1 ҰОҚ. Тақырыбы: Танысу. Не қайда орналасқан? Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп



бет60/133
Дата12.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#196520
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   133
Байланысты:
2 5456123627302816919

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы 0–5 минут
Ортасы 6–15

16-25 минут



Ынталандыру.
Педагог балалармен ойнауды жақсы көресіңдер ме, достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар деп əңгімелеседі. Олардың ҰОҚ- де пайдалы жəне қызықты ойындар ойнай алатыны туралы хабарлайды.
Өзектендіру. «Затты тап» ойыны. Топпен ойнаймыз. Əр команда (топ) бір затты жасырады. Ал басқа командалардың (топтардың) мүшелері оларға «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге болатын сұрақтар қояды. Мысалы, бұл заттың пішіні дөңгелек пе? Ол қызыл түсті ме? Бұл киімнің бөлшегі ме? Бұл ыдыс па?
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ)Жиынтық полотномен (немесе кесілген материалға ұқсас) жұмыс. Жиынтық полотнода фигуралардың екі тобы қойылған. Бірінде түстері бойынша, екіншісінде пішіні бойынша фигуралар жиналған. Бірінші топтардың бірі қаралады. Педагог мынадай сұрақтар қояды: Мына топтағы заттар несімен ортақ? (Барлық фигуралар жасыл түсті.) Екінші топтағы заттар несімен ортақ? (Олардың пішіні бірдей.) Жаңалық ашу. (Ұ) Қандай фигураларды бірінші (екінші) топқа қосуға болады? (Балалар фигураларды кенепке немесе жұмыс үстелдеріне – кесілген фигураларды қояды). Əрі қарай топтағы артық затты іздеуге арналған тапсырма беріледі жəне зат қандай белгісі бойынша алынып тасталатыны негізделеді. Алдымен белгілі бір белгісі бойынша «артық» затты таңдау ұсынылады – шешімдер нұсқаларынсыз (түсі, пішіні, көлемі бойынша). Ал содан соң əртүрлі «артық» зат болуы мүмкін тапсырма ұсынуға болады. Мысалы, бір зат түсі бойынша «артық», екіншісі – пішіні бойынша. Мына топта қандай зат артық жəне не үшін екенін айта аласыңдар ма? (текше – пішіні бойынша, қызыл шар – түсі бойынша).
Жаңаны қолдану. (Ж)
Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма. Балалар заттарды қарап, олардың белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) айтады. Содан соң педагог заттарды түстері бойынша қорапшаларға жинап, оларды санауды ұсынады. Мұғалім əрбір қорапшаға айналасындағы тағы қандай заттарды (ойыншықтарды) салуға болатынын ойланып көруді ұсынады. (Ж) №2 тапсырманы мысалы, тек қатарларды ғана жалғастырып қоймай, бірінші қатардағы пішіні бірдей фигураларды бір түспен боятып, күрделендіруге болады. №3 тапсырманы орындамас бұрын түс – пішін – көлем деген шартты белгілер нені білдіретіні нақтыланады. Əрі қарай тапсырма кейіннен тексеру арқылы өз бетінше орындалады.

Үлестірмелі материал.
Электронды қосымша. Үлестірмелі материалдар.Кес ілген геометриялық фигуралар.
Əліппе-дəптер

Қорытынды бөлім
26-30

Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер

Бекітілді: _______________ Б. Длмұханова Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



21 ҰОҚ. Тақырыбы: Əжеме көмектесемін. Заттардың жиыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет