)
81
8‐күн. Зерттеу дағдыларын дамыту
2‐сабақ. Графикалық органайзерлерді пайдалану
8.8‐үлестірме материал: Үлгі мәтіндер
8.8-үлестірме материал: Үлгі мəтіндер
1-үлгі мəтін – Алтыншаш
Ертеде орманда үш аю өмір сүріпті. Орман қараңғы əрі қалың жыңғылды
болғанымен, аюлар ондағы жылы да жарық үйде тұратын, олар үйлерін тəртіп пен
тазалықта ұстады. Тіпті кішкене қонжықтың өзі ойыншықтарын күтіп ұстайтын жəне
ойнап болғаннан кейін оларды жинап қоятын.
Бірде үш аю таңғы астарын ішуге отырды. Алайда олардың ботқасы əлі тым
ыстық екен.
“Мен не істеу керегін білемін” деді əке аю өзінің жуан, гүрілдеген дауысымен,
жүріңдер, біздің ботқамыз суығанша біраз серуендеп қайтайық. Олар серуенге шықты.
Сол уақытта орманның басқа жағында Алтыншаш аталып кеткен қыз бала өмір
сүрген еді. Қыздың Алтыншаш аталуының себебі – оның ұзын шашы алтын түстес еді.
Ал негізінде есімі Сара болатын. Алтыншаш тазалықты ұнататын қыздардан емес еді
жəне ойыншықтарын жинамайтын. Ол өте қырсық əрі ұқыпсыз еді. Бір күні ол зерігіп
кетті. Онымен бірге ойнайтын ешкім болмай қалды, ал əкесі мен анасының жұмыстары
көп болғандықтан, қыздарына жеткілікті көңіл бөле алмайтын. Сөйтіп ол орманда
қыдырып қайтпақ болды.
Ол қалың əрі жыңғылды орманның ішінде əрі-бері жүріп, тоңып кетті, ал əдемі,
жылы үйдің жанына келген кезде тамақ ішкісі келді. Кішкене терезеден ішке қараған
ол жылы ботқа салынған үш ыдысты көрді. Ол тіпті ойланбастан, ас бөлмеге кірді де,
ыдыстардың бірінен тамақтан татып көре бастады.
“Фу!” деді ол, “бұл ботқаның тұзы тым ащы екен”, сөйтті де ол біраз кішірек
ыдысқа жақындады.
“Фу! Бұл ботқаның сүті тым көп екен!” деп, ол енді ең кішкентай ыдысты алды.
“Ммм! Маған керегі міне осы!” деп тамсанған Алтыншаш бұл ыдыстың ішіндегі
тамақты тауысып жеп қойды.
Бүкіл ботқаны жеп алып қарнын тойдырған Алтыншаштың біраз отыра тұрғысы
келді. Бірінші орындық тым үлкен жəне ағаштан жасалған екен, оның үстіне
вельветтен тігілген ескі көпшік салыныпты.
“Бұл нашар орындық”, деді Алтыншаш, “Ол тым қатты.”
Екінші орындық жұмсақ екен, оған раушан гүлдері төселіпті.
“Бұл да нашар орындық,” деді Алтыншаш, “Ол тым жұмсақ”.
Келесі орындық шап-шағын əрі жайлы болып шықты, оның бетіне жұмсақ көкшіл
жапқыш жабылыпты.
“Мынау нағыз маған керек орындық екен” деді Алтыншаш, сөйтті де дем
алмақшы болып орындыққа отыра кетті.
Бух! Бах! Бум! Алтыншаш еденде үйілген жаңқалардың үстіне ұшып түсті.
Орындық ұсақ бөліктерге бөлініп сынып қалды. “Мынаны қара” деп ойлады ол, себебі
ол өте ұқыпсыз қыз еді.
Жылы үйде Алтыншаштың ұйқысы келді, сөйтіп ол жатып мызғып алуды жөн
көрді. Ол орындықта отырып ұйықтай алмайтын еді, сондықтан да төсек іздеуге кірісті.
Ол баспалдақты көрді де, онымен ақырын басып жоғары көтерілді. Жоғарыдағы
бөлмеде үш төсек тұр екен. Біріншісі үлкен екен, оған жолақты жапқыш жабылыпты.
82
8‐күн. Зерттеу дағдыларын дамыту
2‐сабақ. Графикалық органайзерлерді пайдалану
8.8‐үлестірме материал: Үлгі мәтіндер
Ол төсекке жатып көрді де, “Бұл нашар төсек. Ол тым қатты” деді. Алтыншаш
одан түсіп, келесі төсекке барды.
Келесі төсек алдындағыға қарағанда кішірек екен, оның үстіне тоқылып жасалған
мамық көрпе мен көп жастықтар қойылыпты. Ол жастықтардың ортасына жайғасып
жатты да: “Бұл да нашар төсек. Ол тым жұмсақ” деді.
Үшінші төсек шап-шағын əрі жайлы болып шықты. Оның үстінде қуыршақ пен
ойыншық қонжық жатыр екен. Ол Алтыншаштың ойынан дəл шықты, сондықтан ол
тəтті ұйқыға кетті.
Көп ұзамай үш аю тамақтарын жеу үшін серуеннен оралды.
“Біреу менің ботқамды жеп көріпті” деп, əке аю ашумен гүрілге басты.
“Менің де ботқамнан жепті”, ана аю да ашумен айғай салды.
“Менің ботқамды да жеген” деп жылап жіберген қонжық, “оны тауысып та
қойыпты” деді ызаланып.
Сосын, олар өз орындықтарына қарады …
“Менің орындығыма біреу отырған”, əке аю гүр-гүр етіп, тіптен ашуына мінді.
“Менікіне де отырыпты” деп, ана аю да гүр ете қалды.
“Менің орындығыма отырып, оны сындырып та тастапты” деп жылады
кішкентай қонжық.
Олар ұйықтайтын бөлмені тексермек болып, баспалдақпен жоғары көтерілді.
“Менің төсегіме əлдекім жатып көріпті” деп гүрілдеді əке аю.
“Менің төсегіме де жатыпты” деп ашынды ана аю.
“Ал, менің төсегімде ол əлі ұйықтап жатыр” деп жылады қонжық, “міне ол…
қараңдар!”
Төсекте алтын шашты қыз ұйықтап жатты. Əке аю, ана аю жəне олардың
қонжығы бар дауыстарымен айғайлап гүрілдей бастады. Алтыншаш ұйқысынан
шошып оянды да, төсектен ұшып түрегеліп, баспалдақпен төмен қарай жүгіре түсті. Ол
сол жүгіргеннен жүгіре отырып, орманның екінші шетіндегі өз үйіне жетіп бір-ақ
тоқтады.
Мен Алтыншаш бұл күннің оқиғасынан үлкен сабақ алды деп айтқым келген.
Бірақ ол қазірдің өзінде бұрынғысынша ұқыпсыз болып қалпында қалды жəне ойнап
болғаннан кейін ойыншықтарын жинамайды.
2-үлгі мəтін – Бұлттардың пайда болуы
Бұлттар ауадағы көрінбейтін су буы қоюланып, көрінетін су тамшыларына
немесе мұз кристалдарына айналған кезде пайда болады. Су əрдайым біздің
айналамызда өте ұсақ газ тəріздес бөлшектер түрінде болады, оларды су буы деп те
атайды. Ауа суыған кезде, су буының біраз бөлігі су тамшыларына айналады. Ең
соңында, кішкентай су тамшыларынан үлкен су тамшылары жасалады да, олар басқа
су тамшыларымен қосылып, бұлтты құрайды.
Бұлттар ауа қанығып, бұдан əрі су буын өзінде ұстап тұра алмайтын жағдайға
жеткенде пайда болады, бұл екі тəсілмен жүруі мүмкін. Бірінші тəсілі – бұл ауадағы су
көлемі шегіне дейін жетіп, əрі қарай оны ұстай алмайтын жағдайға жетуі – мысалы,
83
8‐күн. Зерттеу дағдыларын дамыту
2‐сабақ. Графикалық органайзерлерді пайдалану
8.8‐үлестірме материал: Үлгі мәтіндер
булану. Екінші тəсілі – ауа конденсация температурасына дейін суып, ылғалды өзінде
ұстап тұра алмауы.
Ауа неғұрлым жылы болған сайын, соғұрлым көбірек су буын ұстай алады.
Бұлттар əдетте конденсацияның көмегімен пайда болады – ауа жоғары көтерілген
кезде, ол суып, ал ауа температурасының төмендеуі оның су буын өзінде ұстау
қабілетін азайтады, міне дəл осы себептен де конденсаттың пайда болу үдерісі жүреді.
Конденсаттың пайда болу температурасына жеткен кезде жəне бұлттар пайда
болғанда, конденсация деңгейі деп аталады.
Бұлттар ұдайы өзгеріп, сан алуан пішіндерге өзгеретініне қарамастан,
метеорологтар бұлттардың негізгі 10 тобын жіктеп көрсетеді. Олар əдетте өздері
құралатын атмосфера бөлігімен сəйкестікте үш түрге бөлінеді. Биік бұлттар 20,000 фут
биіктікте немесе одан да жоғары болады. Ортадағы бұлттар 6,500 - 20,000 фут
биіктікте болады, ал аласа бұлттар 6,500 футтан төмен болады.
Аласа бұлттардың мысалдары қатпарлы бұлттар жəне жаңбырлы түйдек бұлттар
болып табылады.
Қатпарлы бұлттар – төменгі биіктікте болатын сұр қатпарлар немесе жұлмалар.
Олар ең төменгі бұлттар болып табылады жəне кейде жер деңгейінде қырау жəне
тұман түрінде пайда болады. Сұр немесе ақ түсті қатпарлы бұлттар ұсақ жаңбырға,
қарға немесе қар түйіршіктеріне ұласады. Егер қатпарлы бұлттардан жоғары басқа
ешқандай бұлт жоқ болса, олардың арасынан күн немесе ай көрініп тұрады.
Жаңбырлы түйдек бұлттар өте ауыр жəне қою, төмен деңгейлі бұлттар болып
табылады, олар мұнараларды немесе тау шыңдарын көмкере отырып, аспанның
биігінде жайылып жатады. Олардың негізі көбінесе жалпақ жəне өте қошқыл жəне жер
бетінен небары бірнеше жүз фут биіктікте болуы мүмкін. Жасынды түйдек бұлттар
құйып жауатын жаңбыр, бұршақты дауыл, найзағай жəне қатты құйын сияқты
табиғаттың төтенше құбылыстарымен байланысты. Егер күн күркіреп, найзағай
жарқылдайтын болса немесе бұршақ жауса, онда бұл құбылыстардың қатпарлы
жаңбырлы бұлттардың емес, жаңбырлы түйдек бұлттардың болуынан туғанын білуге
болады.
Ортадағы бұлттардың жалпы пішіні биік түйдек бұлттар деп аталады. Биік түйдек
бұлттар – қара бұлт деп аталатын, орташа биіктікте болатын қатпарлар немесе
жұлмалар. Олар сұр немесе ақ түсті болады жəне күннің көзін жасырады. Олар
көбінесе қалыпты ауа райында байқалады жəне тамшылардан құралады. Дегенмен,
оларда мұз кристалдары да болуы мүмкін.
Ақ шарбы бұлттар – бұлар жоғары биіктікте орналасатын ең əдемі бұлттар. Ақ
шарбы бұлттар қысқа, оқшауланған жəне жекелеген талшықтардан тұрады. Осы əсем
бұлттар жібектей жылтыраған жұқа түтінге немесе дудыраған шашқа ұқсайды.
Күндізгі уақытта олар аспандағы кез келген басқа бұлттарға қарағанда ағырақ болады,
бірақ күн шығып келе жатқанда немесе күн ұясына отырарда, олар күннің неше түрлі
түстермен толығып, кешкі аспанды қызғылт немесе сары шұғылаға бөлейді.
Бұлттар күннің басым бөлігінде біздің төбемізде тұратындықтан, біз оларға сирек
қараймыз жəне олардың сұлулығына мəн бере бермейміз. Дегенмен, өте сирек
жағдайларда кейбір бұлттар біздің жан дүниеміздің тереңіне дейін жете таң
84
8‐күн. Зерттеу дағдыларын дамыту
2‐сабақ. Графикалық органайзерлерді пайдалану
8.8‐үлестірме материал: Үлгі мәтіндер
қалдырады. Мысалы, Келвин-Гемгольц толқынды бұлты. Ол мұхиттың құламалы
толқындарына ұқсайды. Осы бір тамаша бұлт неміс физигі Герман фон Гемгольцтің
жəне британдық физик Лорд Келвиннің құрметіне осындай атауға ие болған, себебі
олар ауаның əртүрлі екі қатпары бірінің артынан бірі əртүрлі жылдамдықта қозғалған
кезде пайда болады. Жоғарғы қатпары жылдамырақ қозғалып, буырқанған асау
толқынға ұқсас түрге енеді.
Сондықтан келесі жолы көшеде келе жатқанда, міндетті түрде аспанға көз салып,
төбелеріңіздегі тамаша туындыға тамсануды ұмытпаңыз.
85
9-КҮН
9-күн. Идеяларды тиянақтау
2-сабақ. Драма əдісін қолдану
9.1-үлестірме материал: Ойдағыны табу
9.1-үлестірме материал: Ойдағыны табу
89
9-күн. Идеяларды тиянақтау 2-сабақ. Драма əдісін қолдану
9.2-үлестірме материал: Ойдағыны табу (жалғасы)
9.2-үлестірме материал: Ойдағыны табу (жалғасы)
90
9-
күн
. Идеяларды
тиянақ
тау
2-
сабақ
. Драма
əдісін
қол
да
ну
9.3-
үлестірме
материал
: Сана
са
яж
олы
9.3-
үлес
тір
м
е
ма
те
р
и
ал
:
Сана
саяжолы
91
9-күн. Идеяларды тиянақтау
4-сабақ. Жаттығуларды көрсету
9.4-үлестірме материал: Шапшаң талқылау
9.4-үлестірме материал: Шапшаң талқылау
Топты екі шағын топқа бөліңіз. Тақырыппен байланысты пікірді ұсыныңыз, мəселен
“біздің қазақша, орысша жəне ағылшынша сөйлей білуіміз өте маңызды» деген сияқты.
Сыныптың жартысы бұл пікірге қосылады, ал екінші жартысы қарсы шығады. Кейбір
оқушылар өздері келіспейтін көзқарасты дəлелдеуі ықтимал.
Осы екі топ бөлігін одан да гөрі шағын топтарға бөліңіз жəне оларға дəлелдерін
дайындауы үшін 10 минут уақыт беріңіз. Осы уақыттың ішінде, оқушылар өз пікірін
қорғау үшін себептерді, дəлелдерді жəне мысалдарды ойлап табулары тиіс.
Пікірмен келісетін оқушылардың бір сызықтың бойына тұруын, ал онымен
келіспейтіндердің оларға қарама-қарсы тұруын сұраңыз. Қарама-қарсы тараптардың
мүшелері енді жұптар болып табылады.
«Келісемін» дейтін оқушыларға өз көзқарастарын дəлелдеу үшін бір жарым минут
уақыт беріңіз, бұл уақытта олардың серіктестері оларды тыңдап, керектісін қағазға
түсіріп алады. Уақыт бітісімен, «қарсымын» деген оқушылар да өз пікірін дəлелдеу
үшін бір жарым минут уақыт алады.
Рефлексия
Осы іс-əрекет қандай дағдыларды талап етеді?
Сіз осы тапсырманы өз сыныбыңызда қолдану үшін қалай бейімдей аласыз?
92
10-КҮН
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
1-сабақ. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларындағы дамуды түсіну
10.1-үлестірме материал: Айтылым жəне тыңдалым мақсаттары
10.1-үлестірме материал:
Айтылым жəне тыңдалым мақсаттары
Мəтіннің аяқталуын негізге ала
отырып, сюжеттің қалай
басталатыны мен одан əрі
дамуын болжау; мəтіндегі
маңызды байланыстарды
анықтау, толық мəтіндердің
мазмұнын түсіну жəне өзі үшін
маңызды ақпаратты таңдау
Мəтіннің ең ықтимал
аяқталуын болжау;
хабарламадағы логикалық
байланыстарды жəне ең
маңызды ақпаратты
анықтау
Тыңдалған мəтіннің
үзінділерін негізге ала
отырып, оқиғаның дамуын
болжау; мəтіндегі маңызды
байланыстарды анықтау,
тілдік гипотезалар мен
мəнмəтінге негізделе
отырып, мəтіндегі маңызды
ақпаратты түсіну
Əртүрлі əдістерді, мысалы
жинақтауды пайдалана отырып,
даулы мəселелер мен автордың
ұстанымына қатысты жеке
түсінігін көрсете отырып,
мəтінді мазмұндау
Өзге адамдардың пікірлерін
ескере отырып,
аудиовизуалды
материалдың мазмұнын
болжау; мəтіннің негізгі
идеясын анықтау
Тілді меңгерушінің сөйлеу
деңгейіне жақын, өзара
тиімді қарым-қатынас
жасауға жеткілікті сөздік
қорды меңгеру
Тақырыптардың кең
ауқымында қарым-қатынас
жасауға жеткілікті сөздік қорды
меңгеру
Оқиғаларды/ əңгімелерді
жазбаларды немесе
жоспарды пайдалана
отырып мазмұндау
Мəтіннің тақырыбын
немесе басталуын негізге
ала отырып, сюжеттің
дамуын болжау; түсінуге
керексіз, таныс емес тілдік
материалды қалдырып кете
отырып, негізгі жəне екінші
дəрежелі идеяларды
анықтау
Хабарлау тілін пайдалана
отырып жəне оқиғаларды
белгілі бір тəртіппен
орналастыра отырып, шынайы
жəне ойдан шығарылған
оқиғаларды əңгімелеу
Əртүрлі тақырыптарда
қарым-қатынас жасауға
жеткілікті сөздік қорды
меңгеру
Эмоциялық реңкі бар
сөздерді қамтитын сөздік
қорды меңгеру
Мəтіндегі терминдерді жалпы
лингвистикалық
баламаларымен жəне
сипаттаушы тіркестермен
алмастыра отырып, сөздік
қорды меңгеру
Мəтіннің негізгі идеясын
анықтай отырып, оқиғаның/
ертегінің мазмұнын жəне
басқа адамдардың
көзқарастарын түсінгенін
жəне болжағанын көрсету
Əсерлі жəне қызықтырушы
сөздерді пайдалану
Сөйлеу барысында таныс
сөздерді пайдалану
Синонимдерді,
антонимдерді жəне
омонимдерді қамтитын
сөздік қорды меңгеру
Идиомаларды,
паронимдерді жəне кірме
сөздерді қамтитын сөздік
қорды меңгеру
95
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
1-сабақ. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларындағы дамуды түсіну
10.1-үлестірме материал: Айтылым жəне тыңдалым мақсаттары
Бұрынғы жазбалар мен
жоспарды пайдалана отырып,
мəтіндердің мазмұнын
əңгімелеу
Түпнұсқаға жақын мəтіннің
негізгі мазмұнын əңгімелеу
Оқиғаның/ертегінің
тақырыбын негізге ала
отырып, сюжеттің дамуын
болжау, оқиғаның негізгі
сəттерін анықтау
Оқиғаны/ баяндауларды егжей-
тегжейлерімен немесе мəтіннің
мағынасына жақын етіп
мазмұндау
Оқиғаларды жəне
баяндауларды
тыңдарманның назарын
аудару үшін мазмұндау
Қарапайым оқиғаларды
мазмұндау
Не болып жатқанына назар
аудара отырып, сюжеттің
дамуын болжау (мысалы,
оқиғаларды, кейіпкерлерді)
Мəтінді таңдай отырып,
мəтіннің мəнмəтінінің
негізгі мазмұнын қысқаша
мазмұндау
Əртүрлі əдістерді
пайдалана отырып, даулы
мəселелер мен автордың
ұстанымына қатысты жеке
түсінігін көрсете отырып,
мəтінді мазмұндау
Ақпараттың ауқымын кеңейту
жəне тарылту техникасын
пайдалана отырып, мəтінді
мазмұндау (жоспар)
Қандай да бір оқиғалардың
неліктен болатынына назар
аудара отырып, келесі
оқиғаны болжау (идеялар,
оқиғалар, кейіпкерлер жəне
т.б.)
Мазмұнды түсінгенін
көрсету жəне оқиғаның
/ертегінің қалай
аяқталатынын болжау
(оқиғаларды,
кейіпкерлердің іс-
əрекеттерін)
Əртүрлі мəнмəтіндерде арнайы
терминдерді пайдалану
Əртүрлі тақырыптарда
əңгімелесу үшін жеткілікті
сөздік қорды меңгеру
Əңгімені үзбеу үшін
қажетті сөздік қорды
пайдалану
Мəтіннің аяқталуын негізгі ала
отырып, сюжеттің қалай
басталатыны мен одан əрі
дамуын болжау; мəтіндердің
мазмұнын түсініп жəне
маңызды ақпаратқа назар
аудара отырып, мəтіндегі
маңызды байланыстарды
анықтау
Тірек сөздерді негізге ала
отырып, сюжеттің дамуын
болжау; нақты материалды
(датасын, орнын, аттарды)
ойда ұстай отырып,
хабарламаның тақырыбы
мен негізгі идеясын
анықтау
96
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
2-сабақ. Айтылым жəне тыңдалым жаттығулары
10.2-үлестірме материал: Ромб тəріздес жүйелеу
10.2үлестірме материал: Ромб тəріздес жүйелеу
1-себеп
2-себеп
97
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
2-сабақ. Айтылым жəне тыңдалым жаттығулары
10.3-үлестірме материал: Айтылым жəне тыңдалым стратегияларын ромб тəріздес
жүйелеу
10.3-үлестірме материал: Айтылым жəне тыңдалым əдіс-тəсілдерін
ромб тəріздес жүйелеу
Бабл-Габл
Қар кесегі
Əңгімедегі серіктер
Кофе араластырғышты
пайдалану
Ойлан-Жұптас-Бөліс
Ара стратегиясы
Жазбалар жазуға жəне
жауаптармен алмасуға
арналған флипчарттар
Кері байланысты ұсынуға
арналған баяндамашы
Басқа
98
10-
күн
. Айт
ы
лым
жəне
тыңдалым
дағдыларын
дамыт
у
2-
сабақ
. Айтылым
жəне
тыңдалым
жаттығу
лары
10.4
‐үлестірме
мате
р
иал
: Айт
ыл
ымға арнал
ға
н тапсырма
қай к
езд
е та
б
ысты
бо
л
ад
ы
?
Айтылымға
арналған
тапсырма
қай
кезде
табысты
болады
?
Тапсырма
. Төрт
элементті
ұсыныңыз
. Оларды
екінші
бағанда
айтылған
пікірл
ермен
салыстырыңыздар
.
1
Оқушылар
көп
сөйлейді
Мұғалімнің
монологына
арналған
уақыт
туралы
ұмытпаңыздар
!
2
Тең
дəрежеде
қатысу
деңгейі
Барлық
оқушылар
өз
ойын
айтуға
мүмкіндік
алады
, ешкім
ешкімнен
үстем
болмайды
.
3
Жоғары
уəж
Оқушылар
сөйлеуге
тырысады
(себебі
олар
тақырыпқа
қызығу
шылық
танытады
немесе
мақсатқа
жету
жолында
өз
үлесін
қосқысы
келеді
/ қосқымыз
келеді
)
4
Рұқсат
етілетін
тілдің
деңгейі
Тіл
орынды
, түсінікті
жəне
жеткілікті
деңгейде
дұрыс
болып
табылады
99
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
2-сабақ. Айтылым жəне тыңдалым жаттығулары
10.5‐үлестірме материал: Айтылым жаттығуларына байланысты туындайтын проблемалар
Айтылым жаттығуларына байланысты
туындайтын проблемалар
Тапсырма. Келесі жағдаяттардың əрқайсысында сіз не
істейтініңізді түсіндіріңіз.
