22. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
Еңбек ресурстарын басқару аясында еңбек ресурстарын қалыптастыру мен дамыту, еңбек үрдісінің сапасын жоғарылату – кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына жетуі мен бәсекеде артықшылыққа ие болуының негізгі факторы.
Кәсіпорынның өндірістік үрдісін еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыскерлердің саны мен біліктілігі анықталады.
Келесі кезеңде ағымдық және болашақтағы жоспарларды орындау үшін қажетті персоналдың саны мен сапалық құрамы жоспарланады.
Еңбек ресурстарын қалыптастыру болашақтағы кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету жоспарын дайындау мен жүзеге асырумен аяқталады.
Кәсіпорынның адам ресурстарын қалыптастыруда еңбек ресурстарын дамыту мен еңбек үрдісінің сапасын жақсарту үлкен мәнге ие. Еңбек ресурстарын дамыту жұмысқа қабылданған мамандарды жаңа жұмыс орнына кәсіби және әлеуметтік бейімдеуді, мамандарды қайта даярлауды, шеберлігін арттыруды қамтиды. Олардың барлығы соңғы нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауына ықпал етуі тиіс. Еңбек үрдісінің сапасын жақсартудың мақсаты – еңбекті ұйымдастыру мен еңбек жағдайын тиімді жетілдіру жолымен, жұмыскерлерде өз жұмысына қанағаттанарлық сезімін қалыптастыру.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және оларды қолдану тиімділігі барлық жұмыстың уақтылы орындалуына және көлеміне, машиналарды, механизмдерді және құрал-жабдықтарды қолдану деңгейіне тікелей байланысты. Осының нәтижесінде өнімді өндіру көлемі, оның өзіндік құны, пайда және басқа да бірқатар экономикалық көрсеткіштердің көлемі анықталады.
Талдаудың негізгі міндеттері:
Сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің персоналмен қамтамасыз етілуін анықтау.
Кәсіпорынның персоналды қолдануының интенсивтілігіне, экстенсивтілігіне және тиімділігіне баға беру.
Кәсіпорынның персоналды қолдануының неғұрлым толық және тиімді резервтерін анықтау.
Ақпарат көздері – еңбек бойынша жоспар, «Еңбек бойынша есеп беру» статистикалық есеп беру құжаты, табельдік есеп беру мен кадрлар бөлімінің мәліметтері.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі – қызметкерлердің нақты санын мамандықтары және категориялары бойынша жоспарлық қажеттілікпен салыстыру негізінде анықталады.
6.1 кесте Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
Қызметкерлер
|
Саны
|
Қамтамасыз етілу %
|
жоспар
|
нақты
|
Өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны
|
200
|
200
|
100
|
Оның ішінде Жұмысшылар
|
160
|
164
|
102,5
|
Олардан:
Киім үлгісін дайындаушылар (закройщики)
|
30
|
32
|
106,7
|
Тігіншілер
|
90
|
94
|
104,4
|
Көмекші жұмыскерлер
|
40
|
38
|
95,0
|
Инженерлік – техникалық жұмысшылар және қызметкерлер
|
40
|
36
|
90,0
|
Сондай-ақ квалификация деңгейі бойынша персоналдың сапалық құрамын міндетті түрде талдау керек.
6.2 кесте Квалификация деңгейі бойынша жұмысшылар құрамы
Жұмысшылардың разряды
|
Тарифтік коэффициенттер
|
Жыл соңына жұмысшылар саны,адам
|
Базистік жыл
|
Есепті жыл
|
I
|
1,00
|
10
|
6
|
II
|
1,30
|
15
|
13
|
III
|
1,69
|
20
|
25
|
IV
|
1,96
|
50
|
68
|
V
|
2,27
|
35
|
33
|
VI
|
2,63
|
20
|
25
|
Барлығы:
|
|
150
|
170
|
Жұмысшылардың орташа тарифтік разряды
|
|
3,96
|
4,08
|
Орташа тарифтік коэффициент
|
|
1,95
|
1,99
|
Салмақталған арифметикалық орташа бойынша есептелген жұмысшылардың орташа тарифтік разрядына және орташа тарифтік коэффициентіне қарасақ, олардың квалификациялық деңгейі есепті жылы біршама көтерілген.
Жұмысшылардың квалификациялық деңгейі жұмысшылардың жасына, жұмыс өтіліне, біліміне тікелей байланысты болады. Сондықтан талдау жүргізгенде осы белгілеріне көп көңіл аударылады.
6.3 кесте Кәсіпорынның еңбек ресурстарының сапалы құрамы
Жұмыскерлер топтары
|
Жыл соңындағы жұмыскерлер саны, адам
|
Үлесі, %
|
базисті жыл
|
есепті жыл
|
базисті жыл
|
есепті жыл
|
Біліктілігі бойынша, тарифтік коэффициент
|
1
|
45
|
34
|
13,8
|
10,8
|
2
|
29
|
54
|
8,9
|
17,1
|
3
|
27
|
29
|
8,3
|
9,2
|
4
|
38
|
36
|
11,7
|
11,4
|
5
|
38
|
39
|
11,7
|
12,4
|
6
|
40
|
46
|
12,3
|
14,6
|
басқа да
|
108
|
77
|
33,2
|
24,5
|
Барлығы:
|
325
|
315
|
100,0
|
100,0
|
Жасы бойынша, жыл
|
20 жасқа дейін
|
46
|
51
|
14,1
|
16,2
|
20-30 жас
|
129
|
105
|
39,7
|
33,3
|
30-40 жас
|
68
|
74
|
20,9
|
23,5
|
40-50 жас
|
46
|
48
|
14,1
|
15,2
|
50-60 жас
|
24
|
21
|
7,4
|
6,7
|
60 жастан жоғары
|
12
|
16
|
3,8
|
5,1
|
Барлығы:
|
325
|
315
|
100,0
|
100,0
|
Білімі бойынша
|
Бастауыш білімді
|
58
|
64
|
17,8
|
20,3
|
Арнайы орта білімді
|
226
|
201
|
69,5
|
63,8
|
Жоғары білімді
|
41
|
50
|
12,7
|
15,9
|
Барлығы:
|
325
|
315
|
100,0
|
100,0
|
Еңбек өтілі бойынша, жыл
|
5 жылға дейін
|
58
|
66
|
17,8
|
20,9
|
5-10 жыл
|
61
|
48
|
18,8
|
15,2
|
10-15 жыл
|
28
|
35
|
8,6
|
11,1
|
15-20 жыл
|
99
|
102
|
30,4
|
32,4
|
20 жылдан жоғары
|
79
|
64
|
24,4
|
20,4
|
Барлығы:
|
325
|
315
|
100,0
|
100,0
|
Жұмыскерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер жұмыс күшінің қозғалысының әсерінен болады, сол себепті талдау барысында еңбек ресурстарының қозғалысына баға беру керек. (6.4. кесте)
6.4 кесте Жұмыс күшінің қозғалысы туралы мәліметтер
Көрсеткіштер
|
өткен жыл
|
есепті жыл
|
Жыл басындағы ӨӨП саны
|
150
|
180
|
Жұмысқа қабылданды
|
50
|
80
|
Жұмыстан шығарылды
|
20
|
40
|
онын ішінде: өз қалауы бойынша
|
10
|
20
|
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылғандар
|
2
|
8
|
Жыл соңындағы персоналдың саны
|
180
|
220
|
Персоналдың орташатізімдік саны
|
168
|
200
|
Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау айналымының коэффициенті
|
0,3
|
0,4
|
Жұмысшылардың жұмыстан шығарылу айналымының коэффициенті
|
0,12
|
0,2
|
Кадрлар ағымдылығының коэффициенті
|
0,07
|
0,14
|
Кадрлар тұрақтылығының коэффициенті
|
0,77
|
0,7
|
23. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.
Жұмыс персоналының толықтай пайдаланылуын талданып отырған уақыт кезеңіндегі бір жұмысшының жұмыс жасаған күндері мен сағаттары арқылы және де жұмыс уақыты қорын пайдалану деңгейі арқылы бағалауға болады.(ЖУҚ) Мұндай талдау барлық жұмысшылардың әр категориялары, әрбір өндіріс бөлімшелері және жалпы кәсіпорын бойынша жүргізіледі. (6.5 кесте)
ЖУҚ жұмысшылардың санына, бір жұмысшының орташа бір жылдағы жұмыс күндерінің санына және жұмыс күнінің орташа ұзақтығына тәуелді. Бұл тәуелділікті келесідей түрде көрсетуге болады:
ЖУҚ= ЖС * К * Ұ
6.5 кесте Кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдалану
Көрсеткіштер
|
Көрсеткіш мағынасы
|
Өзгерістер
( +, - )
|
T0
|
T1
|
Орташажылдық жұмысшылар саны (ЖС )
|
160
|
164
|
+4
|
Бір жылда жұмыс жасалған күндер саны, (К)
|
225
|
215
|
-10
|
Бір жылда жұмыс жасалған сағаттар саны,(С)
|
1755
|
1612,5
|
-142,5
|
Жұмыс күндерінің орташа ұзақтығы,(Ұ), сағ
|
7,8
|
7,5
|
-0,3
|
Жұмыс уақытының барлық қоры (ЖУҚ),адам-сағ
|
280 800
|
264450
|
-16 350
|
Талдау жүргізілген кәсіпорында нақты ЖУҚ-ның жоспарланғанына қарағанда 16 350 сағатқа төмен, сонын ішінде мыналардың өзгерісіне байланысты:
а) жұмысшылардың санына
ЖУҚ = (ЖС1-ЖС0) * К0 * Ұ0 = (164-160) * 225 * 7,8 = +7020 сағ
б) бір жұмысшымен жасалған жұмыс күндерінің санына
ЖУҚ =ЖС1 * (К1-К0) * Ұ0=164 *(215-225) * 7,8 = - 12792 сағ
в) Жұмыс күнінің ұзақтығына
ЖУҚ = ЖС1 * К1 * (Ұ1- Ұ0) = 164 * 215 * (7,5 – 7,8) = -10578 сағ
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, кәсіпорын өз еңбек ресурстарын толық көлемде пайдаланбайды. Бір жұмысшының орташа жасаған жұмыс күндері 225 күннің орнына 215 күн, осыдан келіп бір жұмысшының тұтас 1 күндік жұмыс уақытын жоғалтуы 10 күнге, ал барлығы бойынша 1640 күнге немесе 12792 сағатқа (1640 * 7,8) жоғарлады.
Ауысымішілік жұмыс уақытын жоғалтудың да жоғарлауы байқалады: бір күнге олар 0,3 сағатты құраса, барлық жұмысшылардың жұмыс жасаған күндеріне 10 578 сағатты (164*215 * 0,3) құрады.
Барлық жоғалған жұмыс уақыты – 23 370 сағат (12 792 + 10 578) , немесе 8,8% (23 370 / 264 450)
Келесі кезекте уақыт қорын пайдалану деңгейіне сипаттама беру керек, ол үшін абсолютті шамадағы келесідей уақыт қорлары есептеледі:
1. Календарлық уақыт қоры – барлық жұмысқа келген және келмеген адам-күндердің қосындысы, яғни 1 адамға шаққанда 365 күн.
2. Табельдік уақыт қоры = Календарлық уақыт қоры – Демалыс және мейрам күндері
3. Максималды мүмкін уақыт қоры = Табельдік уақыт қоры – Кезекті демалыс күндері
4. Нақты орындалған уақыт қоры – нақты жұмыс істелінген адам-күндердің жиынтығы.
