1 латын тілініњ шыѓу тегі



бет13/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#37448
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
12 Рим театры

Рим театры және драмасының қайнар көзі Грецияда сияқты салт-жора ойындарға, бай карнавалдық элементтеріне жатады. Мысалы, Сатурналии мерекесі – Сатурн құдайына арналған. Бұл мерекенің ерекшелігі үйреншікті қатынастарды «бұралу»: мырзалар біраз уақытқа «құлдарға», ал құлдар – «мырзаларға» айналуы. Рим театры және драманың ең ерекше қайнар көзі өнімді жинау ауылдық мерекелер болды. Бұрынғы уақытта, Рим кішірек қауым болғанда – Лациум, ауылдарда орақ біткені үшін мерекелер өткізілді. Бұл мерекелерде қызықты, қатал әндер салынды – фесценниндер.


Басқа жабайы көріністер сатур болған. Сатурдың негізі боп этрусстардың беттік би қимылы себеп болды. Б.з.б. 364 жылы Римді тез жайылғыш апат аңғарды. Құдайлардың көңілін жұмсарту үшін сахналық ойындар өткізілді. Этруриядан билеуші-актерлер шақырылды, қайсылары сырнай аккомпонементіне өзінің билерін биледі. Этрустардың актерлеріне рим жастары еліктеді, қайсылары билерге қызықты сөйлесулер қосты. Солай сатурлар пайда болды. Сатурлар қайғылы оқиғалар тұрмыстық және күлдіргіш мінезінде, өз өзіне сөйлесу, ән айту, өлең және драмалық би қосты.
Драмалық көріністер күлдіргіш мінезінде, олардың тағы бір түрі – ателландар болды, қайсылары басқа тайпалардан алынған. Жастар осы ойындармен айналысып және мерекелерде оларды ойнады.
Ателланда 4 күлдіргіш киіпкерлер қатысты: Маки, Буккон, Папп және Доссен. Ателландарда бір қалыпты сөздер болған емес, сондықтан олар ойнағанда өзінен суырып салып айта алады. Халықтық драмаға Мим шығады. Грецияда сияқты Мим халықтың тұрмысынан көріністер шығарды, ал кей кездері ертегілерді сықақтады, қорытындылап күлдіргіш түрде құдай және батырларды шығарды.
Сонымен, Римде салт-жора ойындар, ежелгі Грециямен сәйкес келеді. Драманың әлсіз бастамасынан халықтық театр әрі қарай дамыған жоқ. Бұны рим өмірінің тәртібімен және абыздардың қарсы болуы деп түсінуге болады. Сондықтан, Римде мифология пайда болмаған, қайсысы Греция өнері және драмасының дамуына себеп болды.
Республика дәуіріндегі Рим театры. Римдіктер әдеби драманы, гректерден алып оны латын тіліне аударды. Бірінші Пуникалық соғыс аяқталуына қарсы, б.з.б. 240 жылы мерекелік ойындарда драмалық көріністі көрсетуге шешті. Көріністі дайындау грек - Ливий Андроникке берілді, ол рим сенаторының құлы болды. Бостандық алғанда, Римде қалып рим ақсүйектерін грек және латын тілдеріне үйретті. Бұл мұғалім, ойындарда трагедия және комедия қойды. Бұл көрініс рим театрының дамуына түрткі болды.
Б.з.б. 235 жылы өз пъесаларын сахнаға драматург Гней Невий (б.з.б.280-201 жылы) қойды. 1 Пуникалық соғыс аяқталғанда, Невии Римге көшіп әдеби қызметімен айналыса бастады.
Гней Невийды бірінші Рим ақыны деуге болады. Оның өлеңдері (сатурлар), драмалары, «Пуникалық соғыс» поэмасы көркем байланыста ерекшеленді. Басында Невий грек трагедияларын жазды. Біраз уақыттан соң трагедиялардың сюжеті Рим тарихы болды. Сондай трагедия римдіктерде претекст деп аталды.
Бірақ, жоғары даңққа Невий комедия аумағында жетті. Невий паллиатты - әдеби комедияны шығарды. Палиатта Римде б.з.б. III-II ғасырларда көрсетілді. Невий римның хадықтық комедиясы - тогатаның негізін салушы.
Тит Макций Плавт (б.з.б. 254-184 жылы) Невий ісінің жалғастырушысы. Оның шығармашылығы Рим ауыл шаруашылық қауымынан мемлекетке айналған кезеңдеріне жатады.
Плавт Паллиаттың жарқын өкілі болды. Плавтың сүйікті кейіпкері – әккі әрі қу құл, жас иесіне махаббат істерін шешуге көмектескені туралы. Плавтың комедияларында ән мен би үлкен орын алады. Бұл кантика (canto – «ән айтам»).
Плавтың пьесалары күштілігімен ерекшелінді. Плавтың 20 комедиясы түгелдей бізге жетті және біреуі үзінді түрінде. Барлық комедиялары алдыңғы сөзден басталады. Оның комедиялары үлкен тарихи өмір сүрді, бірақ орта ғасырларда Плавты ұмытты: құдайға сенушілер оның пьесаларын адамгершіліксіз деп санады. Бірақ қайта өрлеу дәуірінде Плавт қайта Еуропалық театрға шықты.
Теренций (б.з.б. 185-159 жылы). Публий Теренций Афр Плавт сияқты паллиат жанрында жұмыс істеді. Карфагенде туып, бала кезінде Римге әкелінген, ол онда Рим сенаторының құлы болды. Баланың қабілетін көріп сенатор оған білім беріп бостандыққа жіберді. Теренций көптеген атақты адамдармен достық қарым-қатынаста болды. Ол алты комедия жазды, түгелі сақталған. Тиренцияның комедияларында отбасы мінезінің даулары көрсетілді. Белгілі комедияның бірі «Інілері» (б.з.б.160жылы) – жастарды тәрбиелеу мәселесін көтереді, жастарға мейірімді болу қажеттігін, бұйрық және жазалау емес, ақылды кеңестерімен тәрбиелеу керектігін дәлелдейді.
Император дәуіріндегі Рим театры. Б.з.б. I ғасырда Римде республика құлады. Цезарьді өлтіргеннен кейін және Антониды жеңгеннен кейін Римнің императоры Октавиан болды. Келешекте оны Август деп атады. Қоғамдық театрдың мағынасын Август жақсы білді және оның дамуына көмектесті. Бірақ Рим сахнасында жанрды нығайту сәтсіздікпен аяқталды. Октавианның диктатурасы құрылғаннан кейін, трагедия құлдырай бастады.
Сенека (б.з. 4-65 жылы). Император дәуіріндегі Сенеканың трагедияларынан басқасы бізге жеткен жоқ. Луций Анней Сенека император Неронның тәрбиешісі болды. Бір уақыттарда мемлекетте жоғары қызмет істеді, бірақ содан кейін астыртын рекет үшін айыпталды және Неронның бұйрығы бойынша өз-өзін өлтірді. Трагедияларды Сенека өзінің өмірінің ақырғы жылдарында жаза бастады. Барлығы 9 трагедия жазды. Сенеканың батырлары – күшті, құмарланған. Олардың ішінде тирандар, құмарлық үшін қастыққа баратындар. Әйел кеиіпкерлері де өз армандары үшін түгелін қырып жояды. Сенеканың шығармашылығы жаңа уақыт трагедияларының қалыптасуына себеп болды. XIV- XVII ғасырларда еуропалық драматургтер Сенеканың өнеріне үйренді. Шекспир және Бен Джонсон Англияда, Корнелль, Рассин және басқалары Сенеканың трагедияларың өз шығармашылық тәжрибесінде қолданды.
Театр көріністерді ұйымдастыру. Көріністер мемлекеттік мерекелерде Римде өткізілді. Пъесалар патриция мерекелерінде – Рим ойындарында қыркүйекте өткізілді; Юпитер, Юнона және Минерваға арнап плебей мерекелер – Плебей ойындары қараша айында болды; Аполлон ойындары – шілде айында.
Бір қалыпты театр мұражайы б.з.б. I ғасырда Римде болған жоқ: осы құрылысқа сенат қарсы болды. Олар өзіне алаң тауып, сонда көріністер қойды. Рим актерлері бостандыққа жіберілгендер немесе құлдар болды. Актерлер труппаларға қосылды, олардың ішінде бастық – антрепренер болды. Ол өкіметтен көріністерге рұқсат алып жүрді және өзі басты рөлдерде ойнады. Барлық әйелдер рөлдерін ер адамдар ойнады, әйелдер труппаға алынған жоқ.
Актерлер б.з.б.III-II ғасырларда трагедия мен комедияларда маскасыз ойнады. Маскалар б.з.б. 130 жылы пайда болды. Сондықтан гректерге қарағанда римдіктер актерлердің бет қимылын көре алды. Маскалармен бұрын да қолданды, бірақ тек керекті жағдайларда.
Ең маңызды театр өміріндегі оқиға бірінші театрдың салынуы болды. Бұл театр б.з.б. 55 жылы Ұлы Гней Помпеймен және 40 000 адаммен салынды. I ғасырдың соңында Римде тағы екі театр салынды: Бальба және Марцелла. Марцелладан қалған қабырғалары әлі күнге дейін сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет