8. Титрлеу қисығы. Титрлеу қисықының құрылымы қандай сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді? Титриметриялық анализдің маңызды сипаттамаларының бірі - титрлеу қисықтары. Титрлеу қисығын салғанда абсцисса осінде титрант көлемі Vт немесе титрлеу дәрежесі f салынады, f = VT/ V0. Ордината осінде заттың концентрациясы, концентрация логарифмі немесе концентрацияға пропорционал шама салынады. Осыған байланысты титрлеу қисықтары сызықтық және логарифмдік болып бөлінеді.
Титриметриялық анализде тек теориялық қисықтар салынады. Оларды индикатор таңдау үшін салады. Ол үшін анықталатын зат пен титрант концентрациясын бірдей қылып алады, титрлеу барысындағы көлем өзгерісін ескермейді. Титрлеу кезіндегі концентрацияны есептеу үшін тепе-теңдік константалар мәнін пайдаланады. Индикаторды таңдағанда түс өзгерту интервалы (немесе рТ шамасы) титрлеу секірмесіне енуі тиіс.
9. Титрлеу қисығындағы эквиваленттік нүкте. Келесі ерітінділерді титрлеу кезінде эквивалент нүктесі рН-тың қандай (қышқыл, негіздік, нейтрал) облысында жатыр? а) күшті қышқыл күшті негізбен; ә) әлсіз қышқыл күшті негізбен; б) әлсіз негіз күшті қышқылмен. Титрлеу қисықтары қосылған титранттың көлеміне байланысты ерітінді рН-ының өзгеруін көрсетеді. Титрлеу қисығын тұрғызу үшін әртүрлі нүктедегі рН мәндерін есептейді: 1) бастапқы нүкте; 2) эквиваленттік нүктеге дейін; 3) эквиваленттік нүкте; 4) эквиваленттік нүктеден кейін.
Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу қисығы. 100 мл 0,1н HCl ерітіндісін 0,1н NaOH ерітіндісімен титрлеу. Химиялық реакция теңдеуі: HCl + NaOH = NaCl + H2O.
Бастапқы нүкте:1) 100 мл 0,1н HCl ерітіндісі бар. HCl - күшті қышқыл, сондықтан С(HCl) = , = С(HCl) = 0,1моль/л. рН = -lg = -lg10-1 = 1.
Эквиваленттік нүктеге дейін:2) 100 мл 0,1н HCl ерітіндісі 50 мл 0,1н NaOH ерітіндісімен титрленгенде жалпы ерітіндінің құрамында қалған HCl концентрациясы келесі қатынаспен анықталады.
3. Эквиваленттік нүкте:6) 100 мл 0,1н HCl ерітіндісі 100 мл 0,1н NaOH ерітіндісімен титрленген, бұл жағдайда HCl ерітіндісіне NaOH ерітіндісінің эквиваленттік мөлшері қосылған, бұл нүктені эквиваленттік нүкте деп атайды. Реакция нәтижесінде түзілген тұз NaCl гидролизденбейді. HCl + NaOH = NaCl + H2O, Н+ + ОН- = H2O ерітіндіде = немесе рН = рОН = 7. Реакция ортасы бейтарап болады.