Жұмыс нәтижелері бойынша қысқаша қортындылар:
Түсті металлургия кәсіпорындардың басымды даму аймақтарындағы ауа бассейнін қорғау мен сақтау өзінің қажеттілігін бүгінгі күнге дейін жоғалтпайды. ЖМЗ-ның құрамындағы түсті металлдардың шаңы мен күкіртті қоспалары бар шығын газдарын тазарту қоршаған орта мен адамның денсаулығына зиянын келтіреді. ТПАБЖ металлургиялық газдарың контактілік аппараттарға үлестіру процесін автоматтандыру жүйесін жетілдіру - табиғатқа зиянды техногенді әсерінің дәрежесін төмендету амалының бірі болып табылады. Ұсынылған автоматтандырылған жүйе атмосфераға зиянды лақтыру- ларды елеулі төмендетуге және шикізатты қайта өңдеу дәрежесін жоғарылатады. Өтімділік мерзімі 3,91 жылды құрайды және күкірт қышқылын өз құны 33,67 теңге болып табылады.
Қойылған міндеттердің шешімдерінің толықтығын бағалау:
Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі - өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды орын алатын көптеген түсті металлургия өндірістеріне тән. Қазіргі замандағы күкіртті газдарды бірегейлендірудің негізгі әдісі - күкірт қышқылы өндірісі болып қала береді. Өндіріс көлемі бойынша күкіртқышқылы химиялық заттар арасында алғашқы орындардың бірінде тұр. Кез-келген елде оны өндіру көлемі сол елдің өндірістік даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Жұмыс нәтижелерін нақты пайдалану бойынша ұсыныстар мен бастапқы деректер: Пирит және күкірттен алғанға қарағанда, түсті металлургиялық өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы - мұнда шикізатты алу үшін рудниктердің қажеттілігі тумайды, көліктер сәйкес жүктемелерден босатылады, соның әсерінен қаржылық шығындар азаяды. Түсті металлургияның алдындағы мәселелердің бірі - шығарылатын газдар негізіндегі күкірт қышқылы өндірісін жақсарту. Күкірт қышқылы өндірісін жақсартудың маңызды элементі автоматтандыру болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуының негізгі шарты болып табылатын кешендік автоматтандыруға көп көңіл бөлінді. Бақылау мен реттеу автоматтандыруы мен технологиялық процестер арқылы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу еңбек пен құрылғының өнімділігін арттыруды және оның орнықты жұмыс істеуін, шығарылатын өнімді арттыру, оның сапасын көтеру, өз құнын төмендетуді, шикізат шығындарын азайтуды қамтамасыз етті, сондай-ақ, адамдарды өндіріс процесіне тікелей қатысуынан босатты және химиялық, әсіресе күкірт қышқылы өндірісінде аса маңызды орын алатын қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын құру мүмкіндігін береді. Түсті металлургиялық өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы - оның металлургиялық шектік режиміне тәуелділігі. Күкірт қышқылы цехына түсетін газдардың көлемі тұрақты емес, SO2 концентрациясы кең ауқымда өзгереді. Күкірт қышқылын алудың технологиялық режимін орнықты етіп ендіру үшін кіріс айнымалыларының ауытқулары болмауы керек, өйткені, олар контактілік аппаратының жылу балансын бұзады, ал, оны қолдан реттеу мүмкін емес, себебі, оптималды режимнен сәл ғана ауытқу процестің автотермиялығының бұзылуын, яғни, көп шығындарды тудырады. Осыған байланысты жұмысты орнықты ету үшін және тиімділікті көтеру мақсатымен күкірт қышқылы өндірісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру маңызды және қажетті мәселе болып отыр. Бұл жобада мыс зауытында контактілік және компрессорлық бөлімде ТПАБЖ құру қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |