оқу кезінде іштей диалог жүргізеді. Бұл туралы мен не білемін? Онымен айналасу тиімді
ме? Бұнымен не істеуге болады? – деген сияқты. Олар өте керемет еліктегіштер,
қалжыңдар мен әңгімелерді өте дәлдікпен есте сақтайды.
Олар сөйлесудің просодикалық ерекшелігіне көп назар аударады. Тон жоғарылығына,
тоналдыққа, ритмге, дауыстың қаттылығына да көңіл бөледі.
Еске сақтау процесі
визуалдардан өзгеше, яғни уақыт бойынша сызықтық жайылған болады егер визуалды
да еске сақтау идеяны бір көзқараспен, кеңістіктік бейнемен толық қамтиды, ал
аудиалды еске сақтау біртіндеп іске асады, адамдар реттілігі күйінде
осы ретпен
қайталанады.
Сыртқы типті аудиалдар бірдеңенің суреттемесін естігеннен кейін оңай еске
сақтайды.
Бұндай адамдар лингафон кабинетте басқа мәдениеттің табиғи жағдайларында оңай
үйренеді, сол сияқты оқу диалогтары мен дискуссиялар кезінде өздерін еркін сезінеді.
Негізі олардың тиімді болуы аз қобалжытады, кітапта асты сызылғандардан гөрі, олар
айтылып
және естігенді керек етеді, оқу және жазуды керек етпейді. Кейде оларға
грамматикалық оқулықтар мен сөздіктер пайда келтіргенмен, көп жағдайда олар
қажетсіз болады.
Оларға акцентсіз, айтылуы жақсы болғаны маңызды болып табылады.
Оларға шетел тілінде сөйлесуден гөрі, өздері сол тілдің иесі ретінде сөйлегілері келеді.
Оларды көп жағдайда белгілі себептермен ауызша аударуға тартады. Жазбаша аудару
жасағанда, олар алғашқы мәтінді және өз аудармаларын іштерінен не дауыстап сөйлейді.
Сондықтан оларға фильмдерді дубляждау өте жақсы іске асады, олар актерлердің
айтуында мәтін қалай шығатынын алдын ала естиді. Олар үшін жазбаша сөздің ритмі
мен ағыны аса маңызды болады . Бірыңғай монотонды мәтіндер оларды тез
жалықтырады, ал
ретсіз, үзік- үзік мәтін болса, онда одан қозады не жиіркенеді.
Алғашқы мәтін авторлары мәтін ритмін есепке алу тұрғысынан алғанда, не
аудармаларының редакторлары аударманы түзеп, мәтін ритмін жойып, жібергендеріне
таң қалады.
Аудармашылардың бұл категориясы егер ұжымдарда өздерінің ойлау әрекеттерін
бейнелеп отыратындарға
оңай сініп кетеді, оларға офистік іс-әрекет ұнайды, онда
алғашқы мәтінмен бірнеше аудармашы жұмыс істей отырып , бір-бірімен кеңесіп, өз
жазбаларын салыстырып, нашар жазылғандарды күлкі қылады.