Ынталандыру. Педагог тəрбиеленушілерді бойларына қарай қатарға тұрғызып, мұның не үшін керек екенін түсіндіреді.
Өзектендіру. Педагог балалардан сұрайды:
-Қандай қағида бойынша қатарға тұруға болады? (Бойына қарай немесе футболкасындағы нөмірлерінің реті бойынша).
-Бұл не үшін қажет? (Жаттығуларды орындаудың қолайлылығы жəне адамдардың қатарда ретімен тұру тəртібінің дұрыстығын бақылау үшін).
-Қатардағы келесі жəне алдыңғы элементтерді қалай анықтау керек?
Олардың кезектілігі неге байланысты? (Санаудың басына жəне бағытына қарай.)
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Əртүрлі заттардың кезектілігін көрсету үшін педагог №6-8 электрондық жиынтық полотноны немесе үлестірмелі материалды қолдана алады.
Ол балаларға бірінші не, екінші не бейнеленгенін айтуларын сұрайды. Реттік санауды дұрыс айтқан балаларды мадақтайды. Бүгінгі сабақта реті бойынша тұрған заттарды дұрыс атауды үйренетіндерін айтады. Жаңаны ашу. (Ұ) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі № 1 тапсырманың суретін қарап, балалардың футболкаларындағы нөмірлері бойынша алдыңғы жəне кейінгі баланы атауды сұрайды.
Одан кейін балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақəнді орындайды.
Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңына қараңыз.)