17. Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау
Ырғақтылық – бұл жоспарда қарастырылған, көлем мен ассортимент графигіне сәйкес, өнімнің бірқалыпты шығарылуы және тиеліп жіберілуі. Ырғақты қызмет өнімнің уақтылы шығарылуы мен өткізілуінің негізгі шарты болып табылады. Ырғақсыздық барлық экономикалық көрсеткіштерді төмендетеді: өнімнің сапасы төмендеп, аяқталмаған өндірістің көлемі және қоймадағы дайын өнімнің жоспардан артық қалдықтары ұлғаяды, нәтижесінде капиталдың айналымдылығы баяулайды, келісім-шарт бойынша жабдықтау орындалмайды, ал кәсіпорын өнімді уақытында тиеп жібермегені үшін айыппұл төлейді; өнімді өткізуден түскен түсім де уақытында түспей, осыдан келіп ақша ағымының дефициті орын алады; Еңбек ақы қоры артық шығындалады, өйткені, ай басында жұмысшыларға жұмыстың тоқтап тұруына байланысты, ал ай соңында – жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс үшін төлейді. Мұның барлығы өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына, пайда сомасының азаюына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады.
Ырғақтылықты бағалау үшін тікелей немесе жанама көрсеткіштер қолданылады.
Тікелей көрсеткіштер- бұл ырғақтылық коэффиценті, вариациялық коэффицент, өндірістің жылдық көлеміндегі өнімнің i-ші кезеңдегі өндірілген өнімнің үлес салмағы.
Ырғақтылықтың жанама көрсеткіштері- жұмыста қосымша жұмыс жасағаны үшін төлем, кәсіпорын кесірінен жұмыс тұрып қалғаны үшін төлем, жарамсыз өнімнен болған жоғалтулар, уақытылы жеткізілмеген өнімдер үшін айыппұлдар және т.б.
Көп таралған көрсеткіштердің бірі –ол ырғақтылық коэффиценті - әр кезеңдегі шығарылған өнімнің нақты үлес салмақтарының қосындысы, бірақ базалық деңгейден артық болмауы керек. Берілген кесте бойынша оның мәнін есептейік:
Достарыңызбен бөлісу: |