1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Негізгі зат алмасу, түсінік. Жынысына, жасына және қалқанша безінің функциясына тәуелділігі. Негізгі зат алмасу көлемін анықтау тәсілдері



бет19/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

20.Негізгі зат алмасу, түсінік. Жынысына, жасына және қалқанша безінің функциясына тәуелділігі. Негізгі зат алмасу көлемін анықтау тәсілдері.
Негізгі зат алмасу дегеніміз - бұл физиологиялық тыныштық жағдайында организмнің энергия жұмсауы,яғни, «жатқан» қалыпта, аш қарынға (тамақ қабылдағаннан кейін 12-14 сағат), жағымды температуралық жағдайда (18-20°C) және эмоционалдықтыныштықта. Және де организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін ең азжұмсаулар. Орташа есеппен, 35 жастағы, бойы 165 см және салмағы 70 кг ерадамның негізгі зат алмасу өлшемі 1700 ккал/тәулігіне, немесе 1,18 ккал/мин,немесе 70,8 ккал/сағтең. Кейде бұл өлшем 1 сағатта 1 ккал/кг-мен көрсетіледі.Әйел адамдарда андрогендер мөлшерінің жоғары болмауынан, негізгі зат алмасу өлшем ер адамдарға қарағанда 10-15-ға төмен.ДДҰ мәліметтері бойынша (1987 ж.) энергияның жұмсалуы мынадай: бауыр 27%, ми -- 19%, жүрек - 7%, бүйрек - 10%, бұлшықеттер-18%, басқа ағзалар - 19% (қорытынды 100%). Мұнда термореттелуге де кіретін энергия жұмсалулар бар. Сәйкесінше, оттегінің қолданылуы да энергия жұмсаулармен анықталады. Ең алдымен, организмнің жағдайын бағалау үшін. Қалқанша бездің гиперфункциясында негізгі зат алмасу өлшемі жоғарылайды (Т, және Т, өндірілуі артық болғанда), ал гипофункциясында, керісінше, төмендейді. Сол себепті эндокринологтар, әсіресе, Т, және Т, құрамын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда негізгі зат алмасу өлшемін бағалайды. Сонымен қатар, негізгі зат алмасу өлшемі - өнідірістік, спорттық және тұрмыстық жағдайлардағы физикалық жүктеменің өлшемін есептеу үшін ыңғайлы бағыт болып табылады.Негізгі зат алмасу өлшемі жынысқа, жасқане дене өлшеміне байланысты болады. Ер адамдарда әйел адамдарға карағанда негізгі зат алмасу өлшемі 10-15-ға жоғары. Негізгі зат алмасу өлшемі жаңа туылған нәрестелерде және емізулі балаларда дене салмағына қарай жоғары болады, кейін негізгі зат алмасу өлшемі біртіндеп төмендейді (әсіресе, 20-25 жастан соң). Энергия жұмсалу физиологиялық тыныштық кезінде дене беткейінің өлшеміне байланысты: көбірек болған сайын, энергия жұмсалу да жоғары
болады. Негізгі зат алмасу өлшемінің нақты нормасын салыстыру үшін, міндетті негізгі зат алмасудың көлемін немесе міндетті негізгі зат алмасуды есептеу керек. Нормативтерде жас, жыныс, бой ұзындығын және дене массасын ескеру керек. Әр түрлі мемлекеттерде нормативтік зерттеулер жүргізілді, қазіргі уақытта қажетті негізгі зат алмасудың нормативтік бірнеше тәсілдерін қолданады. Біздің мемлекетте қажетті негізгі зат алмасуды анықтау үшін Гаррис-Бенедикттің формуласын немесе кестесін қолданады. Бұл кестеде 2 әдіс қолданылады - ер адамдарға және әйел адамдарға, әрқайсысында 2 кестеаралық бар. Бірінші кесте аралықта санын анықтайды, дене салмағына байланысты, ал екінші кесте аралықта - саны, бойға және жасқа байланысты болады. Осы екі санның қосындысы қажетті негізгі зат алмасудың өлшемін береді. Мысалға, әйел адам - 19 жаста, бойы 164 см, дене салмағы 55 кг. Сонда: бірінші сан 55 кг болғанда - 1181, екінші сан - 164 см бойы мен жасы 19-234. Суммасы 1181 + 234 = 1415 ккал/тәулігіне. Екінші әдіс - Дюбуа әдісімен анықтау, м2-пен саналатын, ер және әйел адамдардың жасына байланысты, физиологиялық тыныштық жағдайындағы энергия жұмсалудың нормативі анықталды. Мысалы, қажетті негізгі зат алмасу 20 жастағы ер адамдарда сағатына - 38,6 ккал/м2, ал әйел адамдарда сағатына - 35,3 ккал/м2. Қажетті негізгі зат алмасу өлшемін анықтау үшінең алдымен дене беткейінің ауданын анықтап алу қажет. Сол себептен формулалар немесе номограммалар қолданылады. Көбінесе, Дюбуа әдісінде Дюбуа номограммасын қолданады. Мысалы, 160 см бойда және 65 кг дене салмақта дене беткейінің ауданы 1,67 м2-ге тең. Егер бұл 20 жасар әйел адам болса, онда оның энергия жұмсауы 1 сағатта 1,67 × 35,3 = 59 ккал/сағ кұрайды, ал тәулігіне 59 × 24 = 1415 ккал/тәул. кұрайды. ДДҰ сарапшылары баяндамасында қажетті негізгі зат алмасу өлшемінің формуласы соңғы жылдары зерттелген көп адамдардан анықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет