В5 витамині пантотен қышқылыипидтер мен амин қышқылдарының алмасуында манызы зор ферменттердің құрамына кіреді. Пантотен қышқылының жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі. Ол селқостықпен, аяқтың саусақтарында шаншу, ұйып қалу сезімімен сипатталады. Пантотен қышқылының көп молшері нан пісіретін жаншылған ашытқыда малдың бауырында бүйректе аз мөлшерде етте балықта бұршақ тұқымдастарда сүтте кездеседі. Ересек адамның пантотен қышқылына тәуліктік қажеттілігі шамамен 5- 10 мг.В6 витамині пиридоксин май және амин қышқылдарының алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіред.і. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі — 2 мг . В6 витаминінің жеткіліксіздігінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары, дерматиттер дамиды. В6 витаминіне өте бай үрмебұршақ пен соя , ет онімдері . Балықтагы көптеген көкөністер мен жемістердегі мөлшері аз. В6 витаминің бір бөлігі микроорганизмдердің көмегімен адамның ішегінде түзіледі. Бірақ ангибиотиктерді қабылдағанда, олардың тіршіпігі жойылып, В6 витаминінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. В6 витаминінің жеткіліксіздігі жүкті әйелдерде, әсіресе токсикоз кезінде, атеросклерозбен ауыратындарда, бауырдың созылмалы ауруларында байқапуы мүмкін. Витамин жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері ерте жастағы балалардың өсуі тоқтайды, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары, қозғыштық, ұйқышылдық, гипохромды анемия .