Көрнекілік принципі.Көрнекілік принципі заттар мен құбылыстарға таным көзі ретінде қарап, оқушылардың білім алуына лайықты жағдай жасауды көрсетеді.Көрнекіліктің психологиялық негізі болып, түйсік шешуші рөл атқарады, яғни адам көрмеген, естімеген немесе сипай сезбеген нәрсе туралы ойлауға негіз де болмайды. Қабылдау кезінде адам сезім органдары неғұрлым көбірек қатысса, адамның нәрсені танып білуі де тереңдеп, сенімді бола түседі.
Бейнелеу өнерінің мұғалімі қандайда бір сабақ өткізбесін оған көрнекілік құралдарын үнемі қолдануды қажет етеді. Нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, әңгіме-сабақ мүсін сабағы болсын бәрібір, ол көрнекілік материалдарын қолдануына тура келеді.
Нұсқаға қарап сурет салу өзінен өзі оқытудың көрнекілік әдісі болып табылады. Нұсқаға қарап сурет салу процесі бейнелейтін затты эмоциялық бақылаудан сезу мен көру арқылы қабылдаудан басталады. Сондықтанда ең алдымен сурет салуға қойылған, қойылымда, сурет салатын адамның көңілі басты нәрсеге аударылатындай жағдайды қарастыру қажет.
Суретке салатын қойылымды дайындағанда мұғалім оны оқушылар алдында жәңе әдемі етіп орналастыру ғана емес, сонымен қатар ол оқушыларға сурет пен кескіндеме салудың негізгі заңдылықтарын меңгертуге жәрдемдесуі тиіс. Мектепте сурет салатын қойылымды (постановканы) қойған кезде оның композициялық, эстетикалық мазмұнына көңіл бөлінеді де оның білім негіздерін меңгерту мақсаты келесі кезекке қалып отырады. Бүл жерде заттардың ерекшеліктері мен форма құрылымын ашып көрсетуге басты назар аударылуы тиіс.
Бұл оқушының зейін белсенділігін арттырып, оған өз бетінше шешім қабылдауға жәрдемдеседі.Көрнекілік нұсқаны бақылап, оған талдау жасаумен тығыз байланысты. Бүл заттар мен құбылыстар туралы дұрыс ойлауға оларды дұрыс бейнелеугежәрдемдеседі. Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерін оқытудың алғашқы сатысында үлкен мәнге ие болады.
Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерінің негізін құрайтын заңдылықтарға кіретін терминдерді, түсініктерді үғындыру үшін аса қажет. Көрнекілік арқылы мұғалім «горизонт сызығы», «перспектива», «сызықтық перспектива», «көлеңке перспективасы», және т.б. түсініктер таблица түрінде көрсетіліп немесе табиғаттың өзіне алып шығып көрсетіледі.
Заттың конструкциялық құрылымын түсіндіру үшін, оқушыларға сым темірден шартты түрде зат формасын елестететін көрнекіліктер қолданылады. Гипстен жасалған шар, куб, целиндр формаларын бейнелеу барысында мұғалім оқушылараға «Жарық пен көлеңке бірлігі», «Жартылай жарық», «Заттың өзіндік көлеңкесі», «Түсіп түрған көлеңке» үғымдарын түсіндіруге арналған көрнекті құралдар пайдаланады.
Кескіндеменің негіздерін үйретуді мақсат ететін — бояумен сурет салу сабақтарында педагог оқушыларға «Хроматикалық түстер», «Ахроматикалық түстер», «Жылы түстер, суық түстер», «Кеңістіктегітүстердің өзгеру сипаты», «Реңдік қатынастар», «Зат бетіндегі жарық пен көлеңкеге байланысты түстердің өзгеруі», «Түстерді араластыру» тақырыптарына арналған көрнекті құралдар қолданылады.
Кеңістік көріністеріндегі заттардың түстерінің өзгеруі, оларды бейнеленуін оқушыларға үғындырудың ұтымды жолдарын даңықты суретшілердің картиналарының иллюстрациялары болып табылады. Мұндай шығармалардың қатарында Ш.Уәлихановтың «Теріскей Алатау, М.Кенбаевтың «Асауды үстау», Қ.Телжановтың «Ата баба жерінде» картиналарын айтуға болады.
Сәндік сурет салу сабақтарында қолөнер бұйымдары, олардың иллюстрациялары, таблицалар, ағаш, темір, мүйіз, метал өңдеудің үлгісінде жасалған шеберлердің шығармашылық заттары, кілем, алаша, бау-басқұр, шашбау, сәукеле, күбі, кесте, құрақ, ер-тұрман ою-өрнектер т.б. шығармашылық өнімдері балаларға көркем өнердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.
Нұсқаға қарап сурет салу сабағында бейнелеудің төрт кезеңін білдіретін таблицаны қолданудың оқушылардың танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Бұл көрнекіліктің бірінші кезеңінде — зат көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастыру, екінші-заттың конструктивтік құрылысын салу, үшінші штрихтау немесе бояу арқылы заттың көлемін беру тәсілдері, төртінші-аяқталған сурет қандай болу керек екендігін білдіретін, үлгі сурет бейнеленіп көрсетіледі.
Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында қолданатын сурет салудың кезеңдерін көрсететін таблицаларды дайындау кезінде мына шарттарды мүқият сақтауды қажет етеді.
Әрбір таблица оқушыға сурет салудың белгілі кезеңінде нендей іс-әрекет етуді нақты бейнелеуі тиіс;
Әрбір кезең оқу материалының салыстырмалы түрде алғанда меңгеруге болатындай көлемді ғана көрсетуі тиіс;
Сурет салудың бірізділігін мұғалім мүқият ойластыра отырып белгілеуі қажет;
Көрнекі сурет өте нақты және түсінікті болғаны жөн;
Таблица қысқаша түсіндірме сөзбен, тақырыпшамен безендірілуі шарт; Бейнелеу өнері сабақтарындағы көрнекіліктің бір түрі мұғалімнің өзінің салған суреті. Бұл суреттер педагогикалық сурет деп аталады. Педагогикалық сурет тақтаға, оқушы дәптеріне немесе жеке шағын форматты қағазға салынады. Мұғалімнің салған суреті оқушылардың қызығушылығын тудырып, ұстазға деген сенімін арттырады, ұстаздың беделін көтеретін мүмкіндік.
Педагогикалық сурет бормен немесе түрлі-түсті қаламсаппен тақтаға салынады. Бұл әсіресе оқушыларға затты конструкциялық құрылымын, симметриялығын, өлшемдер қатынастарын, кеңістіктегі орнын айқын түсінуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар педагогиканы сурет балаларды бейнелеу кезіндегі жіберген ортақ қателерін, әрқайсысына жеке көрсеткеннен көрі, тақтаға салып көрсеткені ұтымды болып шығады. Бірақ бұл жерде мұғалім өзінің бейнелеу шеберлігін оқушыларға көрсетуге баса көңіл бөліп кетпей, оның салған суретін оқушылардың бейнелеу ептілігін арттыруға жәрдем көрсететіндей, бағытты қамтуы орынды.
Бейнелеу өнері сабақтарында жиі қолданылатын негізгі көрнекіліктер ретінде мыналарды атауға болады: схема түріндегі суреттер, геометриялық денелердің гипстен жасалған модельдері; классикалық мүсіндердің үлгілері; сым темірден, картоннан, пленопластан жасалған нұсқаның құрылым ерекшелігін көрсететін модель; жарық пен көлеңке және перспектива құбылысын түсіндіруге арналған приборлар; сурет салудың бірізділігін көрсетуге арналған таблицалар, суретшілер картиналарының репродукциялары, сурет салуға үйрететін кинофильмдер, диафильмдер және эпидаскоп, кинопроекторлар, педагогикалық сурет.
Сурет салу заңдылықтарын меңгеру үшін оқушыға бір ғана көрнекілік аздық етеді. Оған оқушының өзінің белсенділігі қосылуы тиіс. Көрнекілік арқылы оқушы көп нәрседен түсінік беретін белгілі көру образын алады. Осының нтижесі оқушыға көрерменнің рөлінен жаңа үлгі жасаушы рөліне ауысуына жәрдемдеседі. Оқушы өзінің оқу материалын қаншалықты меңгергенін өзінің бейнелеу жұмысында көрсете алады. Педагогтың көрсеткенін ол өзі практикада қолданып көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |