«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Педагогикалық ұжымның дарынды оқушылармен жұмысы



бет11/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

Педагогикалық ұжымның дарынды оқушылармен жұмысы.
Мақсаты: Мектепте дарындылықты анықтау мен қабілеттілікті ашуға қолайлы орта қалыптасқан. Оқушыларды спорттық сайыстарға, ғылыми – практикалық конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, түрлі шығармашылық – интеллектуалды жарыстарға қатыстыру ұйымдастырылады. Мектептің педагогикалық ұжымы «Дарынды балалар» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты нәтижелі жалғастырды. Дарынды балалармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстың әдіс – тәсілдері мен психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтермен педагогтер үнемі танысып отырды, әдістемелік оқулар, педкеңестер, өз білімін жетілдіру, кітапханалық қор жинау, диагностика, педагогикалық бақылау, сыныптан тыс түрлі интеллектуалдық жарыстар, танымдық ойындар, олимпиадалар арқылы өз білімдерін жетілдіреді. 2019-2020 оқу жылына дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалды.
Оқушылардың «Кәусар бұлақ» ғылыми қоғамы жұмысы өнімді үйлестірілді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі әдісі ОҒҚ болып табылады. ОҒҚ мақсаты:
• Оқушылардың жеке шығармашылық қабілетін, танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.
• Ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жеке өнімді шығармашылық қызметке дайындау. ОҒҚ міндеті:
1.Оқушылардың білімін тереңдету, кеңейту.
2.Шығармашылық ойлауды қалыптастыру.
3.Бірлескен жобаларды орындау негізінде коммуникативті қабілетті дамыту. ОҒҚ жұмысының қорытындысы «Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ» атты мектеп ғылыми – практикалық конференциясы болып табылады.
1.Білімнің құндылығы мен зияткерліктің маңыздылығын насихаттау.
2. Мектеп – ЖОО өзара қарым –қатынас жүйесін құру.
3. Ғылыми шығармашылық тәжірибе мен шығармашылық қабілетті дамытудың тиімді әдістері мен жаңа түрлерін құру.
4. Дарындылардың жеке тұлғалық өсуі мен шығармашылық қабілеті, зерттеушілік қабілеті, зияткерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай мен байытылған білім ортасын қалыптастыру.
5.Заманауи өркениет талаптарына сай жаңа технологияны ендіру.
6. Олимпида, шығармашылық көрме, ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жобаларды қорғау жұмыстарына қабілетті және дарынды оқушылардың қатысуына мүмкіндікті кеңейту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет