Қорытынды Кәмпиттер – түрлі-түсті пішінді, дәмі әр түрлі құрамында 60-75 % қанты бар, көбіне жұмсақ болып келетін кондитерлік өнім. Кәмпиттер өндіру технологиясы және сыртқы пішіндеріне қарай екі топқа бөлінеді: глазурленген помадалы кәмпиттердің сырты глазурленбей шығарылады. Кәмпиттер өндіруге қажетті шикізаттар: құмщекер, шырындар, сірне, сүт, жеміс езбелері және т.б. шығын бактарынан насостардың көмегімен араластырғышқа мөлшерленіп түсіп араласады да рнцептіаралық қоспа пайда болады. Бұл қоспа насостар арқылы үздіксіз орам түтікті вакуум аппаратта түсіп құрғақ заттарының мөлшері 86-90%-ке дейін қайнатылады. Дайын болған жартылай шикізат помада бұлғауыш машинасына түсіп помадаға айналады. Температуралық аппаратта помадаға керекті хош иіс беретін және бояғыштар беріледі. Бұдан соң дайын помада құю машинасына түсіп қалыптарға құйылады. Қалыптағы кәмпиттер салқындатылып, корпустары қатып, арнаулы транспортерлер арқылы глазурьлеу машинасына беріліп, сырттарына глазурьлер жағылып салқындату камераларына жіберіледі. Салқындатылған кәмпиттер ары қарай орау автоматтарына реттелініп беріледі. Оралған кәмпиттер арнаулы қағаз қораптарға мөлшерленіп, өлшемделініп салынып қойма арқылы сауда орындарына жіберіледі.
Кондитер өндірісінде қолданылатын шикізаттарға сипаттама [Текст/Электронный ресурс] : оқулық / Б. Ж. Мулдабекова. - Алматы : Роза, 2016. - 325 б. - ISBN 978-601-7040-18-8.
Кузнецова, Л.С., Технология производства мучных кондитерских изделий [Текст/Электронный ресурс]: учебник. Академия 2013. 400 бет.
Мулдабекова, Б.Ж., Кондитер өндірісінің технологиясы және технохимиялық бақылау[Текст]: Окулык. Алматы, 2016. 327 б. ISBN 978-601-7040-20-8
Кузнецова, Л.С., Технология и организация производства кондитерских изделий(Текст/Электронный ресурс] : учебник.- 6-е издание. - М: Академия, 2014. - 480 с. - ISBN 978-5-4468-0488-7