Қаз дауыстыҚазбек би туралы (1667-1764 ж.). Қазбек би – Отра жүздің “Төле биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында “Жеті жарғы” әдет-гұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.
Қазбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, оның мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
Қаз дауысты Қазбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
Қазбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ажмет Иасауи сағанасына жерленген.