-
Оқушылар ұялады.
-
Оқушылардың айтары жоқ.
-
Оқушылар аз ғана қатысады немесе мұны тең дəрежеде
істемейді.
-
Оқушылар өз ана тілін пайдаланады.
-
Оқушылар сөйлемейді, себебі сөйлегенде көп қате жібереді.
100
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
4-сабақ. Ықшамсабақ
10.6-үлестірме материал: Оқулықтағы тыңдалымға арналған тапсырманы пайдалану
Оқулықтағы тыңдалымға арналған тапсырманы пайдалану
Оқулықтардағы бағдарламалармен байланысты ең үлкен қиындық тыңдалым
тəжірибесін
сыныптық
нұсқаулықтарға
ықпалдастыру
жəне
оқушылардың
қызығушылығы мен уəждерін сақтап қалу.
Сіздер осы жерде келтірілген, тыңдалымға арналған тапсырмаларды орындауға
арналған нұсқаулықты оқулықтардан алынған, тыңдалымға арналған бағдарламаларды
бағалауға жəне бейімдеуге қажетті бастапқы орын ретінде пайдалана аласыздар.
Тыңдалымға арналған стратегияларды оқулықтан алынған дыбыстық
жəне бейнематериалдармен ықпалдастыру
Оқушылар бұл жоспарда тыңдалымға/ көруге арналған тапсырмаларды сыныпта
да, сыныптан тыс та орындау үшін пайдалана алады. Сіздердің оқушыларыңыз өз
бетінше жұмыс істей бастардың алдында, жоспарды пайдалануды сыныпта кем
дегенде бір рет үлгі ретінде көрсетіп беріңіз жəне қолданыңыз.
1. Тыңдалымға/ көруге арналған жоспар
Егер сөздікке енгізетін сөздер болса, олардың тізімін қарап шығыңыздар.
Егер жұмыс парағы бар болса, оны қарап шығыңыздар.
Шағын дисктің/видеоның мазмұны бойынша қолда бар ақпаратты қараңыздар.
2. Шағын дискті/видеоны талдаңыздар.
(ШД) Шағын диск сегменттерін ойнаңыздар; (видео) дыбыссыз видеоны
көріңіздер.
Бағдарламаның түрін анықтаңыздар (жаңалықтар, деректі фильм, сұхбат,
драмалық шығарма).
Мазмұн бойынша пікірлердің тізімін құрыңыздар.
Шағын дискті/видеоны қарқынды тыңдалым/ көру үшін бөлімдерге қалай
бөлетіндеріңізді белгілеңіздер.
3. Əр бөлімді мұқият тыңдаңыздар/ қараңыздар. Əр бөлім үшін:
Өздеріңізге түсінікті тірек сөздерді қысқаша жазыңыздар.
Жұмыс парағынан осы бөлімге қатысты сұрақтарға жауап беріңіздер.
Егер сіздерде жұмыс парағы жоқ болса, бөлім бойынша қысқаша конспект
жазыңыздар.
4. Өз түсінгендеріңізді бақылаңыздар
Ол сіз жасаған болжамдарға сəйкес келе ме?
Əр бөлім бойынша қысқаша конспектінің басқа бөлімдер үшін маңызы бар ма?
5. Өзіңіздің тыңдалымға арналған тапсырманы қабылдауыңыздағы ілгерілеуді
бағалаңыз.
Қосымша оқу:
А.Ю. Чамот (1995). Тыңдалғанды оқыту жəне қабылдау стратегиялары.
Д. Мендельсон жəне Дж. Рубон (1995). Екінші тілде Тыңдалымды оқыту бойынша
нұсқаулық. Сан Диего, Калифорния: Домини Пресс.
101
10-күн. Айтылым жəне тыңдалым дағдыларын дамыту
4‐сабақ. Ықшамсабақ
10.7‐үлестірме материал: Тиімді тыңдалым
Достарыңызбен бөлісу: |