4.Фармкодинамика анықтамасы.ДЗ фармокологиялық әсері.Жіктелуі.ДЗ терапиялық әсерінің мөлшеріне әсер ететін факторлар.Доза түрлері,терапиялық әсердің кеңдігі. Фармакодинамика (ФД) - дәрілік заттектердің ағзаға әсерін зерттейтін фармакологияның бөлімі, Дәрілік әсерлер: негізгі (немесе басты) және негізгі емес (қосымша). Негізгі әсер. Дәрінің белгілі фармакологиялық әсерін ескере отырып дәрігер науқасты. емдегенде белгілі симптомдарын жою үшін. Оны тағайындайды (анальгетиктер - ауыру сезімін басу үшін, гипотензиялық препараттар - артериялық қысымды төмендету үшін қолданады және т.б.). Негізгі емес әсер берілген дәріге тән, бірақ оны ішкен науқаста осы белгілердің пайда болуы міндетті емес (наркотиктік емес анальгетиктер - ауыру сезімін басатын әсерінен басқа дене қызуын түсіретін әсері бар және т.б.).
ДЗ фармакологиялық әсерлерінің шамасына ықпал ететін факторлар
1) Әрбір дәрінің фармакокинетикалық ерекшелшктері (сіңірілу жылдамдығы немесе абсорбция, биотрансформация, организмге жиналуы, препараттың экскрециясы ж.т.б.).
2) Физиологиялық факторлар:Жасы. Дене салмағы. Жынысы. Генетикалық факторлар. Биологиялық ырғақтар (тәуліктік, айлық, мезгілдік, жылдық,
популяциялық т.б.). Эмоциялық фактор. Организмнің жағдайлары және патологиялық факторлары.
Дәрілердің мөлшері Мөлшер - бір рет қабылдауға арналған дәрінің саны (әдетте бір реттік мөлшер ретінде белгіленеді). Емнің нәтижесі, сонымен қатар науқастың қауіпсіздігі де дәрінің мөлшерінен тәуелді. Емдік мақсатта қолданатын мөлшерді терапиялық мөлшер деп айтамыз.
Терапиялық мөлшердің түрлері:Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін туындататын минималды мөлшерді табалдырық немесе минималды терапиялық мөлшер деп атайды. Орташа емдік мөлшер клиникалық тәжірибе жасағанда санап беріледі.Ол үшін тәжірибеге қатысқан науқастардың әр қасысына фармакотерапиялық әсерін көрсететін осы дәрінің жеке мөлшерін тауып береді. Содан кейін барлық тәжірибеге қатсышулардың жеке терапиялық мөлшерінің орташа арифметикалық санын санап береді. Нақты бір науқасқа жеке мөлшерді анықтаған кезде орташа емдік мөлшерге жүгінеміз.
Жоғары терапиялық мөлшер - организмге енгізген кезде, науқасқа зиян келтірмейтін дәрілік препараттың максималды мөлшері. Препараттың терапиялық әсерінің кеңдігі деп минималды емдік мөлшерден жоғарғы емдік мөлшерге дейінгі диапазонды айтамыз. Осы дистанция неғұрлым үлкен болса, сол препарат анағұрлым қауіпсіз болып келеді.Осымен қатар: курстық мөлшер - емнің бір курсына арналған препараттың мөлшері; соққы мөлшер - организмде дәрінің жоғары мөлшерін туғызу үшін бірнеше терапиялық мөлшерді қосып береді (бірақ жоғары терапиялық мөлшердеп асырмау қажеті). Терапиялық мөлшерді көбейткен кезде келесі мөлшерлерді ажыратуға болады: уытты мөлшер - организмнің улануына әкелетін мөлшер, леталді мөлшер - өлімге әкелетін мөлшер.