Уақыт қорын пайдалану деңгейіне салыстырмалы баға беру үшін келесі көрсеткіштер есептеледі:
1. Календарлық уақыт қорын пайдалану коэффициенті – календарлық уақыт қорының қанша пайызында нақты жұмыс орындалғандығын сипаттайды:
Нақты жұмыс орындалған уақыт қоры/
К=
Календарлық уақыт қоры
2. Табельдік уақыт қорын пайдалану коэффициенті – табельдік уақыт қорының қанша пайызында нақты жұмыс орындалғандығын сипаттайды:
Нақты жұмыс орындалған уақыт қоры/
К=
Табельдік уақыт қоры
3. Максималды мүмкін уақыт қорын пайдалану коэффициенті –орындалуы тиіс уақыт қорының қанша пайызында нақты жұмыс орындалғандығын сипаттайды:
Нақты жұмыс орындалған уақыт қоры/
К=
Максималды мүмкін уақыт қоры
Тұтас бір күндік және ауысымішілік жұмыс уақытының жоғалуының себептерін анықтау үшін нақты және жоспарлық жұмыс уақытының балансының мәліметтерін салыстырады. (6.6 кесте)
Кесте 6.6 Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау
Көрсеткіштер
|
Бір жұмысшыға
|
Өзгерістер
|
T0
|
T1
|
Бір жұмысшыға
|
Барлық жұмысшыларға
|
Күнтізбелік күндер саны
|
365
|
365
|
-
|
-
|
Соның ішінде:
мейрамдар мен демалыс күндері
|
101
|
101
|
-
|
-
|
Номиналды жұмыс уақыты қоры, күндер
|
264
|
264
|
-
|
-
|
Жұмысқа келмеушілік, күндер
|
39
|
39
|
-
|
-
|
Соның ішінде:
жыл сайынғы кезекті демалыс
|
21
|
24
|
+3
|
+492
|
оқумен байлнысты демалыс
|
1
|
2
|
+1
|
+164
|
жүктілікпен байланысты демалыс
|
3
|
2
|
-1
|
-164
|
әкімшіліктің шешімі бойынша қосымша кезекті демалыс
|
5
|
8
|
+3
|
+492
|
аурулар
|
9
|
11,8
|
+2,8
|
+459
|
себепсіз жұмысқа келмеу
|
-
|
1,2
|
+1,2
|
+197
|
бос тұрып қалу
|
-
|
4
|
+4
|
+656
|
Жұмысқа келгендердің жұмыс уақыты қоры,күн
|
225
|
215
|
-10
|
-1640
|
Жұмыс ауысымының ұзақтығы,сағ
|
8
|
8
|
-
|
-
|
Жұмыс уақытының бюджеті,сағ
|
1800
|
1720
|
-80
|
-13120
|
Мейрам алдындағы қысқартылған жұмыс күндері,сағ
|
20
|
20
|
-
|
-
|
Жасөспірімдерүшін жеңілдікті уақыт, сағ
|
2
|
2,5
|
+0,5
|
+82
|
Балалы аналардың жұмысындағы үзілістер, сағ
|
3
|
5
|
+2
|
+328
|
Ауысымішілік бос тұрып қалу
|
20
|
80
|
+60
|
+9840
|
Жұмыс уақытының пайдалы қоры
|
1755
|
1612,5
|
-142,5
|
-23370
|
Жұмыс уақытынан тыс жұмыс жасалған уақыт, сағ
|
-
|
8
|
+8
|
+1312
|
Жұмыс уақытының өндірістік емес шығындары, сағ
|
-
|
10
|
+10
|
+1640
|
Максималды мүмкін уақыт қоры мен нақты орындалған уақыт қорының айырмашылығы – жұмыс уақытын бос жоғалту көлемін бейнелейді. Жұмыс уақытының жоғалуы, кестеде көрсетілгендей, жоспарда қарастырылмаған объективті және субъективті жағдайлардан пайда болады:
әкімшіліктің шешімімен қосымша демалыстар, уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтуына байланысты жұмысшылардың ауруы, себепсіз жұмысқа келмеу, еңбек құралдарының, машиналардың, механизмдердің сынуына байланысты бос тұрып қалуы, жұмыстың, материалдың, энергия мен жанар-жағар майдың жоқшылығына т.б. себептеріне байланысты.Осы себептердің әр түрі толық талданады, әсіресе кәсіпорынның кінәсінен болғандары.
Біздің мысалда жоғалулардың көпшілігі ( (492+197+656) * 7,8 + 9840 = 20330 сағ) субъективті жағдайдан пайда болған: әкімшілік шешімдермен қосымша демалыстар, себепсіз жұмыстан қалу, бос тұрып қалу. Бұның бәрін қолданылмаған жұмыс резервтері деп санауға болады, яғни ондай уақыттың жоғалулары 11 жұмысшының (20330 / 1755) жұмыстан босатылуымен бірдей.
Кәсіпорында өндірістік емес еңбек шығындары да айтарлықтай. (жарамсыз (брак) өнімді өндіруге және түзетуге кеткен, сондай-ақ технологиялық процестен ауытқуға байланысты кеткен уақыт шығындары). Олар 1640 сағатты құрайды.
Еңбек ұжымына байланысты себептерден болатын жұмыс уақытын жоғалтулар санын кеміту – қосымша қаражат салмай-ақ өндіріс көлемін арттырудың резерві болып саналады. Сонымен бірге, «өнімді емес» жұмыс уақытын (сапасыз, жарамсыз өнім шығаруға, ақауды түзетуге кеткен уақыт) кеміту жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін арттырудың елеулі резерві болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |