1. Көркем еңбекті оқыту әдістемесінің қағидаларын. Көркем еңбекті оқытудағы дидактикалық принциптер жүйесі


Көркем еңбекті оқытудағы дидактикалық принциптер жүйесі



бет2/5
Дата20.12.2021
өлшемі29,56 Kb.
#103862
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЕ Л-6

2. Көркем еңбекті оқытудағы дидактикалық принциптер жүйесі.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принципі, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдарды оқыту әдістері арқылы үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі қажетті материалын іріктейтіндей принциптерді табу қажет.

Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принцип бейнелеу әдістерін меңгерумен қатар балалардың байқампаздығы мен білімқұмарлығын дамытады. Бұл принцип қоршаған ортаның даму заңдылықтарына, қоршаған ортаны тану дүниетану белсенділіктерін арттыруға үйретеді.

Сурет салу барысындағы балалардың нұсқаны ойсыз көшіріп салуын болдырмау үшін көп еңбек етуді қажет етеді.Оқушы алдымен көру арқылы нұсқамен танысады, онан соң педагог модельдің пропорциясы, түсі және жарықтануы сияқты форма ерекшеліктеріне назар аударады. Мұндай алдын ала нұсқамен таныстыру обьектіні талдаудың негізі болады.

Мұғалім оқушылардың назарын нұсқаға аудара отырып, өз шәкірттерінің модель құрылымының ерекшеліктеріне, оларды қосалқылардан бөліп алып, форманың конструктивтік құрылымын ашып көрсетеді.

Оқушылардың заттың жеке ұсақ бөлшектеріне көңіл аударуы, олардың зерттеп отырған нұсқаның тұтастай образын байқауынан алшақтап, оның құрылымын түсінуге кедергі жасайды, бүл өз кезегінде нұсқаны дұрыс бейнелеуге кедергі келтіреді. Оқушы зерттеп отырған нысанды нақты елестету үшін, ол ең алдымен оның формасын тұтастай қамтуға, онан соң сол заттың ерекше белгілерін танып, барлығының басты бөлшектері мен өзара байланыстары мен өзара бағыныштылық қасиеттерін және осы элементтерінің өзара орналасуы мен құрылым бірлігін білуі тиіс.

Бұл үшін педагог оқушыларға тұтасты жеке бөліктерге және оларды қайтадан бір тұтастыққа біріктіру процесін, яғни талдау, жалпылау процесін бірлікте қарауға үйретеді. Әрине бүл әрбір сыныптың, оқушылардың даму деңгейіне байланысты қолдануға, және олардың білім көлемін есепке алуға сәйкес келуі тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей дидактикалық принциптерді білмейтін және сақтамайтын мұғалімдер суретті саналы меңгеруге оқытпайды. Мұндай ештеңені түсіндірмей, тек қана оқушының суретін жөндеуге жәрдемдесумен шектеліп, жұмыстың бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысумен айналысады.

Оқытудың ғылымилық принципі оқушыларға білім берумен шектеліп қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп отыруды педагогқа міндеттейді. Сурет салу барысындағы әрбір жағдайлар мен шарттар ғылыми мәліметтермен бекітілуі тиіс. Яғни, қандайда бір өмір құбылыстарының заңдылықтары көрсетіліп отыруын қажет етеді. Бүл деген сөз, педагог тек қана көрсетумен шектеліп қалмай, белгілі форма бейне қандай әдіспен құралды, бұл тек қана сол әдіспен салыну керектігін дәлелдеп көрсетуді қажет етеді.

Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдіруді педагог өзінің берген кеңесі мен нұсқауының дұрыстығына,оның оқушы еңбегін әлдеқайда жеңілдететіндігіне өздері сурет салу барысында көз жеткізулері тиіс. Оқушылар өнермен айналысу барысында ғылымының өнерге жәрдемдесетіні олардың әр уақытта естерінен шықпайтындай болуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері суреттер салумен шектеліп қалмауға тиіс. Бейнелеу өнерін оқыту балаларға зат құрылысын қағаз бетінде сауатты бейнелеуге бағытталып құрылуы тиіс. Балалардың сауатты салынған суреті – перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен көлеңке түстану заңдарын сақтау, зат құрылымының ерекшеліктерін, құбылыстардың заңдылықтарын дұрыс түсіну негізінде салынған суретті айтамыз.

Өнердің сауаттылығын меңгермей бала бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктерін меңгермейді. Бейнелеу сауаттылығы оқушының шығармашылық қызмет атқару үшін қажеттілігі онанда жоғары.

Сурет салу барысында балаға қажетті білім мен дағды берілмесе, олар өзімен-өзі болып кетсе, бұл баланың онан әрі дамуына кері әсер етуі мүмкін және бұл жағдай баланың сурет салудан жеруіне әкеп соғуы да мүмкін.

Кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды тастап кетеді. Бастауыш сынып оқушыларды сурет салумен біреу қызықтырмаса да өз бетімен айналысады. Бесінші және алтыншы сынып оқушыларының өзіне кейде сурет салу сабағы зерігетіндей болуы байқалып қалады. Бұл адамның жасы өсіп дамыған сайын өмір туралы балалық елестетулерінің қате екендігін түсіне бастайды. Орта сыныптың оқушылары өздерін қоршаған заттарды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар оларды өзара салыстыра бастайды, талдайды және олар туралы қарапайым қорытындылар жасайды.

Бұл жастағы оқушылар өздерінің суреттеріне қанағат түтып қана қоймай, оларды өмірдегі көріністеріне нақты ұқсатуға талпынады. Егер бұған қалай жетуді, қалай жасауды олар білмесе, оған тәжірибелі жетекші жәрдем беруге келмесе, оларда қанағттанбағанның сезімі пайда болып, соңында барып салуды тастап кетуі де мүмкін.

Сондықтан бейнелеу өнерін оқытуда іргелі ғылыми негізге сүйеніп құрылған жерде, оқушы таңғаларлық үлгерімге жететіндігін көрсетеді. Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасында бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін құрайтын форма, түр-түс, кеңістік, симметрия, ассиметрия ритм, перспектива (ауа перспективасы, сызықтық перспектива, көлеңке перспективасы т.б ) жарық-көлеңке заңдылықтары (жарық, жартылай жарық, жартылай көлеңке, көлеңке, түсіп түрған көлеңке, зат көлеңкесі, рефлекс, жапырақ т.б) туралы білім беру мен кеңістік көріністерін бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгергенде ғана оқушылардың оқулық суреттері мен шығармашылық жұмыстарының сапасы артатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет