тайпадан: бес дулу, бес нушеби тұрған. Аталған тайпалар үйсіндердің
жерін, Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аймақты мекендеген. Сонымен қатар
Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері де қағанат иелігіне кірген. Қағанатта
қалалық мәдениет жақсы дамыды. Яғни,
мемлекет халқы көшпелі мал
шаруашылығымен қатар отырықшы шаруашылықпен де айналысқан.
Қағанат қалалары Жібек жолы бойында орналасқандықтан, сауда-саттық
айналымы жақсы жүрді.
VI-VII ғасырларда Талас, Шу, Іле өзені
аңғарларында қалалық мәдениет кемеліне жетті.
Түрік қағанаттары ыдырағаннан кейін оның кең-байтақ жер иелігінде ірі
тайпалар құрған мемлекеттер қалыптасты: Еділ мен Солтүстік Кавказда –
Хазар
қағанаты, Сыр мен Арал маңында – Оғыз, Жетісуда – Қарлұқ;
Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда – Қимақ мемлекеті,
Монғолия жерінде Ұйғыр қағанаты.
Жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығының құрылуына түркі
тайпалары атсалысты деп айта аламыз. Олардың шаруашылығында тек бір
бағыт қана дамымады, керісінше отырықшы
мен көшпелі өмір салтына
байланысты түрлі шаруашылықты алып жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: