Ф-ОБ-001/175-2
тамырлар жүйесі ауруларын, гастроэнтерология - ас қорыту жүйесі
ағзаларының ауруларын, гематология - қан және қан жасаушы ағза ауруларын,
эндокринология-ішкі секреция бездері мен зат алмасу процесінің бұзылысы
ауруларын, ревматология - қимыл тірек аппараты мен дәнекер ұлпа, ішкі
ағзалар мен қан тамырлар ауруларын зерттейтін бөлімдер кіреді.
Ішкі ағза аурулары клиникалық медицинаның негізгі бөлігі болып
саналады. Ол ішкі аурулардың этиологиясын, патогенезі мен клиникалық
белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу және алдын
алу шараларын қарастырады, жеке аурулардың пайда болу себептерін
анықтайды. Жалпы айтқанда, ішкі аурулар туралы ғылымның медициналық
практикадағы орны орасан зор.
«
Достарыңызбен бөлісу: