1 ¤ндіріс орындары ауасындаѓы зиянды газдар


-кесте. Зиянды заттардың қауіптілік класын анықтау көрсеткіштері мен олардың нормалары



бет5/12
Дата12.06.2020
өлшемі271,5 Kb.
#73185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

2-кесте. Зиянды заттардың қауіптілік класын анықтау көрсеткіштері мен олардың нормалары


Көрсеткіш атаулары

Қауіптілік тобы үшін мөлшерлер




1

2

3

4

Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттың шектік шоғырлану мүмкіндігі (ШШМ), мг/м3

0,1 кем

0,1-1,0

1,1-10,0

10,0 астам

Асқазанға енгізгендегі орташа өлім мөлшері, мг/м3

15 кем

15-150

151-5000

5000 астам

Теріге жаққандағы орташа өлім мөлшері, мг/м3

100 кем

100-500

501-2500

2500 астам

Ауадағы орташа өлім шоғырлануы, мг/м3

500 кем

500-5000

5001-50000

50000 астам

Ингаляциялы улану мүмкіндігінің коэффициенті (ИУМК)

300 астам

300-30

29-3

3 кем

Ауыр әсер ету аймағы, м

6 кем

6,0-18,0

18,1-54,0

54 астам

Созылмалы әрекет ету аймағы, м

10 астам

10-5,0

4,9-2,5

2,5 кем


1.4 Зиянды газдар мен булардың ағзаға әсер етуінің гигиеналық бағасы
Уланудың қандай да болсын түрінде зиянды заттардың әсер етуі мен дәрежесі олардың физиологиялық белсенділігімен (улылығымен) және шоғырлануымен (мөлшерімен) алдын ала белгіленеді. Сондықтан 2-кестеде көрсетілгендей жұмыс аймағы ауасындағы өндіріс уларының улылығын және қауіптілік класын бағалау үшін гигиеналық көрсеткіш алынған. Зиянды заттардың шектік шоғырлану мүмкіндігі (ШШМ), оның анықтамасы 1.1 тармақта көрсетілген. Оны елді мекендер ауасындағы улы заттар ШШМ-мен ауыстыруға болмайды. Ол ШШМ-ға қарағанда, бірталай төмен, оның екі мәні бар: максималды бір реттік және орта тәулікті шоғырланулар.

ШШМ жұмыс жағдайын нормалауда, улануға қарсы алдын-ала қолданылатын шараларды ұйымдастыру және инженерлі-техникалық шараларды дайындағанда негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Қазіргі кезде, бұрынғы КСРО аймағында кең таралған зиянды заттар үшін ШШМ бекітілген. Олардың көбісі МЕСТ 12.1.005-88 " Жұмыс аймағы ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарда" келтірілген. Кейбір зиянды газдар мен булар жұмыс аймағы ауасында экспресс-әдіспен анықталады, ШШМ мәндері 3-кестеде келтірілген. Өндіріс бөлмелерінің ауасында бірнеше зиянды қоспалар кездеседі. Егер олар бір бағытта болмаса, яғни, жалпы әсер тигізбесе, онда олардың орташа өлшенген ШШМ мына формула бойынша есептеледі:


ШШМж.а. =
ШШМА, ШШМВ, ...., ШШМК – зиянды заттардың мүмкін шектік шоғырлануы;

ПА, ПВ, ..., ПК – сол заттардың пайыздық мөлшері олардың жалпы 100 % деп алынатын санында.



Егер зиянды заттар жалпы әсер етіп тұрса (өзара күшейту немесе азайту әсер етуіне байланысты емес), олардың гигиеналық бағасын мына ережеге сай жүргізеді:

мұнда СА, СВ, ...., СК- жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың нақты шоғырлануы, мг/м3.

Жалпы әсер етуіне ие болатын улы заттар қатары: азот пен күкірт диоксиді, күкіртсутегі мен күкірт диоксиді, ацетон мен фенол, күшті минералдық қышқылдар (күкірт, тұз, азот), кейбір көмірсутегілер (этилен, пропилен, бутилен, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет