«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие



бет23/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020
Биология факульт курсы (1), A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие.

Оқушылардың өзін –өзі тану қабілетін зерттеу мақсатында мектеп психологтары үнемі жұмыстар жүргізді. 1-4 сыныптар арасында әрбір баланы жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту мақсатында «Өзімді тану-өзгені тану» атты тақырыпта тәрбие сағаты, «Жеке қабілет және әлеуметтік мүмкіндіктің ашылуы» тақырыбында 5-8 сыныптарды сынып сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптар арасында « Ақпараттық мәдениет негіздері» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 5-9 сынып оқушылары «Сүйікті менің ісім» тақырыбында шығарма байқауы, «Мамандықтың бәрі жақсы...» 9-сыныпта әңгіме сағаты, «Кәсіп түбі нәсіп» 11-сыныпта пікірлесу сағаты, «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында бастауыш сыныптармен танымдық сағаты өтті.
«Кім болам?» тақырыбы аясында 9 – 11 сынып оқушыларына институт, колледж мамандарымен кездесу сағаттары ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар қазіргі заман талабындағы кәсіби мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті, жаңа мамандықтар туралы танысты. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары және ата –аналар мен бірлесіп қала колледждерінің жұмысымен танысып, мамандықтары қазіргі заманға жоғары сұранысқа ие екенін көріп қайтты. Осы іс – шарадан кейін бірнеше таңдауын осы оқу орнына жасады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесі болды. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.
Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» кең ауқымды балалар акциясының іс-шарасы өткізілгенің мәлімдейді. Мақсаты:- интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет- қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. «Мен OFFLINE» кең ауқымды балалар акциясының іс-шара жоспарына сай келесі жұмыстар атқарылды: 25.01.2019 ж.5-11 сыныптарында «Интернетсіз күн» атты сынып сағаттары өткізілді.Оқушылар сабақта бұл күнді тек қана «шынайы» әлемде өмір сүру үшін жақын адамдармен қарым-қатынас жасау немесе оны сүйікті хоббиіне арнау үшін оқушыларды компьютер мен жаҺандық желіден бір күнге болса да алаңдату екенін түсіндірілді.
«Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауы1-4 сынып арасында өтті. Жүлдеге ие болған оқушылар мақтау қағазымен мараппаталды. 8-сыныптар арасында «Мен OFFLINE» эссе байқауы өтті.Үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен мараппаталды. Шымкент қаласының 29.03.2019 жылғы №10-06-03/2818/2 хаты негізінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 13- наурыздағы №3-15-6/9-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 4-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының шеңберінде өтетін іс-шаралар жоспары жасалып,жоспарға сай жұмыс жүргізілді.
«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының шеңберінде өткен іс-шаралар жоспары негізінде іс-шараларды ұйымдастырып өткізу жауапкершілігі бекітілген тұлғаларға жүктелді : «Пайдалы және қауіпсіз интернет» сынып сағаттары 5-11сыныптар. «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты 3-4 сынып. 4.04.2020ж. «Интернет менің өмірімде» видеролик байқауы.7-8-сыныптар 10.04.2020ж. «Интернет және біз» буклеттер жасау байқауы 9-сыныптар. Педагог ұйымдастырушы Зейілбекова С. «Интернеттің алдын алу-оқушылар тәуелділігі» тақырыбында тренинг өткізу 5-11 сыныптар. 13.04.2019ж.Пралиева Б.,Фардеева Р.«Интернет : ия және жоқ» сайыс сабағы 12.04.2020 ж.Муханова Э.А.«Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» ата-аналар үшін тренинг.11.04.2020 ж.Пралиева Б.,Фардеева Р.«Желідегі қарым-қатынас этикасы» дөңгелек үстел.10-сыныптар.9.04.2020 ж.Сынып жетекшілер,педагог ұйымдастырушы Зейілбекова С. «Интернет менің өмірімде» сурет байқауы 3-7 сыныптар. 8.04.2020 ж. Қоспанов А. «Пайдалы және қауіпсіз интернет» кітап көрмесі 15.04.2020 ж. Буралхиева Ш.
8.Отбасы. Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылғы 6-14 қыркуйек аралығында «Отбасы» -бақыт мекені» республикалық апталықтың іс- шара жоспары бекітіліп жоспарға сай аталған іс-шаралар өтті. 5-11 сыныптар арасында «Ата –ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыбында сынып сағаттары, «Менің отбасым» сурет байқауы 5,6- сыныптар ,«Мен отбасымды мақтан тұтамын» фотоконкурсы 3-4 сыныптарымен, «Әкем, анам және мен –спорттық отбасы» спорттық отбасылық эстафетасы өткізілді. «Отан отбасынан басталады» пікірсайыс сабағын10-сыныптармен тарих пәнінің мұғалімі ӘБЖ: Муратбаеваеның ұйыдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ:Раисова А.С,Орыс тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Султанова Ж.И. «Отбасы» -бақыт мекені» атты әдеби –сазды кешін ұйымдастырды. 7-9 сыныптар, мектеп психолгтары 1-11 сыныптар ата-аналарымен «Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конферециясын ұйымдастырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекені күнтізбеге енгізудегі басты мақсаты – қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу. Бұл күні мектеп- лицейде аталған тақырыпта түрлі іс-шаралар өткізілді. 8 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Халбаева Ж.М. «Жан қазынасы адамгершілік» тақырыбында пікірталас өткізілді. Іс-шарада отбасындағы адамгершілік туралы, қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін, отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын туралы пікіралмасты. Тарих пәнінің мұғалімі Есполаева Г.«Менің құқығым» жасөспірімдер арасында атты құқықтық-танымдық сағатты ұйымдастырды. Өткізілген шаралар барысында қыздарымыз сән күнін жариялап, киіну үлгісін ұсынған болатын.
2012 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы 11-қазанды Халықаралық қыздар күні деп жарияланғандығы туралы, адамның негізгі құқықтарын бұзуға әкелетін әрі бойжеткендер мен қыздардың өмірінің барлық қырларына жағымсыз әсер ететін балалар некесі проблемасы туралы да сөз қозғалды. Сонымен қатар қыз баланың абыройына байланысты ырым-тыйымдар талданды. «Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз»- деп мұғалім іс-шарасын тамамдады.
8-11 -сынып қыздарының арасында мектептің биология пәнінің мұғалімі Яврова Т.Л.«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында әңгіме ұйымдастырды. Іс-шарада қыздардың құқығын таптауға байланысты мысалдар келтірді. Ерте жастағы неке балаларды балалықтан айыратыны, білім алуына кедергі келтіретіні, мүмкіндіктерін шектеп, зорлық-зомбылық және күш қолдану тәуекелдерін арттырып, денсаулығына қауіп төндіретіні жайлы айтылды.
«Отбасы сағаты» республикалық акциясы шеңберінде өтетін іс-шаралар жоспары негізінде іс-шараларды ұйымдастырылып,өткізілді.Аталған акция аясында 2020 жылғы 15 мамыр күні сағат 18.30-да жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру. Ата- аналардың жалпыұлттық жиналысы биыл Халықаралық отбасы күнімен сәйкес келіп отыр. Қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы және солай болып қала бермек. Сондықтан шаңырақтан алған тәрбие барша халқымыздың бақуатты да баянды болашағының айқын кепілі. Сонымен қатар жиналыстың оқу жылының соңына орай ұйымдастырылуы қуантады. Өйткені ата- аналар үшін өз бүлдіршіндерінің оқу жетістіктерімен жылдық қорытынды баға шықпай тұрып танысуына мүмкіндік береді. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.Т.Жакыпбекова 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 11 сынып бітіруші оқушылардың саны -137, 9 сынып бітіруші оқушылардың бітіруші саны -198 екенін мәлімдеді. Биылғы жылы 11 сынып бітірушілердің ҰБТ-ны 4 кезеңде тапсыратынын және қазіргі таңда 2 кезеңін тапсырғанын айтты. Алдағы уақытта тапсыратын ҰБТ ерекшеліктерін таныстырып өтті. Екінші мәселе бойынша сөз кезегін алған мектеп директоры Ж.Буркулова мектеп бітірушілердің «Соңғы қоңырау» мерекесін өткізудің бағдарламасын қысқаша түрде таныстырды. 25 мамыр күні оқушылардың таңғы сағат 09.00 ден түнгі сағат 12.00 – ге дейін мектеп қабырғасында түрлі мәдени-ағарту іс-шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 мамыр күні ата- аналарға қымбат көліктермен кортеж, қала сыртына демалыс және тойханаларда кештер ұйымдастыру қатаң түрде тыйым салынатынын және осы күні құқық қорғау органдарымен барлық тойханаларға, қонақ үйлерге, түнгі клубтарға рейд жүргізілетіндігін ескертті. Осы орайда ата-аналарға «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі», «Баланы интернеттен қорғау», «Абай бол! Терезе...» тақырыптарында видеороликтер көрсетілді. Сөз кезегін алған мектеп инспекторы А.Қабданов 25 мамыр күні ата-аналарды балаларын қатаң қадағалауға алуын және мектепке қолдау көрсетуін сұранды. Сөз барысында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің негізгі баптарын таныстырып өтті. Атап айтқанда 128 , 132 , 440 , 449 баптар талаптары туралы түсінік берді. 25 мамыр күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында оқушы санына қарай әр мектепке 10-15 ішкі істер қызметкерлерінің мектепке жіберілетінін айтып өтті.
Қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитетінің шешімі бойынша 2019 жылғы 1 қыркүйегінен бастап №1 мектеп оқушылары «Алтын адам» фирмасы киімдерін киетін болды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қыркүйек айында оқушылардың мектеп формасын киюін қадағалауға келісімін берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет