1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



бет52/57
Дата08.12.2023
өлшемі375,48 Kb.
#195604
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
англ ответы, ссссс, психология 7 лекция
74.Мотивация құрылымы:
Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон , Л.И. Божович, Л. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде , құрылым элементтердің , олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығынан салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде , жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі . Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды , яғни , оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін беруге мүмкіндік берді.
Зерттеушілердің мотивациялық аясы құрылымы қатып қалған , статикалық емес , керісінше , білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын , өзгермелі деген ережелері де маңызды. Мотивация құрылымын зерттеу үшін , маңыздысы Б.И. Додонов бөлігін оның төрт құрылыдық компаненттілік -әрекеттін өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы , іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші , тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компанент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған , қалған үшеуі – оның мақсаттық құраушылары . Сонымен бірге , бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып , оған бағыттылықты , бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатыстытеріс және оның ) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткиисон бойынша, табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі , оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру- төменде көрсетілгендей , оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация меноның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі(Х. Мюррей, Дж. Аткинсон және т.б.)
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқылардың бірі (тұлға қажеттіліктерді : М. Аргаил мотивацияның (қажеттіліктердің ) жалпы құрылымына енгізген : 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметтік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биолгиялық қажеттіліктер); 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ; 3)аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардыңортасында болуға , достық үндесуге, топпен , құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзағырақ сөйлеуіне , шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5)сексуалдық қажеттілік – денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен достық және интимдік -әлеуметтік өзара әрекеті; Тәунелділікке , өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын.
Мотивация түрлері:Сыртқы және ішкі мотивация.
ІШКІ МОТИВАЦИЯ - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
СЫРТҚЫ МОТИВАЦИЯ- мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет