1.3 Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша жіктелуі
МЕСТ 12.0.003 – 74. "Қауіпті жене зиянды өндірістік фокторларды жіктеу". Топтау бойынша зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі жағынан алты топқа бөлінеді (1-кесте).
1 – кесте. Зиянды заттардың ағзаға әсер ету жағынан жіктелуі
Ішкі топ
|
Факторлар мен зат атаулары
|
Улану белгілері
|
1
|
Жалпы токсикалық (иісті көмірсутегілер, олардың амидті және нитритті туындылары – бензол, толуолдар, ксиол, анилин, т.б.; сынап пен фосфор-органикалық қосындылар; хлорланған көмірсутегілер-дихлорэтан, т.б.).
|
Жүйке жүйесінің бұзылуы, бұлшық ет сіңірлерінің сіресуі, сал (паралич).
|
2
|
Қоздырғыш заттар (қышқылдар мен сілтілер, хлор, фтор, күкірт пен азотты қосулар-фосген, аммиак, күкірт пен азот тотықтары, күкіртсутегі, т.б.).
|
Демалу мүшелері, тері, көздің шылау қабық-тарының қабынуы.
|
3
|
Сенсибилизациялаушы заттар (сынаптың кейбір қоспалары, платина, альдегидтер, т. б.).
|
Бұл заттарға жоғарғы сезімталдық, тері өзгерістері, қан аурулары, астматикалық құбылыстар.
|
4
|
Канцерогенді (полициклді иісті көмір-сутегілер— бензопирендер, бензантрацендер; таскөмір мен мұнайды қайта өңдеу өнімдері; иісті аминдер, асбест шаңы, т.б.).
|
Қатерлі ісіктердің пайда болуы.
|
5
|
Мутогенді (этиленамин, уретан, органи-калық тотықтар, иприт, этилен тотығы, формальдегид, гидроксидаман).
|
Ағзаның генетикалық аппараты және соматикалық жасушалардың зақымдалуы.
|
6
|
Репродуктивті (қайта өндіру) функцияға әсер етуші (бензол мен оның туындылары, күкірткөміртегі, хлоропрен, қорғасын, сүрме, марганец, улы химикаттар, никотин, этиленамин, сынап қоспалары, т.б.).
|
Ұрпақтың пайда болу функцияларының төмендеуі.
|
МЕСТ 12.1.007-76 "Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптарына" сай адам ағзасына әсер ету дәрежесі жағынан қауіптілік 4 класқа бөлінеді:
Өте қауіпті заттар (бензопирендер, сынап, қорғасын, озон, фосген, гексохлоран, гидразин, хлор екі тотығы, бромды метил, никель карбонилі, т.б.);
Қауіптілігі жоғары заттар (азот тотықтары, бензол, йод, марганец, жез, хлор, күкіртсутегі, ащы сілтілер, күкірт және тұз қышқылдары, кобальт пен оның тотығы, т.б.);
Қауіптілігі орташа заттар (ацетон, ксилол, күкірт ангидриді, метил спирті, фенол, толуол);
Қауіптілігі төмен заттар (аммиак, жанармай, сода, скипидар, этил спирті, көміртегі тотығы, т.б.).
Адам ағзасына ену жолдары арқылы зиянды заттардың тигізетін әсері, мөлшерлері мен көрсеткіштеріне байланысты қауіптілік класы анықталады (2-кесте). Қауіптілік класын анықтау мәні ең жоғары қауіптілік класына сәйкес болатын көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |