69.Жалпы соңғы жол,жалпы соңғы жол үшін күрес,күш/маңыздылығы факторының принциптері.Реципрокты иннервация.Доминанттылық,оның анықталуы мен қасиеттері.
Жалпы соңғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1)жоғарғы қозғыштық; 2)қозудың тұрақтылығы; 3)қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
70.ОНЖ нейрондардың өзара әрекеттесу принциптері(иррадиация,мультипликация,қозудың жол салу(пролонгирлеу) принципі). Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көріні Орталық нерв жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметі мен зат алмасуын реттеп отырады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді..
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған.Қозудың жол салу құбылысын жалпы конвергенцияға негізделген болып табылады.Жұлында мотонейроннның санын нейрондар саны 5 есе көп осыған байланысты сезгіш нейрондар мотонейрондарға серпініотстерді жеткізіп отырады.Жалпы жұлын мотонейронына бас миының әр бөлімдерінен серпіністер келіп жиналып отырады.Сондықтанда жұлын мотонейроны түрлі рефлекстерге қатысады,демек ол рефлекстердің соңғы жолы болып табылады.Жан жақтан жинақталған серпіністер мотонейронға таласады.Осы кезде тіршілік үшін күресте жеңгені мотонейронға ие болады.Бұл кезде мотонейронда қозу мен қажу әрекет етеді.