ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІ
Жалпы тіл кемістігі – есту қабілеті мен ой-өрісінің әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттердінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левина бастаған ғалым қызметкерлер /Н.А. Никашкина, Г.А. Каше, Л.Ф. Спирова, Г.И. Жаренкова және т.б./ 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дыбыстары бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жеклеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдетуарқылы бет-аузын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысаты. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл-ой кем балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған /олигофрен/ ақыл-ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл бінішіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерді ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жолын ақылдың дұрыстығына тән қасиет бар.
Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-іс әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдө»-машина, солай, кетіпті және т.б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас»-қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй»-шай, ішу, тамақ ішу.
Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н.С. Жукованың ескерткеніндей, бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 ай ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көпте бомайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемнің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ бұнда құрылысы бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұоыс дамыған балада ешуақытта байқалмайды.
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұмат жеткіліксіз болып келеді /әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты/. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа-ұтқа, домбыра-дома. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: бала-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан /р-р-р, ш-ш-ш, з-з-з/ күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады /ту-су/.
2. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта, сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс ситуацияда түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
3. Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.
Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тан тет туй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр.
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тежелгендігі анық байқалады.
Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматиккалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қолданған сөздер мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп жібереді. Сөзді тар мағынада жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары, қолданылуы немесе тағы басқа белгілері құсас бірнеше заттарды бір сөзбен атауы мүмкін. Мысалы: шыбынды, қоңызды, масаны, сонаны, араны, көбелекті – бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің ғана атымен атайды, ал екінші бір жағдайда тағы басқа біреуінің ғана атайды. Балалар заттың атын білгенмен, оны құратйын бөлшектерін атауға келгенде қиналады /ағаштың бұтағы, жапырағы, түбірі, тамыры/, ыдыс – аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.
Заттың аты, түсін,, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орынмен дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл-іс әрекеті әр түрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады /кесу-керту, қашау-қажау/, грамматикалық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер жіберетіндігі арнайы тексеру кезінде белгілі болды.
1. Септік жалғауларды алмастыру /дүкеннен бардым-дүкенге бардым/.
2. Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.
3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезіндегі /сиырдар-сиырлар/.
Баланың тіліндегі жкан және жіңішке, ысқырып және ызыңдап шығатын, қатаң және ұяң, мұрын дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әр түрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтың салдарынан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да, саны жағынан да жасына қарағанда едәуір артта қалған.
Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөздің құрамындағы дыбыстардың орналасау заңдылықтары өрескел бұзылады.
Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтижесі оның фонематикалық есіту қабілетінің нашарлығын, дыбыстарды талдау мен жинақтауға балаға тапсырма бойынша берілген дыбыстардан суретті іріктеп алу және дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады. Дағдылануды игеруге дайын емесе екенін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы коррекциялық оқытудың ықпалымен сөйлеу тілі дамуының Ш – деңгейіне өтуі баланың айналасындағы қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:
1. Балалардың белсенді /активный/ сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана ббастағаны байқалады.
3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжер сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.
Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды.
Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады – ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.
Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс бір мезгілде алмасытырған кезде дифференцияланбаған дыбысытрадың айтылуы өзгеше болады /негізінде ысықырып және ызыңдап шығатын, эффрикат, мұрын дыбыстары/. Мысалы: сәй-шай, сәне-шана, қал-қар.
Сонымен бірге балалар барлық сөз топтарын пайдалануды, грамматикалық құрылымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де шабағын оқуға отырды.
Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрыңғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік емін-еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастырады.
Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің /лексиканың, грамматиканың, фонетиканың/ бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.
Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.
Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.
Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырлыған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.
Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қиымл іс- әрекетінің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатынсаушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді.
Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді /шынтақ, білек, өзен, көл, бұлақ/, бірсыпыра сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды /кесу, қию, пішу/. Лексикалық қателердің ішіндегі көзге түсетіндері төмендегідей:
а) заттың атын сол заттың бөлшегіне атымен алмастыруы /құлақ-бас, дөңгелек-машина/;
б) мамандықтың атын сол маманның істейтін кәсібімен ауыстырады /әнші-тәте өлең айтады/;
в) тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды /қарға-құс, қарағай-ағаш/;
г) көлемін білдіретін белгілерінің орын алмастыруы /биік, кең, ұзын,- үлкен, қысқа, кішкентай/.
Бала өз бетінше еркін сөйлесіп лотырған кезде заттың белгілерін, күйін, қимыл-іс әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптарын аз қолданады.
Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінеде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді.
Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі-жиі жібереді. Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуысен қатар кемшіліктері де болады. Мысалы: көрпе-көрпешелік.
Осыған ұқсас қателер бірлі-жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді.
Орыс тілінде қателердің көпшілігі тамақтардың, заттардың, өсімдіктердің мағыналарын білдіріп ара қатынасын белгілейтін қатыстық сын есімнің жасалуы кезінде болады. Мысалы: стеклоаый стакан.
Орыс тіліндегі зерттеулердің нәтижесіне қарағанда сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі ең ерекшеліктері төмендегідей:
а) сын есіммен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлеріне және септіктерде дұрыс қиылыспайды. Мысалы: /книги лежат на большими столох/;
б) сан есім зат есіммен дұрыс қиылыспайды, Мыс: пять пальцем – пять пальцев;
в) жалғаулықтарды қолданғанда кететін қателер: түсіріп қалдырады, алмастырады, толық айтпайды, мыс: мяч упал из полки – мяч упал с полки;
г) сөздің көпше түріне септік тұлғаларды қолданғанда кететін қателер. Мыс: много дерево – деревьев.
ІІІ деңгейде сөйлеу тілі дамуы бойынша баланың фонематикалық тілінің жасалуы жасының мөлшерімен салыстырғанда артта қалуы айтарлықтай шамада: олардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлық түрлернінің дұрыс айтылмауы әлі де байқалады /сигматизм, ротацизм, ломбдацизм, үндестік ақаулығы, ұяндануы/.
Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады. Мысалы: велосипед-сипед, милиционер-мисонел.
Фонематикалық есіту және түйсіну қабілетінің нашар дамуының салдарынан балагың сөзді дыбыстарға талдау және топтау дайындығы өз бетінше қалыптастыруның нәтижесінде оларға логопедтің жәрдемінсіз мектепте сауатын ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік бермейді.
Сонымен, сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады:
1.Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз кездеседі.
2. Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдауда қате жібереді. Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.
3. Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.
4. Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстың талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |