1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет3/18
Дата14.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#127034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ СИЛЛАБУС
04.03-302.
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

Тақырыбы: Ғылым дегеніміз не?

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Академиялық жазудың мақсат-міндеті

2. Ғылымның түрлері

Дәріс тезисі:

Акажемиялық жазу пәнінің міндеті – білім алушылардың оқу және ғылыми-танымдық қызметінің белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға үйрету, материалды сараптау, белгілі шешімге келу қабілеттерін дамыту. Курста берілген тапсырмаларды орындау үш басты кезеңнен тұрады. Олар: жоспарлау, жазу және тексеру. Олай болса, бірінші, не жазамын, неге дайындаламын, жұмыстың құрылымы қандай болады деген сұрақтарға жауап іздеңіз. Кейін тапсырманы орындаңыз. Орындаған жұмысыңызды тексеріңіз, қателеріңізді жөндеңіз.



Бекіту сұрақтары:

1. Ғылым дегеніміз не?

2. Академиялық жазудың мақсаты мен міндеттері дегеніміз не?

3. Ғылым түрлерін атаңыз?



Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Ғылыми мәтіндер.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Ғылыми-теориялық мәтін

2. Ғылыми-әдістемелік мәтін

Дәріс тезисі:

Бірінші кезең (жоспарлау) ғылыми жоба тақырыбын зерттеуден және жұмысты жазбаша жоспарлаудан тұрады. Зерттеу. Берілген тақырып бойынша материал жинақтаңыз. Практикалық сабақтың материалдарын қараңыз, оқулықтардан, кітаптардан, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеңіз, осы мәселе бойынша өз пікіріңізді құрастырыңыз. Ақпаратты жинау кезінде қысқаша жазбалар жасап отырыңыз, конспект жазыңыз. Басқа автордың пікірін беру кезінде оған сілтеме жасауды ұмытпаңыз. Жоспарлау. Жұмыстың құрылымын ойластырыңыз: кіріспесі, негізгі мазмұны, қорытындысы. Мазмұнын жоспарлау кезінде таза парақтың ортасына басты сөзді жазып, жан-жағына осы сөзбен байланысатын сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз. Осы сөздер мен сөз тіркестерінен тақырыпты ашуға көмектесетін басты идеяларды алып, жоспар құрыңыз. Екінші кезең (жазу). Тапсырманы жазбаша орындау кезінде мазмұнның логикалығы туралы ойлаңыз, өз ойыңызды барынша анық, түсінікті құруға тырысыңыз. Ақпараттың қайталануына, тақырыпқа қатысы жоқ мәліметтерді бермеуге тырысыңыз. Ұзақ, күрделі сөйлемдерді аз қолданыңыз. Тақырып бойынша қойылған сұраққа нақты жауап беруге ұмтылыңыз. Өзіңіздің ой-пікірлеріңіз, шешімдеріңіз нақты, бірақ тым қысқа болмауы тиіс (бір ғана сөйлемнен тұратын өз пікіріңіз жақсы әсер қалдырмайды). Үшінші кезең (тексеру). Мазмұнның логикалығын тексеріңіз. Артық ақпаратты алып тастап, мәтінді маңызды идеялармен толықтырыңыз. Лексикасын тексеріңіз. Қайталап қолданылған сөздерді синонимдермен ауыстырыңыз. Грамматикасын, тыныс белгілерін тексеріңіз, қателерді жөндеңіз.



Бекіту сұрақтары:

1. Ғылыми мәтін дегеніміз не?

2. Ғылыми мәтін түрлерін атаңыз?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет