6. Көлемді сараптамада концентрацияны қалай белгілейді? Ерітіндінің концентрациясы деп ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі көлеміндегі немесе массадағы еріген заттың мөлшерін атайды. Ерітіндінің концентрациясын бірнеше тәсілдермен көрсетуге болады: массалық процентті концентрация, молярлығы, эквивалентті немесе нормальді концентрация, моляльдығы, титр және т.б.
1. Массалық процентті концентрация (ω) - ерітіндінің 100 грамындағы еріген заттың грамм санын көрсетеді.
, (35) мұндағы m1- еріген заттың массасы, г; m2- ерітіндінің массасы, г.
2. Молярлылық (СМ )– ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың моль санын көрсетеді.
, (36) мұндағы m - еріген заттың массасы, г; М- еріген заттың молярлық массасы, г/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.
3. Нормальдылық (эквиваленттік концентрация) (Сн )- ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың эквиваленттер санын көрсетеді.
, (37) мұндағы m - еріген заттың массасы, г; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.
4. Моляльдылық (Сm )– еріткіштің 100 грамындағы еріген заттың моль санын көрсетеді.
5. Титр (Т)- ерітіндінің 1 см3 (мл)-дегі еріген заттың граммй» санын көрсетеді.
, (38)мұндағы Сн – ерітіндінің нормальдылығы, г-экв/моль; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль;
7. Заттың құрамын грамдап және тікелей титрледуің %-тік әдісімен, кері титрлеу әдісімен есептеу. Тура титрлеуде анықталатын зат титрантпен тікелей әрекеттеседі,бір ғана титрант қажет, бұл тәсіл ең жиі пайдаланады.
Мысалы, сілтіні қышқылмен (не керісінше) титрлеу. Бұл жағдайда анықталатын зат бірден титрантпен титрленеді, яғни бір ғана стандарт ерітінді керек. Егер қышқыл-негізді титрлеуде (нейтралдау әдісі) қышқылдың мөлшерін анықтаса, онда ол әдіс алкалиметрия ( титрант – негіз) деп, негіз мөлшерін анықтаса –ацидиметрия ( титрант – қышқыл) деп аталады.
Кері титрлеуде екі титрант қажет: негізгі және қосымша. Анықталатын зат ерітіндісінебелгілі және артық мөлшерде негізгі титрант қосады.Оның қалдық мөлшерін қосымша титрантпен титрлейді.