1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет7/18
Дата14.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#127034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ СИЛЛАБУС
04.03-302.
Бекіту сұрақтары:

1. Зерттеу жазған кезде жиі орын алатын қандай қателер?

2. Қатемен жұмысты қалай жүргіземіз?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Жазбаша жұмысты рәсімдеу.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Жазбаша жұмысты рәсімдеу

2. Зерттеу жұмысының бөлімдері

Дәріс тезисі:

Қандай тақырыпты таңдасаңыз да, не туралы жазсаңыз да, қандай да бір нақты мақсатты ұстанғаныңыз дұрыс. Не үшін жазатыныңызды өзіңіз білмесеңіз, оқырманыңыздың білуі де екіталай. Жақсы баға алу немесе бастықтың тапсырмасын уақытылы орындау жазбаша жұмысты жазуға мәжбүрлеген жағдай болғанымен, бұлар жазбаша жұмысты орындаудың нақты мақсаты болып табылмайды. Зерттеу жұмысының нақты мақсаты зерттеудің басты мәселесін анықтау кезінде қойылатын «Осы жұмысты жазудан мен өзім не күтемін және менің оқырманым не күтеді?» деген сұраққа жауап іздеуден туындайды. Нақты мақсат жазбаша жұмыста баяндалатын жағдайға байланысты болады. Мысалы, «Экология» пәнінен рефератта көліктердің қала экологиясына келтіретін зардаптарын зерттеуіңіз мүмкін, «Құқық негіздері» пәнінен алғашқы қазақ заңдарының қазіргі заңнамамызда көрініс табуы туралы мақала жазуыңыз мүмкін, «Қазақ тілі» пәнінен латын жазуын енгізудің басымдықтары туралы мақалаға пікір жазуыңыз мүмкін. Олай болса, нақты мақсатыңыз осы ситуациялармен, оқиғалармен, пікірлермен байланысты анықталады. Зерттеу жұмысының нақты мақсаты бірнеше емес, біреу ғана болады.



Бекіту сұрақтары:

1. Жазбаша жұмысты қалай рәсімдеу керек?

2. Зерттеу жұмысының бөлімдерін атаңыз.

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Жарияланым деп нені танимыз?

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Жарияланым

2. Жарияланымға енбейтін дереккөздері

Дәріс тезисі:

Нақты мақсаттың болуы жазба жұмысын жазудың әр кезеңінде өз септігін тигізеді. Нақты мақсат зерттеу жұмысының аудиториясын анықтауға, керекті материалды іріктеуге, зерттеудің тілі мен стилін таңдауға көмектеседі. Зерттеушілердің көбі зерттеудің мақсатын көрсету үшін ғылыми жұмыс атауын сәл кеңейтіп, қайталап береді. Мысалы, «Әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың дүниетанымына тигізетін әсері» тақырыбына жазылған ғылыми жобаның мақсатын «әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың дүниетанымына тигізетін жағымды (жағымсыз) әсерін анықтау (талдау)» деп көрсету дұрыс емес. Зерттеудің мақсатын жазу дегеніміз – зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде айқындалған зерттеу мәселесін қысқа, нақты, түсінікті сөйлеммен беру деген сөз. Бұған үйрету мүмкін емес, бұл қабілет нақты, практикалық жұмыс жасау кезінде пайда болады. Пайда болмаса да, соған ұмтылу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет