1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі


ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ



бет39/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ

 Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады. Бала ересек адамдардың сөздерін естиді, тыңдайды, соларға еліктейді, сосын өздігінен сөйлеуге үйренеді. Саңырау балалар арнайы оқытудың өтпейінше сөйлеу тілін меңгермейді. Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылады.

Есту қабілеті баланың ой өрісінің дамуына да үлкен қызмет атқарады. Ересек адамдардың түсіндірулерінен бала айналасындағы өмір тіршілігімен танысады және шындықтың күрделі мағлұматтарын меңгереді.

Балалар сөйлеу тілі шыққанға дейін-ақ көп сөздердің мағыналарымен таныс болады.

Есту қабілетінің тағы бір үлкен қызметі, ол естудің жәрдемімен өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға да мүмкіншілігі болады. Шынында, ол дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрлысын да меңгереді. Есту қабілеті жақсы сақталған балалар келешекте жазуы мен оқуын ойдағыдай меңгереді.

Баланың есту қабілеті бірқалыпты даму барысын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

а) жаңа туылған баланың алғашқы сағаттарында-ақ дыбысты қабылдайтын ең қарапайым реакциясы пайда болады. Қатты тықылдан, соққыдан, шуылдан дыбысқа жауабы ретінде соғуындағы, тамырларының соғуындағы, тыныс алдындағы қимыл-қозғалыстарында өзгеріс болатындығы байқалады;

б) баланың үш айлығында дыбыстың жоғарлығын тембрін және айыру қабілеті қалыптастырады;

в) әуезін жеке сөздерді және сөз тіркестерін сарыны мен ырғағы бойынша айыру қабілеті қалыптасады;

г) сөйлеу тілінің бұдан былайғы кезеңдерінде есту қабілетінің біртіндеп толық жетілуінің арқасында тілдің дыбыстық құрамын түсіну артады, ана тілінің ьарлық дыбыстарын есту арқылы айыру қабілеті қалыптасады. Бұл балалардың сөйлеу тілдерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ең қажетті алғы шарттың бірі болып есептеледі.

 ЕСТУ АҚАУЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Есту ақаулықтарының жіктелуі сөйлеу тілінің және есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталады. Осыған байланысты есту кемістіктері саңыраулық және мүкістік болып екі түрге бөлінеді.



Саңырау дегеніміз есту қабілеті қаттй бұзылғандықтан сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық. Мүлде естімейтін тас саңыраулар сирек кездеседі. Көп жағдайларда есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталады. Осы болмашы саңылаудың жәрдемі мен бала өте қатты айқайлап анық айтқанды, зыңылдаған, шаңқылдаған сияқты жеке дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан жеке дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс сөздерді естіп түсіне алады.

Саңыраулық іштен туа бітуі және кейіннен пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен саңыраулық сирек кездеседі. Оның пайда болу себептері:

1) ана құрсағындағы кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан /тұқым қуалау себебінің ықпалынан да/ болады;

2) ананың екіқабат кезінде тұмау, қызылша, зақым және басқа да жұқпалы аурулардың ішімдікке салынуының, стрептомицинмен және басқа да емдік дәрілермен емдеуінің, екіқабат кезінің алғашқы айларын құрсақты зақымдануының зиянды себептерінің әсерінен болады.

Кейіннен пайда болған саңыраулық делбе, қызылша, қызамық, тұмау, мысқыл және тағы да әр түрлі аурулардың зиянды әсерінен есту нервісінің және құлақтың ішінің ісіп қызару барысының нәтижесінен жиі пайда болады.

Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану саңырауланудың тіл шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, кеш саңыраулану, баланың сөйлеу тілі қалыптасқанда саңыраулану басталған саңыраулану болып бөлінеді.

Құлақ мүкістігі естудің нашарлығынан сөйлеу тілін түсінуін қиындататын есту қабілетінің зақымдануынан болады. Егер саңыраулықта сөйлеу тілінің мүмкіндігі қатты шектелген болса, ал мүкістікке дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану арқылы арнайы жағдай жасап сөйлеу тілін түсінуінің мүмкіндігін арттыруға болады.

Мүкістіктің пайда болу себебі әр түрлі, есту қабілетінің нашарлауы:

- орта құлақтың күшті немесе созылмалы қабынуының нәтижесінде құлақ жарғағының тесілуі, тыртық тану, құлақ жарғағының ширақтығының және есту сүйектерінің қатарының бұзылуы сияқты орта құлақтың ішіне патологиялық өзгерістердің болуынан;

- мұрынның және мұрын жұтқыншағының созылып ауруының нәтижесінде евстахиев түтігінің өткізгіштігінің бұзыдуынан;

- тұмау, қызылша, қызамық сияқты жұқпалы аурулардың нәтижесінен;

- ұрықтың даму кезеңіндегі есту мүшелерінің іштен туа біткен ақаулықтарының нәтижесінен.

Мүкістік сыбырлап сөйлегенді түсінуінің болар-болмас бұзылуынан бастап дауыстап сөйлегенді түсіну мүмкіндігінің қатты шектелуіне дейінгі әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін.

Есту қабілетінің бұзылуының бірнеше топтастыру түрі бар, олардың ішіндегі ең көп таралғандары Б.С.Преображенскийдің және Л.В.Нейманның топтастыруы.

Есту қабілетінің төмендігіне сәйкес бірінші топ қалыпты және сыбырлап сөйлеу тілін қандай қашықтықтан түсінуіне байланысты жеңіл орташа, едәуір, ауыр болып төрт дәрежеге бөлінеді. Бұндағы түсіну өрісі онша толық болмайды.

Сонымен, сыбырлап сөйлеу тілін қабілетінің төмендігінің жеңіл дәрежесінде 3 м-ден 6 м-ге дейінгі, ал ауыр дәрежесін 0-дан 0,5 м-ге дейінгі қашықтықа түсінуге болады.

Л.В.Нейман мүкістігі сөйлеу тілін түсінудің ара қашықтығы бойынша ғана емес, сонымен бірге сөйлеу тілінің жағдайын да ескере отырып үш дәрежеге бөледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет