1 ¤ндіріс орындары ауасындаѓы зиянды газдар


Улы заттардың ағзаға әсер етуі



бет3/12
Дата12.06.2020
өлшемі271,5 Kb.
#73185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.2 Улы заттардың ағзаға әсер етуі
Өндірістің көптеген салаларында технологиялық үрдістер жүргізілген кезде жұмыс аймағы ауасында әр түрлі зиянды газдар мен булар бөлінеді. Мысалы, тау-кен саласында – көміртегі тотығы, азот тотықтары, метан, альдегиттер, т.б.; металлургия өнеркәсібінде – күкірт газы, көміртегі тотығы, азот тотықтары, улы металлдардың аэрозольды тотықтары, т.б.; мұнайгаз өндірісінде – шикі мұнай мен оның фракцияларының булары; машинажасау саласында – майлар мен қышқылдар тұмандары, аммиак, ерітінділер булары, т.б.; радиоэлектрондық және аспап жасау салаларында – металлдардың тотықтары, ерітінділердің булары, және т.б..

Жұмысты нашар ұйымдастыру және сәйкес алдын-алу шараларының жоқ болуы, мұндай зиянды газдар мен булардың барлығы кәсіби улануға шалдықтырады, олар өткір және созылмалы болып бөлінеді. Олардың біріншісі қысқа мерзім ішінде үлкен мөлшерлі улардың әсерінен пайда болады, ал екіншісі ұзақ мерзім ішінде төмен мөлшерлі улармен тұрақты улануға әкеліп соғады.

Улану нәтижесі көптеген факторларға байланысты: өнеркәсіп уларының уытты түрі мен (физика-химиялық қасиеттері) шоғырлығы ұзақ уақыт ағзаға әсер ету және өнеркәсіпте болатын улардың ену жолы; адам ағзасының күйі мен өзгешелігі; қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайларына байланысты.

Жоғары сезімталдық қасиеттері көбінесе балалар мен жасөспірімдерде, сонымен қатар ауырып шыққан адамдарда айқын байқалады. Адам денесінің температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым удың әрекеті тез сезіледі. Семіру мен ісінуден азап шегетін адамдар да улы заттардың әсер етуіне көп ұшырайды.

Ауаның температурасы, ылғалдылығы мен барометрлік ауа қысымы зиянды газдар мен булардың әсерін күшейтеді, не азайтады. Ауа температурасы жоғарылаған сайын тері тамырлары кеңейеді, тердің шығуы көбейеді, демалу жиіленеді және қан айналымы күшейе түседі, нәтижесінде улардың ағзаға сіңуі жылдамдайды. Сондай-ақ улы заттардың булану жылдамдығы мен улылығы күшейе түседі, ал мұндай жағдай ауаның олармен ластануын қамтамасыз етеді. Көптеген зиянды заттармен жұмыс істеген кезде улану қаупі жылдың ыстық мезгілдерінде, ал қорғасынмен істегенде жылдың суық айларында жоғарылайды. Ауаның ылғалдылығы кейбір заттардың улылығын күшейтеді (тұз қышқылының, фтордың, сутегінің, т.б.).

Өнеркәсіптік улар адам ағзасына үш жолмен сіңеді: тыныс-алу мүшелері, асқазан-ішек тракті және тері арқылы. Дем алғанда ағзаға ауамен түскен улы заттар дем алу жолдарының шырышты қабығымен және өкпе альвеолаларының үлкен бетімен (130 м2 жуық) тез сіңеді және сол жақтан қан-тамырлары арқылы бүкіл ағзаға тарайды. Уланудың көптеген түрі (95 % дейін) осы ең қауіпті жолдармен жүзеге асырылады. Ас қорыту тракті арқылы зиянды заттар ағзаға ластанған ас пен су арқылы түсуі мүмкін. Мұнда тек асқазанда (суда, майларда және асқазан сөлінде) еритін, асқазан мен ішек-қарын қабырғалары арқылы сіңетін және қанға түсетін улар ғана қауіпті. Бұл улану жолының токсикалық мәні, дем алу органы арқылы улануға қарағанда әлдеқайда төмен, өйткені улы заттар қанға бауыр арқылы түсіп, онда біршама залалсыздандырылады. Тері арқылы ағза ішіне тек кейбір сұйықтар мен май органдарында еритін улар ғана түседі. Сонда да улану қаупі асқорыту улануына қарағанда жоғары болады, өйткені улы заттар бауырға бармай тікелей үлкен қан айналымына түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет