Дәйекті-нақтылау. Бұл типтегі адамға оқылып жатқан үрдіс өте маңызды болып
көрінеді, олар әрбір ақпаратты нақты орындайды. Карталарды, формулаларды, мәзірді
және бақылау тізімді қажет етеді. Олар аналитикалық, логикалық, тура ойлауға, көбіне
логика-математикалық ой-өріске ие. Барлық жұмысты нақты, сапалы орындауға
талпынады. Бұл типтегі аудармашылар нақты мәтіндерді қажет етеді. Фрилансер
жұмысына қарағанда, олар штатта жұмыс істеуді қалайды. Бұл адамдар алдын ала
дайындалу үшін, ертеңгі күні не аударатынын алдын ала білгілері келеді. Ауызша
аудармамен айналысқан кезде олар конференцияларда алдын ала жазылған мәтіндерді
алады.
Концептуальды немесе абстрактты Концептуальды немесе абстракттыда адам мәліметті өте нақты өңдейді. Жұмыс
істегенде олар әр түрлі қозғалыстарды, қандай да бір өмірге байланысты сөздерді
қолданады. Бұл категориядағы аудармашылар аудармаға байланысты курстарды жек
көреді, көбіне өздерінің тәжірибесін қалайды. Курстарда дайындалған кезде өздерінің
жағымпаздығын танытады.
Тезаурус (терминологиямен жұмыс) Тезаурус қазіргі кезде келелі мәселелердің бірі болып саналады. Сөздің синонимдік
қатары өте кедей болып көрінеді. Мысал ретінде алатын болсақ, «жылқы» деген сөз
әрқашан да жылқы болып аударылады. «Айтты» деген сөздің орнына жариялады деп
ойды әдемілеп көрсетіп қолдануға болады. Чуковский өзінің шығармаларында сөздік
қорды байыту мәселесін қозғады. Яғни сөздік қорды классикалық шығармаларды
оқумен ғана байытпай, сонымен қатар синонимдік қатарды тауып және әр сөздің тиісті
контекстте қолдануын білу қажет.
Яғни аудармашылар өздеріне сай тезаурусты құру керек. Бұл терминді
лексикографиялық сөздіктен қарасақ, «сөздік өзінің лексикалық мағынасын барынша
қамтуға тырысады немесе бір тілдік сөздік» жоғарыда айтылған сипаттамаларды
сипаттау. Ең толық сипаттаманы лингвистикалық сөздіктен табуға болады. Бұл