1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет6/18
Дата14.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#127034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ СИЛЛАБУС
04.03-302.
Тақырыбы: Зерттеу жұмысының кіріспе және қорытынды бөлімінде не жазу керек?

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімі

2. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімі

Дәріс тезисі:

Ғылыми жұмыс тақырыбын анықтау кезінде зерттеушілердің көбі қолданатын миға шабуыл тәсілін айта кетейік. Бұл тәсіл сыни ойлауды қалыптастыру, үйрету, үйрену кезінде жиі қолданылады. Таза парақ алып, ойыңызға келген тақырыптардың бәрін жаза беріңіз, жаза беріңіз. Қалай болғанда да, он шақты тақырыптан артық ойлап таба алмайсыз. Тізіміңізге үстірт көз жүгіртсеңіз, бес-алты тақырыптың мүлдем сәйкессіздігін байқайсыз, оларды сызып тастаңыз. Бұдан кейін сәл ойланып, қалған тақырыптарды зерттеу жұмысыңыздың басты мәселесімен, жинаған материалыңызбен қатар қойып, салыстырып көріңіз. Қорытындысында екі немесе үш тақырып қалады. Осы кезде оқытушыңызбен, ғылыми жетекшіңізбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол сіз көрсеткен қысқа тізімнің ішінен нақты тақырыпты таңдауға, нақтылауға көмектеседі. Жұмыс тақырыбына қатысты мұндай ой-толғамдар зерттеуіңізде не туралы жазатыныңызды, нақты мақсатыңызды анықтауға үлкен көмек көрсетеді. Жоғары оқу орындарының тәжірибесінде кафедралар, оқытушылар кейде нақты тақырып ұсынады, кейде таңдауға бірнеше зерттеу тақырыбын ұсынады, кейде тақырып таңдау еркіндігін студенттің өзіне қалдырады. Кейбір оқытушылар жазбаша жұмыстың көлемін, құрылымын, стилін өзі анықтап береді, кейбірі бұлай жасамайды. Қалай болғанда да, берілген тапсырманы түсінгеніңізге әбден көзіңізді жеткізіңіз. Тапсырманы орындау туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса, оқытушыдан түсіндіруін өтініңіз. Сізден не талап етілетінін білгеннен кейін зерттеуіңіздің басты мәселесін анықтап алыңыз.



Бекіту сұрақтары:

1. Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде не жазу керек?

2. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде не жазу керек?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Зерттеу жазған кезде жиі орын алатын қателер.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Зерттеу жазған кезде жиі орын алатын қателер

2. Қатемен жұмыс

Дәріс тезисі:

Зерттеу мәселесін басқа біреу (оқытушы немесе ғылыми жетекші) анықтап береді деп күтудің қажеті жоқ. Бұл – таза авторлық, тек қана сіздің жеке басыңыздың міндеті. Осы айтылғандар, әсіресе, әлеуметтік ғылымдар үшін өте маңызды, өйткені сіздің азаматтық және құндылық ұстанымдарыңыз тақырып таңдау кезінде маңызды рөл атқарады, сондықтан неліктен осы мәселені (жұмыссыздық, жас отбасылар) таңдап отырғаныңызды, ең бірінші, өзіңізге түсіндіргеніңіз дұрыс. Сіз өзіңіз жас отбасысыз немесе жұмыссызсыз ба немесе болашақта осы мәселемен кездесемін деп қорқасыз ба? Туыстарыңыз бен достарыңыз арасында осы мәселе бар болғандықтан, оны талдағыңыз келе ме? Ең бастысы, неліктен бұл мәселе басқалар үшін қызықты болуы мүмкін? Осы сұрақтарға жауап іздеу керек. Зерттеу мәселесі дегеніміз – қандай да бір оқиға немесе құбылыс турасындағы біздің біліміміздің ол жайлы басқа білімдерге, күнделікті, қарапайым, ақылға қонымды түсініктерге сәйкессіздігі. Бұл – қандай да бір парадокс, керек десеңіз, шешуге ұсынылатын жұмбақ, түсіністіктердегі қарама-қайшылық, мән-мағыналар мен түсіндірулердің сәйкес келмеуі. Осы айтылғандар зерттеуші оңай өтіп кетуге немесе айналып өтуге болмайтын кедергілерге кездескен кезде пайда болады. Мәселені шешу үшін белгілі мақсатты әрекеттер жасау, басқа жол іздеу, кедергілерді жою, жоғары немесе төмен, оңға немесе солға жүру қажет болады. Сіз шағын болғанымен, қандай да бір мәселенің ғылыми шешімін ұсынбақшысыз, осы мәселені шешу турасындағы өз тәжірибеңізді көрсеткіңіз келеді. Алдымен, бұл мәселені анықтап, оның табиғатын түсіну қажет. Зерттеу мәселесін анықтап алғаннан кейін идея туындайды. Идея қандай да бір белгілі тұжырымға алып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет