1 ¤ндіріс орындары ауасындаѓы зиянды газдар


Жұмыс аймағының ауа күйін бақылау әдістері



бет7/12
Дата12.06.2020
өлшемі271,5 Kb.
#73185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.6 Жұмыс аймағының ауа күйін бақылау әдістері
МЕСТ 12.1.005-88 және 245-71 талаптарына сәйкес әр бір өндіріс бөлмелеріндегі жұмыс аймағы ауасындағы зиянды газдар, булар мен шаң мөлшерін семантикалық бақылау ұйымдастырылады. Санитарлық бақылау ұйымдары мұндай таңдалынатын бөлмелердің ауа сынамаларын анықтайды. Барлық бақылау құралдары қамтамасыз ету керек: 30 минут ішінде, 0,5 ШШМ деңгейінде (ағынды ауада-0,3 ШШМ) зиянды заттар құрамын тандау арқылы анықтау; ұ10 % аралықта өлшеулердің дәлдігін; басқа заттар бар болғанда, зиянды заттар құрамын ерекше анықтау; өлшеулердің қатесі ұ 25 % аспау керек.

Газдануды талдаудың барлық әдістері негізгі үш топқа бөлінеді: зертханалық, жылдам, автоматты. Олар ауаның зиянды қоспалардың құрамы келесі физико-химиялық әдістерге негізделеді: фотометрлі зертханалық, люминисценттік, хроматографиялық, спектроскоптық, полярографиялық; жылдам колориметрлі, сызықты-колористикалық.

Фотометрлік тәсіл боялған ерітінділердің жарықты жұту қабілетіне негізделген. Люминесценттік – кейбір заттардың жұтылған энергияны жарық сәулелері түрінде шығару қабілеті. Спектроскоптық – кейбір элементтердің температурасы 3500-4000°С вольт доғасының жалынында белгілі бір спектр сәулеленуін шығару қасиеті. Полярографиялық – сынап электродтары арқылы сынақталатын ерітінді электролизінде пайда болатын шекті диффузия тоғын өлшеу. Хроматографиялық – органикалық ерітінділерде газ қоспасы құрамының әр түрлі ерітулері. Колориметрлік – ластанған ауаны ерітінді арасынан, тазарту қағазы немесе түйірлі қатты сорбент арасынан өткізу және олардан алынған бояудың қарқындылығын үлгілі шкалалар бояуымен салыстыру жолымен өлшеу, сызықты-колористикалық – зерттелетін ауаны индикатор түтікшелері арасынан өткізу және боялған түйіршік бағанасының ұзындығын алдын ала даярланған, бұл ұзындықты зиянды қоспа шоғырлануынан тәуелділігін көрсететін шкалалар бойынша өлшеу.

Ауа күйін талдайтын зертханалық әдістер нақты болғанымен, тез жүзеге аспайды. Бұл әдісті пайдалану үшін көп уақыт, мамандық иелері мен күрделі жабдықтар қажет, сол себептен олар көбінесе ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылады. Автоматты әдістер бөлмелер ауасының зиянды заттардың құрамы туралы ақпаратты жылдам, дәл, әрі үзіліссіз алып тұруға мүмкіндік береді. Бірақ оларға да күрделі жабдықтар қажет, ол мұндай өндірісте тиімді болып табылмайды, сондықтан оларды көбінесе өрт пен жарылыс қауіпсіздігі процестерінде пайдаланады. Мысал ретінде ПГФ, СКВ-ЗМ, СГП-1 т.б. түрдегі газ белгілерді келтіруге болады, олар бөлмелердің ауасындағы қауіпті заттар ШШМ деңгейіне негізделеді де, бұл деңгей жоғарылаған жағдайда белгі береді және автоматты алдын-алу шараларын жүзеге асуын қамтамасыз етеді (өрт сөндіру, электр энергиясын өшіру, апат желдетуді қосу, т.б.)

Өндіріс кәсіпорындары тәжірибесінде ең көп қолданылатын жылдам әдістері және олардың сызықты-колористикалық тәсілі ерекше орын алады. Себебі, оның арқасында салыстырмалы қысқа мерзімде (3-20 мин) жұмыс аймағы ауасындағы улы заттардың құрамы туралы жеткілікті дәл деректер алуға болады. Өндіріс жағдайларында бұл өте маңызды, өйткені ауа сапасын жылдам бағалауға және қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тәсіл жабдықтар мен қызметкерлерге талдау жүргізуді қажет етпейді.

Ауа құрамын талдауда жылдам әдісінің сызықты-колористикалық тәсілі УГ-2 химия газ талдаушыларымен және ГХ-4 түрдегі газ анықтаушыларымен жүзеге асады. Төменде УГ-2 мен ГХ-4 арқылы жылдам әдіспен өндіріс бөлмелердің ауасында зиянды газдар мен булардың пайда болуын анықтау реті баяндалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет