Жаңаны қолдану. (Ж) 2-тапсырманы орналасу заңдылығын сақтай отырып жалғастырады жəне бояйды.«Апта, сапқа тұр» дидактикалық ойыны. (Т) Үстелдің үстінде цифрлары бар теріс аударылған карточкалар жатыр. Балалар белгі бойынша үстелден карточкаларды алады. Өздерінің серіктестерін іздейді, яғни қатарға тұрып, өзіндегі апта күнін атайды («Бірінші – дүйсенбі, екінші – сейсенбі»...).Педагог дүйсенбіні; ..., сəрсенбіні жəне т.б. білдіретін күннен шығуын сұрайды. Педагог дүйсенбіден кейін, сенбінің алдында, сейсенбі мен бейсенбінің ортасында тұрған жəне т.б. апта күнінен шығуын сұрайды. Педагог бейсенбіден кейін (бес, алты, жеті деген цифрлары бар балалар); сəрсенбінің алдында (бір, екі деген цифрлары бар балалар) тұрған апта күндерінің шығып, өздерінің қай апта күндері екенін атауды сұрайды.(Ө) Өткен тапсырманы бекіту үшін 3-тапсырманы орындауұсынады.
IV. ҰОҚның қорытындысы. Рефлексия. 26-30 мин.
Рефлексия Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
Əліппе-дəптер
Бекітілді: _______________ Б. Длмұханова Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
№27 ҰОҚ. Тақырыбы: Маған ұнайтын жыл мезгілі. Оқиғаның ретін белгілеймін.