2.1.2.2 Өлшеу шкалалары, индикатор түтікшелері мен сүзгілейтін қысқыстар. Ө лшеу шектеріне байланысты әрі анықталатын газға бір немесе екі шкала болады, олар мг/м3 немесе мг/л (мұнда деректерді мг/м3 деп көрсету үшін талдау нәтижелерін 1000-ға көбейту керек) деп жалпақ тіліктер бөлінген. Шкалаларда химия белгісі немесе газ атауы және талдаудағы сорылатын газ көлемі мл-мен көрсетілген. Талдау жүргізгенде сорылатын ауа көлемдері соташық басында және есеп жүргізілетін шкалада көрсетілген мәндермен сәйкес келу керек. Ауадағы талданатын газ шоғырлануын анықтауға арналған индикатор түтікшесі (2-сурет) бұл шыны түтікше (1), ұзындығы 90-91 мм, ішкі диаметрі 2,5-2,6 мм, ол индикатор түйіршігімен толтырылған (3). Түтікшедегі түйіршік 0,5-1 мм мақтаның жұқа қабаты (5) мен эмальданған диаметрі 0,28 мм, мыс сымнан жасалған тығын арқылы ұсталынып тұрады. Түтікше ұштары жұмыс алдында алып тасталынатын кеңселік сүргіштен жасалған қақпақшалармен бітеледі. Сүзгілеу қысқысы (2-сурет) – бұл шыны түтікше (2), диаметрі 10 мм, ұзындығы 86 мм екі жақтан 5 және 8 мм-ге дейін қысылған созылма. Олар жұту түйіршіктерімен (4) толтырылған, бұлар газдарды айқындауға кедергі жасайтын қоспаларды аулауға арналған. Түтікшедегі түйіршік гигроскопты (су жұтатын) мақтадан (6) екі тампонмен ұсталады. Азот тотықтар талдауын жүргізгенде сүзгілейтін қысқының орнына тотықтыру түтікшесі, ал ауадағы ацетон мөлшерін анықтағанда — жұту түтікшесі қолданылады.
2-сурет. УГ-2 газ анализатор қажетті асаптар жиынтығы
1 және а – бос және жабдықталған индикатор түтікше; 2 және б – бос жабдықталған сүзгілейтін қысқылар; 3 және 4 – индикаторлық және сіңіргіш түйіршіктер; 5 және 6 – мақтаның жұқа және қалың қабаты; 7 – тығын; 8 – болат өзек (стержень); 9 – істік; 10 – индикаторлық сіңіргіш түйіршікті ампула; 11 және 12 – жұқа және қалың түпті варонкалар; 13 – бұқтырма қуысты бекітетін резеңке түтікше; 14 – кеңселік сүргіштен тұратын қалпақ; 15 және 16 – жіңішке және кең түпті сүзгілейтін қысқы.