2 ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ
2.1 Газдардың шоғырлануын УГ-2 газ талдаушымен анықтау
2.1.1 Аспап жұмысының жеттілігі мен жұмыс істеу тәртібі
УГ-2 түрдегі әмбебап көшірілетін газталдаушы аспап - өндіріс бөлмелерінің ауасында қандай да болсын зиянды газдар мен булардың (25 атау) шоғырлануын анықтауға арналған.
Аспап жұмыс аймағы ауасында зиянды газдардың (булардың) пайда болуын келесі жағдайларда анықтайды және қамтамасыз етеді: оттегі, сутегі, азот пен асыл газдар мөлшерін, шаң 40 мг/м3 мөлшерінен- көп емес, сынап бағанасының қысым-740-780 мм, салыстырмалы ылғалдылық 90 %-дан көп емес, температура +100°С ден +30°С-ге дейін.
Аспаптың жұмысы жылдам әдістің сызықты-колористикалық тәсілінде, яғни индикатор түтікшелеріндегі боялған түйіршік бағанасы ұзындығын өзгертуде негізделген. Бұл одан талданып алынған ауаны өткізгенде байқалады. Ауаның енуі газ талдаушының ауа алатын құрылғысымен жүзеге асырылады. Индикатор түйіршігінің боялған бағанасы ауадағы зерттелетін газ немесе будың шоғырлануына пропорционалды, мг/м3 деп бөлінген шкала бойынша өлшенеді. Аспаптың көрсету қателігі әр шкаланың жоғары шегінен ұ10 % көп емес.
Анықталатын газдардың аталуы, олардың жұмыс аймақ ауасындағы ШШМ, өтетін ауа көлемі, индикатор дағының талдаудан кейінгі түсі, өлшеу шектері, сүзгілейтін қысқымен ұсталынатын ауаны талдағанда кедергі жасайтын қоспалар 3-кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |