38. Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы.
Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы. Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері.
ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.
Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе.
39.Қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды