1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет37/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

ЖАЗУДЫ ТЕКСЕРУ

 Тексеруді ең қарапайым тапсырмадан бастайды. Баланың түсінігіне және орындауына ең оңайы қиылған әріптерден сөздер құрауды тапсырады.

Логопед заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді және соларға лайықты сөздерді қиысытырады. Алдымен тапсырманы жеңілдету үшін балаға әріптердің барлығын бірден бермей, тек бір сөздің әріптерін қиыстыруға береді. Мысалы, суреттер қой бейнеленген болса, онда балаға О,Қ,И әріптерін береді. Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда балаға барлық әріптерді беруге болады.

Бұдан былай қарай енді тапсырманың жеңіл түрінен бастап тікелей жазуға кіріседі.

1. Бейнелі суреттер бойынша жазу.

Балаға өзі күнде көріп-ұстап  жүрген тұрмыстағы заттар бейнеленген суреттерді ұсынады. Дауыссыз дыбыстарды қатар тұрған, буын құрылысы күрделі, алмастырылатын дыбыстарды тіркесінен сөздерден тұратын бейнелі суреттерді іріктеп алу керек. Мысалы, қайшы, уылдырық, шымылдық, маса, қаламсап, шаштараз, аспаз, даяшы, көзілдірік, әйнек.

Логопед бейнелі суреттердегі заттардың аттарын жазуды тапсырады.

2. Бейнелі суреттер бойынша жазу.

Балаған алдымен жеке затар бейнеленген суреттерді, сосын оқиға желісіне құрылыған және ең соңында жалғаспалы көп бейнелі суреттерді көрсетеді. Ол бұл суреттер бойынша алдымен ауызша сөйлем құрасытырады, сосын сөйлемді жазады.

Жоғарыда келтірілген тәсілдерді өткеннен кейін балалардың жазуға дағдыланғалы айтылғанды естігенін жазғызу арқылы тексереді.

Тексеру үшін алынатын жат жазуды іріктеп және құрастыру кезінде сөздердің құрамындағы дыбыстар үндестіктері жағынан немесе артикуляциясы бойынша ұқсас дыбыстардан құралған болу керек.

Сонымен бірге, тексеру үшін балаларға ұсынылатын жат жазулар мектеп бағдарламасының барлық талаптарына сай болуы керек.

Жатжазуда байқала бермейтін аграмматизм, сөздің қорының кедейлігі, сөзді және жалғаулықтарды дұрыс қолдана алмайтын қателерді ашуға мүмкіндік беретін өздігінен жазуға дағдылануын тексерудің ерекше маңызы бар. Өздігінен жазу, сонымен бірге бала жазуды қай шамада меңгергендігін білуге мұмкіндік береді.

Өздісінен жазуға дағдылануын тексеру үшін балаға оқиға желісін бейнелейтін сурет бойынша нақтылы толықтырып немесе жалғаспалы бейнелі суреттер бойынша әңгіме құрастырып жазуды ұсынады.

Баладан өткен күннің оқиғасын, өткен мейрамды, көрген кино-фильмін, оқыған кітабын білетіндерін, есте қалғандарын жазып беруді өтінуге болады.

Жазуға дағдылануын тексергенде жазылу ерекшелігін, демек бала сөзді бірден фонетикасы бойынша дұрыс жаза ма немесе керекті дыбыстан іздеп оны бірнеше рет қайталамай; жазғанын сызып, қайта оқып, қайта өңдеп түзетулер енгізе ме немесе мүлде білмей ме қатесін іздеуге тырыспай ма деген сияқты және басқадай ерекшеліктерін ескеру қажет. Әсіресе қателерді ерекшеліктеріне аса қатты көңіл аудару керек.

Дисграфиялық қателерді ерекшеліктеріне жататындары:

1.Ерекше фонетикалық алмастырулар. Бұл қателер сөйлеу мүшелерінің және әуезінің нәзік белгілерімен ғана айыруға болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырып және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р жәнеЛ дауыссыз дыбыстарды алмастыру және орындарын жаңылыстыру; сонымен бірге дауысты дыбыстарды да алмастыру жатады.

2.Грамматикалық қателер.  Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған жалғаулықтардың, көмекші сөздердің, септік жалғауының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы, сөздердің дұрыс қиылыспауы, меңгерудегі қателер жатады. Атап айтқанда жоғарыдағы жазылған қателердің түрлеріне ерекшеліктері баланың дисграфиясын анықтауға мүмкіндік береді, сондақтан да оларды деркеті белгілер /диагностикалық/ деп атайды.

Балалардың дмсграфиялық ерекше қателерінен басқа, балалардың барлығына тән қасиет  дұрыс жазуға қалыптасып дағдылануының жеткіліксіздігінен болатын қаталерде бар.

Дисграфия ілеспелі қателерге жататындар:

1. Орфографиялық қателер.

Жазу сауатын әлі толық меңгермеген балаларға қарағанда дисграфия балалардың дұрыс жазу ережесіндегі қателер әлдеқайда көп және бұндай қателер екпін түспейтін дауысты дыбыстар да, шүбелі немесе айтылмайтын дауыссыздарда, ұяң және қатаң дыбымтар сөздің аяғында жазылғандағ ұянданған дауыссыз дыбыстарда көбірек жіберіледі.

2. Графикалық қателер.

Бұнда әріптер жазылуындағы ұқсастықтары бойынша /И-дің орнына Ш және керісінше Л-дің орнына М жазылады/ және жазылуындағы белгілері бойынша /Б-ның орнына Д және керісінше Т-ның орнына Ш жазылады/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет