1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм


ХХ ғ.б. қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер



бет11/11
Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#95186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
MIdterm ответ (1) (1)

ХХ ғ.б. қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер 

Қазақ əдебиетінің даму тарихында ХХ ғасыр əдебиеті үлкен орын алады. Жаңа ғасырмен бірге қазақ даласында рухани мəдениеттің өркендеуіне мүмкіндіктер туды. Соның бір көрінісі ретінде жазба əдебиет те ерекше екпінмен дами бастады. Ол жанрлық тұрғыдан салаланып, көркемдік тұрғыдан жетіле түсті. Əдебиет – замана тудырған асыл сөз. Сондықтан да ХХ ғасырдағы Қазақстандағы тарихи-қоғамдық жағдайлардың өзгерістеріне сай əдебиет те өз кезегінде солармен үндесе келіп, замананың көкейкесті мəселелерін көтеріп, қоғамдық өмірдің көркем суретін жасауға ұмтылды. Осыған орай, электронды оқулық материалдары кезеңдерге бөлініп, «ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиет», «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы əдебиет» деген тақырыптарда шолулар беріліп, сол қарсаңдағы қоғамдық-əлеуметтік өмірдің жай-күйі жəне оның əдебиет дамуына тигізетін əсері айқындалды. ХХ ғасырдың əдебиетін сөз еткенде ең алдымен, ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетін ерекше атауымыз қажет. Өйткені, ол – Абай дəстүр еткен ұлы үрдістен жалғасын тапқан басқа кезеңдерден бөлекше, қоғамдық ой-сананың қаймағы бұзылмай тұрғанда туған əдебиет. Сондықтан да бұл кезең əдебиеті қазақ даласындағы əлеуметтік қайшылықтарды ашып, халық өмірін сыншылдықпен де, шыншылдықпен де суреттей алды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиет сыншыл реализм айқын бедерленген кезең болып табылады. Сыншыл реализм ерекшеліктері М. Сералин, С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты көрініс тапты. Сөйтіп бұл кезеңде Абай реализмінің дəстүрі дами түсті. Сондай-ақ осы кезеңдегі қазақ əдебиеті тарихи-əлеуметтік қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, отаршылдыққа қарсы бағытталған күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға тартты. Əдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. шығармаларынан байқаймыз. Олардың шығармалары ресейлік отаршылдыққа, қоғам өміріндегі надандыққа, əлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталды. Жыраулардың жауынгерлік поэзиясындағы, Махамбет толғауларындағы ерлік пен күрескерлікті жырлау дəстүрі Ахмет Байтұрсынов бастаған ақынжазушылар шығармаларынан жаңаша жалғасын тауып, ерекше көзге шалынады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиет күрделі саяси-əлеуметтік мəселелерді алға шығарды, себебі, бұл кезде қазақ қоғамының алдында өзінің болашағын таңдау, тəуелсіздікке қол жеткізу күн тəртібіндегі басты мəселе ретінде алға шыққан еді. Əдебиет осы өзекті мəселені айта білді. Қазақ əдебиеті өзінің дəстүрлі классикалық сипатында дамығанымен жаңашыл əдебиет өкілдері Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бернияз Күлеев, т.б. оған өзгеше леп қосып, жаңашылдықпен байытып, көркемдік мəнін биіктетті. Олар өздерінің эпикалық шығармаларында, лирикалық туындыларында халық өмірін кеңінен суреттеп, жан-жақты ашты. Бостандық пен азаттық аңсаған қазақ халқы замана өзгерісіне орай Қазан төңкерісінен, Кеңес өкіметінен көп жақсылық күтті. Қоғамдағы осынау жаңаша даму барлық саяси-əлеуметтік қайшылықтарды экономикалық қиындықтарды шешеді деп білді. Сондықтан да 20-30 жылдардағы қазақ əдебиеті қоғамдағы өзгерістерді жырлап, толыққанды көрсетуге ұмтылды. Осы кезеңде əдебиеттің жаңа буын өкілдері Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, т.б. шығармашылықтары қазақ əдебиетінің биік деңгейін таныта алды. С.Сейфуллин Қазан төңкерісі негізінде келген ұлы өзгерістерді ерекше шабытпен жырлады. Осы тұста аса өнімді еңбек еткен Б. Майлин өз əңгімелері мен пьесаларында қазақ аулындағы кедейлер санасының өзгерісін терең ашып көрсетуге тырысты. Қазақ поэзиясының дүлдүл жүйрігі І. Жансүгіров сайын даланың тарихи образын жасап, өнер жəне өнерпаз жөнінде тебірене жыр төкті. 20-30 жылдардағы əдебиетте кейіпкерлердің көбі əлеуметтік қайшылық жəне саяси күреспен астарланған тартыс арқылы көрсетілді. Сөйте тұра Жүсіпбек Аймауытов, Б. Майлин т.б. жазушылар шығармаларынан кейіпкерлердің нағыз реалистік сипаттағы табиғатын тануға болады. Олардың өзіне ғана тəн тағдыры, сүйініші мен күйініші, мінез-құлықтары, жан-дүниесі шынайы ашылады. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің тарихына арналған бұл электронды оқу құралында өткен ғасырдағы ұлттық əдебиетіміздің ұлы тұлғаларының шығармалары сөз болып, əдебиет дамуының үлгісіне баланар көркемдік-эстетикалық сапасы жоғары туындылар іріктеліп алынып, рет-ретімен жүйеленіп ұсынылды. Олар 1900-1920 жылдар аралығы, 1920-1940 жылдар аралығы деген шартты түрдегі кезеңдерге бөлініп, сол кезеңдердегі əдебиеттің биік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан шығармашылық тұлғаларға жеке тараулар берілді. Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың қырық жылдай уақытын қамтитын кезеңде қазақ əдебиеті барлық жанрда жазылып, көркемдікэстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде дамыған əдебиет деп тануға лайық. Ол өзінің ұлттық сипатында гүлденген жəне бүкілəлемдік мəдениеттен нəр алған қуатты əдебиетке айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет