Көрсеткіштер



 

Жоспар


 

Нақты


 

Бәсекелес кәсіпорын



Нақты деңгейдің қатынасы,%

жоспарға

бәсекелес кәсіпорынға

Жалпы өнім құны, мың тг

198135

193190

218440

97,5

88,4

Өнім өткізуден түсім, мың тг

180303

181599

201763

100,7

90,0

Жалпы табыс, мың тг

37541

29613

54646

78,9

54,2

Таза табыс, мың тг

16201

14107

21748

87,1

64,9

Жалақы қоры, мың тг

79254

81612

70602

102,9

115,6

Жалақының 1 теңгесіне келетін, тг:

- жалпы өнім

- түсім

- жалпы табыс

- таза табыс


 

      


2,50

2,28


0,47

0,20


 

 

2,37



2,23

0,36


0,17

 

 

3,09



2,86

0,77


0,31

 

 

94,8



97,8

76,6


85,0

 

 

76,7



78,0

46,7


54,8

Жалақының жалпы өнімдегі үлесі, %

40,0

42,2

32,3

105,5

130,6

      Кәсіпорында жалақы қорын пайдалану тиімділігінің   нақты деңгейі жоспарлы және бәсекелес кәсіпорын деңгейімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Өйткені  нақты кезеңде жалпы өнім құны, түсім мен табыс сомалары жоспарлы және бәсекелес кәсіпорын деңгейімен салыстырғанда төмен болуына қарамастан, жалақы қоры жоғары. Соған байланысты бәсекелес кәсіпорынмен салыстырғанда жалақының 1 теңгесіне келетін жалпы өнім 0,72 тг. немесе 23,3 % ға, таза табыс  0,14тг. немесе 45,2 % ға төмен. Сол себепті жалақы қорын пайдалану тиімділігін арттырудың жолдарын іздестіру қажет, оның негізгі бағыттары:

- жұмыс уақытын үнемді пайдалану;

- еңбек үрдісін интенсивтендіру;

- шығарылатын өнім сапасын жақсарту,

- жұмыскерлерді еңбек нәтижесіне ынталандру, т.б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет