1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет5/18
Дата14.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#127034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ СИЛЛАБУС
04.03-302.
Бекіту сұрақтары:

1. Зерттеу жұмысының тақырыбын қалай таңдаймыз?

2. Зерттеу жұмысының мақсатын қалай көрсетеміз?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Зерттеу жұмысының материалын жинау.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Зерттеу жұмысының материалын жинау

2. Картотекамен жұмыс

Дәріс тезисі:

Кейбіріңіз мектепте оқып жүрген кезде пәндер бойынша ғылыми жобалар орындаған боларсыз. Мектепте ғылыми жұмыс тақырыбын, мақсатын, міндеттерін, көлемін, әдетте, мұғалім анықтап береді де, оқушы тақырыпты саналы және мақсатты түрде емес, көбінесе, интуитивті тұрғыда жазып шығады. Ал жоғары оқу орнында студенттің/магистранттың ғылыми жұмыс тақырыбы мен мақсатын өзі таңдауына ерік беріледі. Студент жазбаша жұмыстың тақырыбын қалайша нақтылайтынын, мақсатын қалай анықтайтынын өзі шешеді. Жазбаша жұмыс тақырыбының шегі барынша айқын, өзі неғұрлым нақты болса, ғылыми мәтіннің әсері де, нәтижелігі де соғұрлым жақсы болады. Егер тақырыпты өзіңіз таңдайтын болсаңыз, барынша нақты, зерттеу ауқымы тар тақырыпты таңдаңыз немесе берілген тақырып ауқымын тарылтып қарауға тырысыңыз. Мысалы, «М.Әуезов шығармаларындағы фразеологизмдер» атты тақырыптың ауқымы өте кең. М.Әуезовтің шығармалары да көп, оларда қолданылатын фразеологизмдер де көп. Мұндай тақырыпты алмауға тырысыңыз немесе тақырып аясын тарылтыңыз. Мәселен, «М. Әуезов шығармаларындағы құрамында сан атауы бар фразеологизмдер» немесе «М.Әуезов шығармаларындағы фразеологизмдер («Көксерек» әңгімесі бойынша)» деп алсаңыз, зерттеуіңіздің аумағы тарылады, жинайтын зерттеу материалыңыз нақтыланады және жұмысыңыздың нәтижелігі де артады. Осы жерде әңгіме зерттеу жұмысының тақырыбы (атауы) туралы болмақ. Қазақстанның оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ғылыми жоба, курстық, дипломдық жұмыстар, магистрлік, докторлық диссертациялар) тақырыптары белгілі кафедра тарапынан, ғылыми жетекші тарапынан ұсынылатын дәстүр қалыптасқан, яғни ұсынылған бірнеше тақырып ішінен өзіңіз ұнағанын таңдайсыз да, сол тақырыппен әрі қарай жұмыс жасайсыз. Кей жағдайда зерттеу тақырыбын өзіңіз ұсынасыз, жетекшіні өзіңіз таңдайсыз немесе берілген тақырыптарға өзгерістер (нақтылау) енгізетін жағдайлар болады. Сіздің тақырыбыңыз, ғылыми жетекшіңіз хаттама түрінде бекітіліп қойылады, әдетте, оны өзгерту қиын немесе тіпті мүмкін болмайтынын жоғарыда айтқан болатынбыз.



Бекіту сұрақтары:

1. Зерттеу жұмысының материалын жинауды қалай жүзеге асырамыз?

2. Картотекамен жұмыс қалай жүргізіледі?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет